Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 283-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мазмұны алып тасталды – ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Кодекс неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) азаматтық хал актілері – адамды дараландыратын және оның құқықтары мен міндеттерінің туындауымен, болуымен және тоқтатылуымен байланысты болатын заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
2-1) азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізуге, азаматтық хал актілерінің күшін жоюға және оларды қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ жеке тұлғалардың дербес деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
3) аккредиттеу – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;
4) алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат;
5) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);
6) ата-анасы бас тартқан бала (ата-анасы бас тартқан балалар) – тиісті заңды құжаттарды ресімдеу жолымен оны одан әрі тәрбиелеуден, оқытудан, материалдық қамтамасыз етуден ата-аналары (ата-анасы) бас тартқан бала;
7) әке болуды анықтау - баланың анасымен некеге тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) адамның балаға қатысты әке болуын тіркеуші органның анықтауы не сот тәртібімен анықтау;
8) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
9) бала асырап алу - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны;
10) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар;
10-1) бала қонақтайтын отбасы – барлық үлгідегі ұйымдардағы (білім беру, медициналық және басқалар), жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) тәрбиелеуге уақытша қабылдаған отбасы;
11) балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;
11-1) баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;
12) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;
13) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
14) жалған неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке (ерлі-зайыптылық);
15) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект.
Жеке басты куәландыратын құжаттарға "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттар жатады;
16) жекжаттық – ерлі-зайыптылардың бірінің екінші жұбайының жақын туыстарына қатысы;
17) жетім бала (балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);
17-1) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым – осы Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесуді өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;
17-2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтер қамтылатын дерекқор;
17-3) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
18) Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
19) қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
20) алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
21) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
22) қорғаншы немесе қамқоршы - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;
23) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар - азаматтардың репродуктивтік қызметiн түзеуге бағытталған диагностика, емдеу және оңалту жөнiндегi медициналық іс-шаралар кешенi;
24) материалдық жағдай – жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүлкінің болуы; отбасының басқа да мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;
24-1) мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
25) мүліктің шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың неке шартымен белгіленген меншік режимі;
26) неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ;
27) неке (ерлі-зайыптылық) жасы – осы Кодексте белгіленген, адамның некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) құқығына жеткендегі жасы;
28) некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ана - бала (балалар) туған, бірақ тіркеуші органдарда тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) әйел;
29) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
29-1) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі "111" байланыс орталығы (бұдан әрі – "111" байланыс орталығы) – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
30) отбасылық жағдай – некеде (ерлі-зайыпты) болу не болмау немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жесірлік, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;
30-1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала (балалар) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);
31) патронат – жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны;
32) репродуктивтік денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;
33) суррогат ана – суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел;
34) суррогат ана болу – сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу;
35) суррогат ана болу шарты - некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және балалы болғысы келетiн адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келiсiмiн берген әйел арасындағы нотариатта куәландырылған жазбаша келiсiм;
36) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.29 № 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері
1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;
2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;
5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;
6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;
8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау;
9) неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету;
10) балаларды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында адамгершілік және рухани жағынан тәрбиелеуді қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.
Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.
Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және бұл тек конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада шектелуi мүмкiн.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1) отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;
2) некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді;
5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың функцияларын айқындайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
5-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына қолдану
1. Осы Кодекстің 3-бабында аталған, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады, өйткені бұл неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарының мәніне қайшы келмейді.
2. Осы Кодекстің 3-бабында көзделген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе тараптардың келісімімен тікелей реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін (заң ұқсастығы) Қазақстан Республикасының неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңнамасының нормалары қолданылады. Аталған жағдайларда заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаған кезде, неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының неке-отбасы немесе азаматтық заңнамасының жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып, сондай-ақ заңның уақытқа, кеңістікке және адамдар тобы бойынша қолданылу қағидаттары сақтала отырып, айқындалады.
5-1-бап. Отбасын қолдау орталықтары
2. Отбасын қолдау орталықтары мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдаумен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;
5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
6) мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингтеу және талдау;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды іске асыру.
Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды– ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. НЕКЕ-ОТБАСЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ-ОТБАСЫ) ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
6-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын өздеріне тиесілі құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша пайдаланады.
Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарының жүзеге асырылуы мен міндеттердің орындалуы отбасының басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.
7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау
Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
8-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы)қатынастарында талап арыздың ескіруін қолдану
2-БӨЛІМ. НЕКЕ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ) 3-тарау. НЕКЕ ҚИЮДЫҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫҢ) ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары
2. Осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде неке қиылмайды (ерлі-зайыпты болмайды).
10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы
1) жүкті болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.
11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар
Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):
1) бір жынысты адамдардың;
2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың;
3) жақын туыстардың;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;
5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
12-бап. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын)адамдарды медициналық зерттеп-қарау
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) басқа адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше жағдайлар болып табылады.
13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі
Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісіле отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.
Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) ТОҚТАТУ
14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату
Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.
Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.
15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің(ерлі-зайыптылықтың)тоқтатылуы
16-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу
17-бап. Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса;
4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.
18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылар арасында туындайтын дауларды қарау
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен қаралады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу
1) осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
20-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу
Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім тағайындалып, істің қаралуы кейінге қалдырылған жағдайда, сот ерлі-зайыптылардың бірінің талап-арызы бойынша осы Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді шешеді.
Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.
21-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) өзге де негіздер бойынша сот тәртібімен бұзу
22-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер
1) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұратындығын айқындауға;
2) ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде балаларды күтіп бағуға алименттер төлейтінін айқындауға;
3) кәмелетке толмаған балалардың және (немесе) ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуге;
4) жұбайынан ақша қаражатын алуға құқығы бар екінші жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға;
5) ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау тәртібін анықтауға міндетті.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда оның тоқтатылу кезі
Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.
Ерлі-зайыптылар соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан некеге отыруға (тіркелуге) (ерлі-зайыпты болуға) құқылы.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың салдары
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың өздерінің неке-отбасылық (ерлі-зайыптылық-отбасылық) қатынастарынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.
5-тарау. НЕКЕНІҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫҢ) ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану
1. Осы Кодекстің 9-11-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды.
