Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл мерекелік шараны тіл мамандары ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатқан жүрекжарды өлеңдер оқып, әсем әндер орындады. Сонымен қатар халық даналығын дәріптеп, тағылымды мақал-мәтелдер айтып, тілдің қадір-қасиетін ұғындырды.
Ұлттық өнеріміз де ерекше насихатталып, домбыраның күмбірлі үнімен сырлы күйлер орындалды. Бұл жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді оятумен қатар, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген сүйіспеншілікті арттырды.
Мерекелік шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ана тілінің қадір-қасиетін сезіндіру, өзге ұлт тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Осындай тағылымды іс-шаралар еліміздегі достық пен татулықты нығайтып, көпұлтты Қазақстанның бірлігін дәріптеуге зор үлес қосары анық.https://www.facebook.com/share/v/1FM1MQnSip/?mibextid=K35XfP