Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Демалыста оқыған бір кітабым» тақырыбында оқырман сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға 5–9-сынып оқушылары қатысып, жазғы демалыс кезінде оқыған қызықты кітаптарымен бөлісті.
Мақсаты:
– Оқушылардың жазғы демалыс уақытында кітап оқу мәдениетін дамыту
– Оқыған кітаптары туралы ой бөлісуге мүмкіндік беру
– Өз ойын еркін жеткізуге, кітаппен достасуға баулу
Оқушылар өздері оқыған көркем әдебиеттер туралы қысқаша мазмұнын айтып, басты кейіпкерлерін сипаттап, шығармадан өзіне қандай ой түйгендерін ортаға салды.
Балалар арасында М.Әуезовтің «Көксерек», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», Т.Молдағалиевтің өлеңдері талқыланды.
Оқушылар өздерінің жаз мезгілінде бос уақытын тиімді өткізгенін көрсетіп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Бұл кездесу оқырман мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етті. https://www.facebook.com/share/p/19t3c23eRR/
Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында 2 "Ә" сынып оқушыларымен ертегі оқу сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылар ертегі шығармаларды оқи отырып, кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамыту. Оқушыларға кітапханашы А.Н. Өктембай «Әжемнің ертегілері», жинағы, «Қазақ ертегілері», «Алдар Көсе» хикаялары «Өнегелі ертегілер» желісі кітаптары таныстырылды. "Төрт дос" ертегісін айтып берді.
Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бағдарламасы аясында «Сүйікті кітабым» іс-шарасы негізінде оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып 2- А сынып оқушысы Махамматова Алия отбасымен кітап оқыды.
Мақсаты: Отбасылық кітап оқу дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал ету, оқырманның көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Ата-аналар балаларымен бірге кітап оқығанда, бұл оларды жақындастырады.
Отбасылық кітап оқу дәстүрі отбасылық тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Ата-аналар отбасылық кітап оқу арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға көмектеседі. Бірлескен кітап рухани қарым-қатынастың қуанышты сәттерімен толтырады.
Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінде14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай, сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Шын жүректен кітап сыйла» акциясына 5 «А» сынып оқушылары 46 кітапты сыйға тартты. «Артық білім кітапта» демекші, болашақ ұрпағымыз білімді, рухани бай болуы үшін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға шақыру мақсатымен өткен акцияға сыныбымыздың оқушылары белсене ат салысты. Біз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз! https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1677897739601981/?rdid=EYLup9WKmiOoKb5o&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1KcwXbuZEu%2F#
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылып жатқан "Шын жүректен кітап сыйла" акциясына қатысты. 4"ә" сынып оқушысы Боранбай Адия Қанатқызы "Менің атым -Қожа" повестін оқу үшін 5"ә" сынып оқушыларына кітап сыйлады.
Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында 5-8 сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Өзің оқы да, досына сыйла" атты іс-шара ұйымдастырылды Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті-кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру; балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында балалардың назарына ертегі кітаптар, сөйлейтін кітаптар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Балалар кітапханашының еліміздің тарихы, ұлы тұлғалары және балаларға арналған әдебиеттер туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар алды. Кітапханашы балаларға келушілердің тіркелу орнын, кітапханаға оқырман құжатын көрсетіп қана өтуге болатынын ұғындырды. Оқушыларға кітапхананың оқу залдарында өздерін қалай ұстау, кітапты қалай пайдалану қажет екеніндігі айтылды. https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1676230366435385/?rdid=P4RFiaVxRoQH5CjY&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F1BACzWdG91%2F#
Шу ауданы, білім бөлімі.Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп"жоба аясында өскелең ұрпақты көркем әдебиетті оқуға баулу,кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру,оқу белсенділігін дамыту мақсатында әдеби кітаптарды оқу бойынша байқау ұйымдастырылған. Байқау 10 ақпан күні өткізілді.
Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы мен мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туған күніне орай "Жырлайды жүрек" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға кітап көрмесі жасалынып, М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар беріліп, өлеңдерін мәнерлеп оқып жатқа айтты. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлде 4 "ә" сынып оқушысы Боранбай Адия, I орын 4 "ә" сынып оқушысы Қалығұл Інжу, 3 "ә" сынып оқушысы Рыстай Інжу, 2 "ә" сынып оқушысы Хаким Айзере, II орын 4 "ә" сынып оқушысы Асанбек Арайлым, 2 "ә" сынып оқушысы Батырхан Аиша, III орын 4 "ә" сынып оқушысы Бисмах Інжу, 2 "ә" сынып оқушысы Қалығұл Бану жүлделі орындармен марапатталды. https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1671766583548430/?rdid=jmzKqyBWlzVphj7k&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15eBjyR4Gg%2F#
Шу ауданы білім бөлімі Әл - Фараби атындағы орта мектебінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай " Тәуелсіздікті жақындатқан тарихи тұлғалар" тақырыбында, мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектеп оқушылары келіп, көріп мағұлматтар берілді.