26-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар
1) егер неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен неке қиылса (ерлі-зайыпты болса), кәмелетке толмаған жұбайы, оның заңды өкілдері немесе прокурор;
2) неке қиюмен (ерлі-зайыпты болумен) құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ, егер мәжбүр ету, алдау, қателесу нәтижесінде немесе неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде өз іс-әрекеттерінің мәнін түсінбеген және өзін-өзі билей алмаған жай-күйінің салдарынан ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса (ерлі-зайыпты болса), прокурор;
3) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбайы, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, алдындағы бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық) бойынша жұбайы;
4) прокурор, сондай-ақ жалған неке қию (ерлі-зайыпты болу) жағдайында, некенің (ерлі-зайыптылықтың) жалғандығы туралы білмеген жұбайы;
5) осы Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар болған кезде құқығы бұзылған жұбайы құқылы.
27-бап. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығын жоятын мән-жайлар
28-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп танудың салдары
4. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы шешім шығарылған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылған мән-жайлар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде өзіне белгілі болмаған жұбайдың (адал ниетті жұбайдың) екінші жұбайдан осы Кодекстің 148 және 149-баптарына сәйкес қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты осы Кодекстің 33, 37 және 38-баптарында белгіленген ережелерді қолдануға, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.
Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес екінші жұбайдан өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
6-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
29-бап. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
30-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
31-бап. Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.
7-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ §1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі
32-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы
33-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
34-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету
Аталған мәмiлені жасасуға нотариатта куәландырылған келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
35-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi;
3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
36-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкін олардың бірлескен ортақ меншігі деп тану
Егер некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкi не олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады.
37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.
Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
38-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді айқындау
§2. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі
39-бап. Неке шарты
40-бап. Неке шартын жасасу
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тіркелгенге дейiн жасалған неке шарты неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
41-бап. Неке шартының мазмұны
Неке шарты ерлi-зайыптылардың қолда бар мүлкiне қатысты да, болашақтағы мүлкіне де қатысты жасалуы мүмкiн.
Неке шартында ерлi-зайыптылар өзара күтiп-бағу жөнiндегi өз құқықтары мен мiндеттерiн, бiр-бiрiнiң табыстарына қатысу тәсілдерін, өздерінің әрқайсысының отбасылық шығыстар шығару тәртiбiн айқындауға; неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлетiн мүлiктi айқындауға, сондай-ақ неке шартына ерлi-зайыптылардың мүлiктiк қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi, сондай-ақ осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік жағдайын енгізуге құқылы.
42-бап. Неке шартын өзгерту және бұзу
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, неке шартын орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiлмейдi.
43-бап. Неке шартын жарамсыз деп тану
2. Егер шарттың талаптары ерлi-зайыптылардың бiреуiн өте қолайсыз жағдайда қалдырса немесе осы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтарын бұзса, сот ерлi-зайыптылардың осы бiреуiнiң талап етуi бойынша неке шартын толық немесе iшiнара жарамсыз деп тануы да мүмкiн. Осы Кодекстің 41-бабы 3-тармағының талаптарын бұзатын неке шартының талаптары жарамсыз деп танылады.
§3. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі
44-бап. Ерлі-зайыптылардың мүлкінен өндіріп алу
Егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат есебiнен сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса, тиiсiнше ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе оның бiр бөлiгi өндіріп алынады.
45-бап. Неке шартын жасасу, өзгерту және бұзу кезіндегі кредит берушілердің құқықтарына кепілдік
Борышкер жұбайдың кредит берушiсi (кредит берушiлерi) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына сәйкес, өзгерген мән-жайларға байланысты ерлi-зайыптылар арасында жасалған неке шартының талаптарын өзгертудi немесе оны бұзуды талап етуге құқылы.
3-БӨЛІМ. ОТБАСЫ 8-тарау. БАЛАНЫҢ ТУУ ТЕГІН АНЫҚТАУ
46-бап. Ата-аналардың және баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы үшін негіздер
47-бап. Баланың туу тегін анықтау
Бала медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда, оның туу тегін туу фактісін растайтын медициналық құжаттардың негізінде тіркеуші орган анықтайды, ал олар болмаған жағдайда, баланың туу тегінің фактісі сот тәртібімен анықталады.
Бала суррогат анадан туған жағдайда баланың туу тегі суррогат ана болу жөнінде жасалған шарт негізінде куәландырылады.
4. Егер баланың анасы өзінің жұбайы не бұрынғы жұбайы баланың әкесі емес деп мәлімдесе, баланың әкесі баланың өз анасының және әкесінің не жұбайының, бұрынғы жұбайының бұл туралы жазбаша өтініші болған кезде, осы баптың 5-тармағында немесе осы Кодекстің 48-бабында көзделген қағидалар бойынша анықталады. Мұндай өтініш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.
Егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса, баланың анасы одан:
қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн ішінде;
қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған кезде – босануға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн ішінде;
баланың анасы ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұратын жағдайда, қалыпты босанған кезде – босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн iшiнде (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда – күнтізбелік тоқсан үш күн iшiнде ) оны күтіп-бағу бойынша шығыстарға тиiстi ақша қаражатын сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
Ақша қаражатының мөлшерi және төлемдердің кезеңділігі тараптардың материалдық және отбасылық жағдайы мен назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, ақша қаражаты төленетін кезге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiшке еселенген арақатынаспен айқындалады.
Өзге жағдайларда әкесі туралы мәліметтерді алып тастау бала туған кезде некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша осы Кодекстің 183-бабына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
48-бап. Әке болуды сот тәртібімен анықтау
Бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-аналарының бiрлескен өтініші немесе баланың әкесiнiң өтініші болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегi (әкесі) ата-аналарының бiреуiнiң, бала қорғаншысының немесе қамқоршысының өтініші бойынша немесе баланы асырап отырған адамның өтініші бойынша, сондай-ақ бала кәмелетке толған соң оның өз өтініші бойынша сот тәртiбiмен анықталады. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегiн дәйекті түрде растайтын айғақтарды назарға алады.
49-бап. Соттың әке болуды тану фактісін анықтауы
Өзiн баланың әкесiмiн деп мойындаған, бiрақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты емес) адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенiн тану фактiсi Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот тәртiбiмен анықталуы мүмкiн.
Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әке болуды тану фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешім заңды күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тіркеуші органға электрондық түрде жіберуге міндетті.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
50-бап. Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына жазу
Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына жазу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.
51-бап. Әке (ана) болуды даулау
Егер баланың тууы туралы акті жазбасында баланың анасының жұбайы немесе бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып көрсетілсе, сот туу туралы актілер жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы мәселені шешкенге дейін тіркеуші орган әке болуды анықтау туралы өзгерістер енгізуден жазбаша түрде бас тартуға тиіс.
Басқа әйелге эмбрионды ауыстырып салуға келiсiм берген адамдардың, сондай-ақ суррогат ананың ана және әке болуды даулау кезiнде осы мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
52-бап. Бір-бірімен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес)адамдардан туған баланың құқықтары мен міндеттері
Осы Кодекстің 47-49-баптарында көзделген тәртiппен әке болуы анықталған жағдайда, баланың бiр-бiрiмен некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардан туған бала сияқты, ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты сондай құқықтары мен мiндеттерi болады.
53-бап. Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия
Асырап алынған бала туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде ұсынылады.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-тарау. СУРРОГАТ АНА БОЛУ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ РЕПРОДУКТИВТІК ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
54-бап. Суррогат ана болу шарты
55-бап. Суррогат ана болу шартының мазмұны
Суррогат ана болу шартында:
1) ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) және суррогат ананың деректері;
2) суррогат ананың күтіміне арналған материалдық шығыстарды төлеу тәртібі және шарттары;
3) тараптардың шарт талаптары орындалмаған кездегі құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
4) 57-баптың 1-тармағында көзделген өтемақының мөлшері және оны төлеу тәртібі;
5) өзге де, оның ішінде төтенше оқиға жағдайлары қамтылуға тиіс.
56-бап. Суррогат анаға қойылатын талаптар
Қорытындының бір данасы нотариатта куәландырылған суррогат ана болу шартына қоса беріледі және мәміленің жасалған жері бойынша сақталады.
57-бап. Суррогат ана болу шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
1) суррогат ананың медициналық зерттеп-қараудан өтуімен байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
2) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылуына байланысты материалдық шығыстарды көтеруге;
3) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйымға тән саулығы, психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық зерттеп-қараудың нәтижелерін ұсынуға;
4) суррогат ананың жүктілігі, босануы кезеңінде және босанғаннан кейін елу алты күн ішінде медициналық қызмет көрсету бойынша шығыстарды төлеуге, ал жүктілікпен және босанумен байланысты асқыну болған жағдайда, жетпіс күн ішінде шығыстарды төлеуге міндетті.
2. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде суррогат ана 56-баптың талаптарына сәйкес:
1) тапсырыс берушілерге өзінің тән саулығы, психикалық және репродуктивтік денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға;
2) дәрігердің үнемі бақылауында болуға және оның ұсынымдары мен тағайындаған емдерін қатаң сақтауға;
3) өзімен шарт жасасқан адамдарды суррогат ана болу шартында ескерілген кезеңділігімен жүктіліктің барысы туралы хабардар етуге;
4) туған баланы өзімен суррогат ана болу шартын жасасқан адамдарға беруге міндетті.
3. Суррогат ана баланы өзге адамдарға беруге құқылы емес.
58-бап. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану
3. Бала қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туған жағдайда, бұл баланың ата-аналары туралы мәліметтер осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылады.
59-бап. Суррогат ана болу шартының немесе қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданудың құқықтық салдары
Мұндай әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде не суррогат ана болу шартына сәйкес екі және одан да көп бала туған жағдайда ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) әрбір туған бала үшін тең жауаптылықта болады.
Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолдануға өз келісімін берген не суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан жағдайда, суррогат анадан материалдық шығыстарды өтеуді талап етуге құқылы емес.
Суррогат анамен шарт жасасқан ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан жағдайда, ана болу құқығы өз қалауы бойынша суррогат анада қалатын болады, ал ол бас тартқан жағдайда, бала мемлекет қамқорлығына беріледі.
Ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) баладан бас тартқан кезде және баланы суррогат ана қабылдап алған кезде бұл адамдар суррогат анаға шартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтемақы төлеуге міндетті.
Қорғаншылық нысанында баланың суррогат анаға не мемлекеттік ұйымдарға берілуі оның суррогат ана болу шарты бойынша ерлі-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) мұрагері ретіндегі құқықтарын тоқтатпайды.
10-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
60-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар.
Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы Кодекстің 13, 15 және 18-тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.
61-бап. Баланың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен араласу құқығы
Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен араласуға құқығы бар. Сондай-ақ, ата-аналары әртүрлi мемлекеттерде тұрған жағдайда, баланың олармен араласуға құқығы бар.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
62-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы
Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады.
Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді.
63-бап. Баланың атын, әкесінің атын және тегін алуға құқығы
Бөлек не дефис арқылы жазылған жағдайда қосарланған ат беруге рұқсат етіледі, бірақ ол екі аттан аспауға тиіс.
Әкесінің қосарланған аты болған жағдайда, әкесінің қосарланған аты бойынша, олардың біреуі бойынша не әкесінің екі аты бірге жазылып балаға әкесінің атын беруге жол беріледі.
Әкесі атын өзгерткен кезде - оның кәмелетке толмаған баласының, ал кәмелетке толған бала бұл туралы өтініш берген кезде, оның әкесінің аты өзгереді.
Ата-аналарының қалауы бойынша баланың тегi ұлттық дәстүрлер ескерiле отырып, әкесi сияқты, анасы тарапынан да әкесінің немесе атасының аты берілуі мүмкін.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64-бап. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту
Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді.
Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
65-бап. Баланың ұлты
66-бап. Баланың мүліктік құқықтары
1. Баланың өзi ата-аналарынан және отбасының басқа да мүшелерiнен осы Кодекстің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде күтіп-бағу қаражатын алуға құқығы бар.
2-1. Балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді нысаналы пайдалану және оларға өндіріп алуды қолдану мүмкіндігін болғызбау үшін алименттерді алушының немесе оның өкілінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен алименттерді есепке жатқызу үшін банктік шот ашылады.
Өз еңбегiнен табыс алатын бала, егер ол ата-аналарымен бiрге тұрса, отбасын күтіп-бағу жөнiндегi шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен айқындалады.
Ата-аналар баланың мүлкiн басқару жөнiндегi құқықтылықты жүзеге асыру кезiнде оларға осы Кодекстің 128-бабында белгiленген қағидалар қолданылады.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
67-бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау құқығы
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ішкі істер органдары және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсінше орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгінуге құқылы.
67-1-бап. "111" байланыс орталығы
1) "111" байланыс орталығының қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
2) "111" байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 10-тарау 67-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-тарау. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
68-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі
69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету, заңға мойынсынушылық мінез-құлықты қалыптастыру үшін жауаптылықта болады.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
71-1-бап. Көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер
Көпбалалы отбасыларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер беріледі.
Ескерту. 11-тарау 71-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.
73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы
Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы
Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
12-тарау. АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫНАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕКТЕУ
75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
5) құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға және (немесе) сол тектестерге салынса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініштері, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады.
77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші ата-анасының келісімімен жол беріледі.
78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келiсiмiмен ғана қалпына келтiрілуі мүмкiн.
Егер бала асырап алынса және асырап алудың күшi жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
79-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
Ата-аналары немесе олардың біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған немесе шектелген баланы баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган орналастырады.
1) ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар (психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауруы, ауыр мән-жайларға душар болуы) бойынша;
2) ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап-арыз беруге міндетті.
Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
80-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары
1. Сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналар баланы жеке өзi тәрбиелеу құқығынан айрылады, ал осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақы алу құқығынан да айрылады.
81-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу салдарының күшін жою
1. Егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негiздер жойылса, сот ата-аналардың талабы бойынша баланы ата-аналарына қайтарып беру туралы және осы Кодекстің 80-бабында көзделген шектеулер салдарының күшiн жою туралы шешiм шығарады.
82-бап. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган сот шешімі қабылданғанға дейін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде баланы дереу айырып алады.
83-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша сот шешімдерін орындау
13-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУ
84-бап. Асырап алуға жол берілетін балалар
Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.
1) қайтыс болған;
2) баладан бас тартқан;
3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;
4) туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім берген;
5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;
6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.
Баланы туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алмаған жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Республикалық деректер банкінде орталықтандырылған есепте тұрған балалар шетелдіктерге асырап алуға берілуі мүмкін.
Шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кезде сот азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан баланың туыстарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының осы баланы бірінші кезекте асырап алу құқығын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының іске асырғанын анықтауға міндетті.
Ескерту. 84-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
85-бап. Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Кодекске сәйкес өтеусіз негізде психологиялық даярлық алуға құқығы бар.
Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
86-бап. Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері
Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар.
Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті.
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары - жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.
Жекелеген жағдайларда, есептерді ұсыну кезеңділігі бала асырап алушылардың отбасында қалыптасқан нақты ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар есептерді бала асырап алушы және бала тұрып жатқан елде орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы ұсынады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар осы тармақта көзделген тәртіппен есептер ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасында бала асырап алу кезінде олардың мүдделерін білдірген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметі осы Кодекстің 112-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуға жатады.
Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.03.2014 № 180-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
87-бап. Бала асырап алу тәртібі
Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
88-бап. Бала асырап алушылардың құқықтары мен міндеттерінің басталу кезі
Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.
Баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сот осы шешімнің үзінді көшірмесін бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органға және шешім шығарылған жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге міндетті.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
90-бап. Бірнеше бала асырап алу
Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлiлердің (қарындасының) арасындағы сияқты құқықтар мен мiндеттер туындайды.
91-бап. Бала асырап алушы болуға құқығы бар адамдар
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды;
3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi;
7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;
8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында аталған адамдарды;
10) азаматтығы жоқ адамдарды;
Ескертпе! ҚР Конституциялық Соты 91-баптың 2-тармағы 11) тармақшасының конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;
12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
92-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас айырмасы
Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
93-бап. Бала асырап алуға заңды өкілдердің келісімі
Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда, - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.
Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.
Ата-анасының екеуі не некеде (ерлі-зайыптылы) тұрмаған анасы бас тарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімдеместен, медициналық ұйымда туған баладан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ үш жастан аспаған тастанды (ата-анасы бас тартқан) бала табылған кезде, ол қалдырылғаннан немесе табылғаннан кейін үш ай өткен соң сот баланың мүддесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуы туралы істі қарауға құқылы.
Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
94-бап. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу
Егер ата-аналар:
1) белгiсiз болған немесе сот оларды қайтыс болған деп жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;
2) сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныған;
3) сот оларды ата-ана құқықтарынан айырған;
4) баламен бiрге тұрмаған және сот дәлелсiз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.
Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы жазбаша өтініші болған кезде сот ата-аналардың баланы асырап алуға келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге құқылы емес.
95-бап. Баланың асырап алуға келісімі
Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет.
Баланың асырап алуға келісімін ата-аналарының не баланың басқа да заңды өкілдерінің, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.
96-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуға келісімі
97-бап. Асырап алынған баланың аты, әкесінің аты және тегі
2. Егер бұл баланың мүдделерiне қайшы келмесе, асырап алынған балаға бала асырап алушының өтiнiшi бойынша бала асырап алушының тегi, сондай-ақ ол көрсеткен аты берiледi. Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың әкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) әйел асырап алған кезде, ол асырап алынған баланың әкесi ретiнде көрсеткен адамның аты бойынша осы Кодекстің 192-бабына сәйкес айқындалады.
Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi әртүрлi болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойынша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi.
Бала асырап алушының өтініші бойынша әкесінің (анасының) көрсетілген тегі бала асырап алушының тегі бойынша беріледі.
Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына бала және бала асырап алушылар туралы мәліметтер сот шешімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес енгізіледі.
Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
97-1-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуы
Ескерту. 13-тарау 97-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
98-бап. Асырап алынған баланың туған күнi, айы, жылы мен туған жерінің өзгертілуі
Үш жасқа дейiнгi баланы асырап алған кезде ғана асырап алынған баланың туған күнiн, айын, жылын өзгертуге жол берiледi.
Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана жүргізіледі және баланың жасына қарамастан асырап алушының қалауы бойынша жол беріледі.
Асырап алынған баланың дербес деректері өзгерген кезде, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен жеке сәйкестендіру нөмірін шартты түрде алып тастай отырып, тууды мемлекеттік тіркеу туралы жаңа акт жазбасын тіркеу жүргізіледі.
Ескерту. 98-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
99-бап. Бала асырап алушыларды асырауға алынған баланың ата-аналары ретінде жазу
100-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары
101-бап. Асырап алынған баланың жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығының сақталуы
Өзі асырап алынған кезге қарай ата-аналарының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарына, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығы бар бала осы құқықты асырап алынған кезде де сақтайды.
Ескерту. 101-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
102-бап. Бала асырап алу құпиясы
Ескерту. 102-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
103-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану
1) бала асырап алу туралы сот шешiмі жалған құжаттар негiзiнде қабылданған;
2) осы Кодекстің 93-бабында аталған адамдардың келісімінсіз бала асырап алынған;
3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) адам басқа жұбайының жазбаша келiсiмiнсiз бала асырап алған;
4) осы Кодекстің 91-бабының 2-тармағында көзделген ережелер бұзылған жағдайларда жарамсыз деп танылады.
104-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар
Асырап алынған баланың ата-аналары, бала асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы.
105-бап. Бала асырап алуды жарамсыз деп танудың салдары
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
106-бап. Бала асырап алудың күшін жою негіздері
1) өзіне жүктелген ата-аналар міндеттерін атқарудан жалтарған;
2) ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған;
3) асырап алынған балаға қатігездік көрсеткен;
4) асырап алынған балаға күш қолданған немесе психикалық зорлық жасаған;
5) асырап алынған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаған;
6) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бала құқықтарын бұзған жағдайда бала асырап алудың күші жойылады.
Ескерту. 106-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
107-бап. Бала асырап алудың күшін жою
Бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күн iшiнде сот осы шешiмнiң үзінді көшірмесін тууды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша тіркеуші органға және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға жiберуге мiндеттi.
Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
107-1-бап. Баланы қайта асырап алу
Сот бала асырап алу туралы шешімнің күшін жойғаннан кейін ғана баланы қайта асырап алу мүмкін болады.
Ескерту. 13-тарау 107-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
108-бап. Бала асырап алудың күшін жоюды талап етуге құқығы бар адамдар
Баланың ата-аналарының, бала асырап алушылардың, бала асырап алушының жұбайының, он төрт жасқа толған асырап алынған баланың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың баланың мүддесінде бала асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар.
109-бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары
Он жасқа толған баланың аты, әкесiнiң аты немесе тегi оның келiсiмiмен ғана өзгертілуі мүмкiн.
4. Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Кодекстің 139 және 141-баптарында белгiленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге мiндеттеуге құқылы.
110-бап. Асырап алынған бала кәмелетке толған соң бала асырап алудың күшін жоюға жол бермеу
Бала асырап алудың күшiн жоюға бала асырап алушы мен асырап алынған баланың, сондай-ақ егер ата-ана құқықтарынан айырылмаған не олар шектелмеген немесе сот әрекетке қабiлетсiз деп танымаған асырап алынған баланың ата-аналары тiрi болса, олардың өзара келiсiмi болған жағдайларды қоспағанда, егер бала асырап алудың күшiн жою туралы талап қойылған кезде асырап алынған бала кәмелетке толса, бала асырап алудың күшiн жоюға жол берiлмейдi.
14-тарау. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу
Ескерту. 14-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
111-бап. Жалпы ережелер
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жұмыскерлері, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын қоса алғанда, сондай-ақ адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметкерлері бола алмайды.
Ескерту. 111-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
112-бап. Агенттіктерді аккредиттеуді жүргізу тәртібі
1) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
2) оның тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын, агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген құжаттың көшірмесін;
3) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хатын;
4) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін;
5) асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі міндеттемені;
6) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесін;
7) агенттіктің сенім білдірген адамға берген нотариатта куәландырылған сенімхатты;
8) агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының міндеттемесін;
9) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болу, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесін;
10) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының агенттіктің құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттемесін қоса бере отырып, өтініш беруге міндетті.
Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында санамаланған құжаттар олар берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды болады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қажет болған жағдайда осы құжаттардың түпнұсқа даналарын қосымша сұратуға құқылы.
Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен заңдастырылуға тиіс.
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;
3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен келеңсіз ақпараттың болуы;
4) агенттіктің орналасқан жері, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, мемлекетте әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;
6) агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылау және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
7) агенттіктің асырап алынған баланың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы;
9) Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің белгіленген санынан асыру болып табылады.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
112-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі
1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға келіп түскен, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметіне негізді шағымдар болған жағдайда тоқтата тұрады.
1) ұсынылған құжаттардың агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның өз қызметі туралы анық емес мәліметтер ұсынуы;
3) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;
4) аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтардың бір ай ішінде жойылмауы;
5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым қызметінің тоқтатылуы негіз болып табылады.
Ескерту. 14-тарау 112-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
113-бап. Агенттіктер филиалдарының және (немесе)өкілдіктерінің қызметін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату
Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы (ұзартудан бас тарту туралы) дәлелді шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қабылдап, агенттіктің филиалына және (немесе) өкілдігіне шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлайды.
1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса;
2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
3) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;
4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса, өз қызметін тоқтатады.
Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы дәлелді шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған жібереді.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
114-бап. Агенттік филиалының және (немесе)өкілдігінің құқықтары мен міндеттері
1) агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтарына бала асырап алуда жәрдем көрсетуге;
2) асырап алынатын бала туралы белгіленген тәртіппен және көлемде ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, бала асырап алу тәртібіндегі өзгерістер туралы ақпарат және өздерінің тікелей қызметіне қатысты басқа да ақпарат алуға құқылы.
1) аккредиттеу алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін есептік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органын өз қызметінің басталғаны туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
4) берілген күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болатын (асырап алуға кандидаттардың құжаттарында көрсетілген мерзімдерді қоспағанда) асырап алуға баланы таңдау үшін асырап алушыға кандидаттардың құжаттарын Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына, сондай-ақ асырап алу үшін сотқа ұсынуға;
5) бала асырап алуға үміткерлердің өтініштері негізінде баланың аты, жасы, жынысы, денсаулық жағдайы туралы ақпарат алуға;
6) бала асырап алуға үміткерлерді қабылдау мен орналастыруды және оларға бала асырап алуды ресімдеуде қажетті көмек ұйымдастыруға;
7) бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға, бала асырап алу туралы сот шешімін алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен кету үшін туу туралы куәлікті, қажет болған кезде анықтаманы және баланың паспортын ресімдеуде бала асырап алушыларға жәрдем көрсетуге;
8) Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алуға үміткерлердің, сондай-ақ бала асырап алушылардың мүдделерін білдіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыруға міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұсынылатын есептер белгіленген тәртіппен заңдастырылуға, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліне аударылуға тиіс. Бұл ретте, аударманың мәтіні не аудармашының қолтаңбасы бала асырап алушылардың тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде куәландырылады не оны Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус куәландырады.
Ескерту. 114-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
114-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісуімен алуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, қабылдаушы отбасыға) қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеуді жүзеге асыруға;
3) жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдар тәрбиеленушілерін отбасыға орналастыруға жәрдем көрсету үшін олардың ата-ана қамқорлығынан айырылуының нақты мән-жайларын айқындауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
1) бала асырап алу құпиясын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын писхологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге, психологиялық және психологиялық-педагогикалық консультация беруге;
4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым отбасыға тәрбиелеуге орналастырған баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықты жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауға;
5) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына өзінің қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді сақтауға міндетті.
Ескерту. 14-тарау 114-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-БӨЛІМ. Қорғаншылық немесе қамқоршылық, Республикалық деректер банкі, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылар
Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-тарау. ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ, АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ
115-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды орындайтын басқа да ұйымдардың қызметі, сондай-ақ агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың осы Кодексте көзделген қызметі бала асырап алу жөніндегі делдалдық қызмет болып табылмайды.
Осы бапта аталған жеке және заңды тұлғалар өз қызметінде коммерциялық мақсаттарды көздей алмайды.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
116-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысандары
Ескерту. 116-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.05.2015 № 315-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
117-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке алу
Баланы отбасына тәрбиеге беру мүмкін болмаған кезде Республикалық деректер банкінің өңірлік есебіне алу және кейіннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге орналастыруда жәрдем көрсету үшін бір ай өткен соң бала туралы мәліметтерді тиісті аумақтық-әкімшілік бірліктердің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына жібереді.
Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
118-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру
Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-1-тарау. Республикалық деректер банкі
Ескерту. 4-бөлім 15-1-тараумен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
118-1-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыруға және пайдалануға қойылатын талаптар
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Ескерту. 118-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
118-2-бап. Республикалық деректер банкін қалыптастыру
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды мұндай балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыру немесе орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттен босатпайды.
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адам мұны олардың тұратын жеріне қарамастан, кез келген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жүзеге асыруға құқылы.
118-3-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы құпия ақпаратқа қол жеткізу
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратты коммерциялық мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы туынды ақпаратқа Республикалық деректер банкінде қамтылған, жынысы жөніндегі, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады.
118-4-бап. Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы отбасына тәрбиелеуге орналастыру;
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы оның ата-аналарына немесе ата-анасына қайтару;
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың кәмелетке толуы немесе мұндай баланың өзі кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілеттілікке ие болуы;
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланың қайтыс болуы;
баланың сот тәртібімен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуы, қайтыс болған деп жариялануы негіздер болып табылады.
адамның баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауы;
баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның ол туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкінде есепке алуды тоқтату туралы жазбаша нысандағы өтініші;
адамға баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндігін берген мән-жайлардың өзгеруі;
баланы өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамның қайтыс болуы негіздер болып табылады.
118-5-бап. Республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны және оларды жария еткені үшін жауаптылық
Республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны және оларды жария еткені үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
16-тарау. ҚОРҒАНШЫЛЫҚТЫ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ
119-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар
120-бап. Мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялары
Ескерту. 120-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
121-бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу
Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдарды;
6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 12) тармақшасында аталған адамдарды;
8) азаматтығы жоқ адамдарды;
9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамдарды;
10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;
12) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар ғана қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.
Егер кәмелетке толмаған адамға туысы, өгей әкесі (өгей шешесі) тұлғасында дереу қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау қажет болса, ол баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдаған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде психологиялық даярлықтан өткен жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар психологиялық даярлықтан өткізбестен қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеуге құқылы. Қорғаншы немесе қамқоршы белгіленген мерзімде психологиялық даярлықтан өтпеген жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың күшін жою туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерiнiң арасында қайшылықтар болмаса, бiрнеше адам үшін бiр қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға жол берiледi.
Балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезiнде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерi, оның қорғаншылық немесе қамқоршылық мiндеттерiн орындауға қабiлетi, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қатынастар, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерiнiң балаға көзқарасы, сондай-ақ, егер бұл мүмкiн болса, баланың өз тiлегi ескерiледi.
Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының келiсiмi талап етiледi.
Қорғаншының немесе қамқоршының мұндай ұйымға баланы уақытша орналастыруы қорғаншының немесе қамқоршының осы балаға қатысты құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатпайды.
Ескерту. 122-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-тарау. ҚОРҒАНШЫЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
123-бап. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың құқықтары
Осы Кодекстің 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтармен қатар, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы адамдардың сондай-ақ:
1) өздерінің адамдық қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне;
2) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан қамқорлық жасалуына;
3) осы Кодекстің 126-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, онымен бірге тұруға;
4) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;
5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;
6) қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға;
7) қорғаншының немесе қамқоршының отбасында тәрбиеленуге;
8) өздеріне күтіп-бағу, тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты даму үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;
9) тұрғын үйі болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқықтары бар.
124-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың құқықтары
1. Осы Кодекстің 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтармен қатар, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру, медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы балалардың сондай-ақ:
1) күтіп-бағуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік қадыр-қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне;
2) өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге;
3) тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға;
4) жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын жұмысқа орналасуда жәрдем көрсетілуіне құқықтары бар.
125-бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың өз міндеттерін атқаруы
Қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыларды өз есебiнен күтіп-бағуға мiндеттi емес. Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу қамқорлыққа алынушының алатын жалақысы, алиментi және басқа да әлеуметтiк төлемдерi есебiнен, сондай-ақ оған тиесiлi мүлiктің есебiнен жүзеге асырылады.
Қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға жеткiлiктi қаражат болмаған кезде, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар оны күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындайды.
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін және төлеу мөлшерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
126-бап. Баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының құқықтары мен міндеттері
Көрсетілген міндеттер сот тәртібімен әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдардың қамқоршыларына жүктелмейді.
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрi мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ осы Кодекстің 72-бабында көзделген талаптар сақталған жағдайда, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланы тәрбиелеудiң тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы.
Қорғаншы немесе қамқоршы баланың пiкiрiн ескере отырып, баланың бiлiм алу ұйымын және оқу нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Қорғаншылар немесе қамқоршылар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға мiндеттi.
127-бап. Әрекетке қабілетті азаматтарды қамқоршылыққа алу
Қамқоршы қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға және оның тұрмыстық қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмiлелердi жасасуды қамқорлыққа алынушының келiсiмiмен жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынған адамның қамқоршысы осы Кодекстің 129-бабында көзделген жағдайларда өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан босатылады.
128-бап. Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның алдын ала рұқсатынсыз, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушының табысы ретiнде оған тиесiлi, қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағу үшiн қажеттi сома есебiнен ең төмен күнкөріс шегінде шығыстар шығаруға құқылы.
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарының басшылары тәрбиеленушілердің алименттен, жәрдемақылардан түскен қаражаттарын және басқа да әлеуметтік төлемдерін банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.
Қамқорлыққа алынушының мүлкiн басқару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Қамқорлыққа алынушының қорғаншыға немесе қамқоршыға, оның жұбайына немесе туыстарына осы адам қорғаншы немесе қамқоршы болып тағайындалғанға дейін туындаған борыштары қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен төленедi.
129-бап. Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерін атқарудан босату және шеттету
Қамқорлыққа алынушы тиісті білім беру ұйымына, медициналық және медициналық-әлеуметтік ұйымға немесе басқа да арнайы ұйымға орналастырылған кезде, егер бұл қамқорлыққа алынушының мүдделерiне қайшы келмесе, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттетуге және қажетті шаралар қолдануға міндетті.
130-бап. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты тоқтату
131-бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың әрекеттеріне шағым жасау
Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың әрекеттеріне қамқорлыққа алынушының мүддесінде оның тұрғылықты жеріндегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 131-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
132-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдеріне шағым жасау
Мүдделі тұлғалар барлық мәселелер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Ескерту. 132-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
17-1-тарау. Баланы қабылдайтын отбасы
Ескерту. 4-бөлім 17-1-тараумен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
132-1-бап. Баланы қабылдайтын отбасы
Аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) қоспағанда, баланы қабылдайтын отбасы тәрбиелеуге кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдай алады.
132-2-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт
Жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар баланы қабылдайтын ата-аналарға көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.
Баланы қабылдайтын отбасына берілген әрбір жетім балаға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаға жеке шарт жасалады.
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.
1) дәлелді себептер (ауруы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалды қатынастар және басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын ата-аналардың бастамасы бойынша;
2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру ұйымының бастамасы бойынша;
3) бала ата-аналарына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мүмкін болады.
132-3-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналар
1. Баланы қабылдайтын ата-аналар тәрбиелеуге қабылданған жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты дәл сондай құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Оларға осы Кодекстің 122-бабының 1-тармағында көзделген талаптар қойылады.
132-4-бап. Баланы қабылдайтын отбасына берілетін жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар
Балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өзінің туыстық қатынасы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
Жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын ата-аналарға беру туралы шарттың қолданылу уақытында баланы қабылдайтын ата-аналарға жүктеледі.
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар осы Кодекстің 60, 61, 62 және 67-баптарында көзделген құқықтарды да иеленеді.
132-5-бап. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
18-тарау. ПАТРОНАТ
133-бап. Патронат
Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
134-бап. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт
Бала патронат тәрбиешіге көрсетілген шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі.
Патронаттық тәрбиелеуге берілген әрбір балаға жеке шарт жасалады.
Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың мерзімі аяқталған жағдайда, оның отбасында болу мерзімін ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.
1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде патронат тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
2) баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;
3) бала ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
135-бап. Патронат тәрбиешілер
1. Патронат тәрбиешілердің тәрбиелеуге қабылдап алынған балаға қатысы бойынша қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтары мен міндеттері болады. Оларға осы Кодекстің 122-бабында көзделген талаптар қойылады.
136-бап. Патронат белгіленетін бала
Ағалы-інілерді, апалы-сіңлілерді ажыратуға, бұл балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстығы туралы білмеген, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
Тәрбиеленушіге тиесілі ақшалай қаражатты және басқа да мүлікті сақтау баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың қолданылу уақытына патронат тәрбиешіге жүктеледі.
Патронат тәрбиешілерге берілген бала осы Кодекстің 60-62 және 67-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады.
Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
137-бап. Патронат тәрбиешілерге берілген баланы күтіп-бағу
Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-1-тарау. Бала қонақтайтын отбасы
Ескерту. 4-бөлім 18-1-тараумен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
137-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы
Баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдар және бала тұрып жатқан ұйым, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган арасында жасалған, баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт баланы қонақтайтын отбасына беруге негіз болып табылады.
Бала қонақтайтын отбасы бірнеше жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдай алады.
137-2-бап. Баланы қонақтайтын отбасына беру туралы шарт
Бала қонақтайтын отбасына көрсетілген шартта көзделген мерзімге беріледі.
Бала қонақтайтын отбасына берілген әрбір балаға бөлек шарт жасалады.
1) дәлелді себептері (науқасы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасында жанжалдар және басқалар) болған кезде бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адамдардың бастамасы бойынша;
2) баланы күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, бала тұрып жатқан ұйымның бастамасы бойынша;
3) бала қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, асырап алған отбасына, патронатқа берілген немесе баланы асырап алған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
137-3-бап. Бала қонақтайтын отбасына баланы қабылдаған адам
1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетуді жүзеге асыруға;
2) баланы медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымға орналастыру немесе ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларынан басқа, баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қадағалауына қалдыруға;
3) бала қонақтайтын отбасына баланы беру туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқылы емес.
1) бала отбасында уақытша болған кезеңде оның өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болуға;
2) бала қонақтайтын отбасына беру туралы шарт мерзімі өткен соң бала тұрып жатқан ұйымға баланы дереу қайтаруға;
3) баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, баланың науқастанғаны, оның жарақат алғаны, оның медициналық ұйымға немесе ішкі істер органдарына орналастырылғаны туралы жиырма төрт сағат ішінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе бала тұрып жатқан ұйымға хабарлауға;
4) Бала қонақтайтын отбасы туралы ереженің өзге де шарттарын сақтауға міндетті.
137-4-бап. Бала қонақтайтын отбасына берілетін бала
Балалардың мүддесіне сай келетін және балалар өзінің туыстық қатынасы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-iнiлер мен апа-сiңлілердi (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
5-БӨЛІМ. ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРЫ 19-тарау. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
138-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.
139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
140-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлері
Ата-ананың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
Ескерту. 140-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент өндіріп алу
Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірісі бар не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кірісін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.
142-бап. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент өндіріп алу және оны пайдалану
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстің 138-141-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына немесе қамқоршысына немесе олардың патронат тәрбиешілеріне төленеді.
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешіге берілген балаларға арналған алимент төлемдерінің сомасы екінші деңгейдегі банктерде ашылған осы балалардың депозиттік шоттарына аударылады.
143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың алимент алуға құқығы
144-бап. Ата-аналардың балаларды күтіп-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуы
145-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.
146-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығыстарға қатысуы
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығыстарды көтеру тәртібі мен осы шығыстардың мөлшерін сот осы Кодекстің 145-бабының 3, 4 және 5-тармақтарында белгіленген талаптар сақталған кезде ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін ескере отырып айқындайды.
20-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БҰРЫНҒЫ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
147-бап. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының;
2) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының;
3) мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының сот тәртібімен алимент беруді талап етуге құқығы бар.
Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
148-бап. Бұрынғы жұбайдың неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы
1) жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін бұрынғы зайыбының;
2) мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;
3) неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз бұрынғы жұбайының құқығы бар.
Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
149-бап. Ерлі-зайыптылардан және бұрынғы ерлі-зайыптылардан сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сот айқындайды.
150-бап. Жұбайды екінші жұбайды күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босату немесе бұл міндеттің мерзімін шектеу
1) егер көмекке мұқтаж жұбайының еңбекке қабілетсіздігі құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге, есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге салынуы салдарынан немесе оның қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы салдарынан басталған;
2) ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылықта) ұзақ тұрмаған (бес жылға дейін);
3) алимент төлеуді талап ететін жұбай отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайларда шектеуі мүмкін.
1) күтіп-бағуға құқығы бар жұбай жаңа некеге отырса (ерлі-зайыпты болса);
2) осы Кодекстің 148-бабында көзделген мән-жайлар жойылса, сот шешімімен тоқтатылады.
Ескерту. 150-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-тарау. ОТБАСЫНЫҢ БАСҚА МҮШЕЛЕРІНІҢ АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
151-бап. Еңбекке жарамды ағалары мен апаларының өздерінің кәмелетке толмаған туған інілері (қарындастары)мен сіңлілерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері (қарындастары) мен сіңлілерінің өз ата-аналарынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған бірге туған ағалары мен апаларынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.
152-бап. Атасы мен әжесінің немерелерін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
Өздерінің еңбекке жарамды ата-аналарынан, бірге туған кәмелетке толған еңбекке жарамды ағалары мен апаларынан күтіп-бағу қаражатын алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж немерелердің өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар әжесі мен атасынан сот тәртібімен алимент алуға құқығы бар.
153-бап. Немерелердің атасы мен әжесін күтіп-бағу міндеті
Өздерінің кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) күтіп-бағу қаражатын алу мүмкін болмаған жағдайда, көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз атасы мен әжесі өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды кәмелетке толған немерелерінен сот тәртібімен алимент талап етуге құқылы.
154-бап. Тәрбиеленушілердің өздерін іс жүзінде тәрбиелеген адамдарды күтіп-бағу міндеті
155-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесін және өгей шешесін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
156-бап. Отбасының басқа мүшелерінен сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
1. Осы Кодекстің 151-155-баптарында аталған адамдарға алименттің мөлшері мен оны төлеу тәртібі тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.
22-тарау. АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
157-бап. Алимент төлеу туралы келісім жасау
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеудің шарттары мен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушының арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған кезде, осы адамдардың заңды өкілдерінің арасында жасалады.
158-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің нысаны
Соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісімді:
1) нотариус – алимент төлеу туралы келісім;
2) медиатор – дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім;
3) адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар – партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу туралы келісім нысанында жазбаша түрде жасайды.
Ескерту. 158-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
159-бап. Алимент төлеу туралы келісімді жасау, орындау, өзгерту, бұзу және жарамсыз деп тану тәртібі
160-бап. Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану
Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін күтіп-бағу шарттары олардың мүдделерін елеулі түрде бұзатын болса, атап айтқанда, осы Кодекстің 161-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай келісім кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
161-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері
162-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін ұштастыру көзделуі мүмкін.
23-тарау. АЛИМЕНТТІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ТӨЛЕТТІРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІП АЛУ ТӘРТІБІ
163-бап. Алиментті сот шешімі бойынша өндіріп алу
Осы Кодекстің 143-155-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері
Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.
165-бап. Ұйымның лауазымды адамының алиментті ұстап қалу міндеті
Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды адамы осы Кодекстің 158-бабында көзделген алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде төленген күнінен бастап алуға жататын оның жалақысынан және өзге де кірісінен алимент алатын адамның пайдасына ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге міндетті адамның есебінен жалақының және өзге де кірістің төленген күнінен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей төлеуге немесе аударуға міндетті.
Төлеушіден ұсталған, бірақ алушыға уақтылы аударылмаған алиментті төлеуді кешіктіргені үшін жауапкершілік ұйымның лауазымды адамына жүктеледі.
Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
166-бап. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу
Осы Кодекстің 158-бабында көзделген алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алиментті ұстап қалу, егер осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұстап қалудың жалпы сомасы алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің елу пайызынан аспайтын болса, жүргізіледі.
Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
167-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның жұмыс орнын немесе тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеті
Ескерту. 167-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
168-бап. Алимент төлеуге міндетті адамның мүлкінен өндіріп алу
169-бап. Алимент бойынша берешек мөлшерін белгілеу
1. Алимент төлеу туралы келісімнің негізінде немесе атқару құжатының негізінде өткен кезең үшін алимент өндіріп алу атқару құжаты не осы Кодекстің 158-бабында көзделген алимент төлеу туралы келісім табыс етілгенге дейінгі үш жыл мерзім шегінде жүргізіледі.
Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де кірістерден қатарынан үш ай бойы өндiрiп алу мүмкiн болмаған кезде борышкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлкінен басқа мүлкiнен өндiрiп алынады.
3. Осы Кодекстің 139-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшерін алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған кезеңдегі жалақысы мен өзге де кірісін негізге ала отырып, сот орындаушысы айқындайды. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның жалақысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаса, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін, егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген болса, алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.
Мүгедектігі бар адам болып табылатын борышкерлер үшін ай сайынғы төлем немесе алимент бойынша берешек – олардың ай сайынғы жалақысынан және өзге де кірісінен, ал егер олар жұмыс істемейтін жағдайда бюджет қаражатынан және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылардан және (немесе) әлеуметтік төлемдерден айқындалады.
Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
170-бап. Алимент бойынша берешекті төлеуден босату
171-бап. Алиментті уақтылы төлемеу
172-бап. Алиментті есепке жатқызуға және кері өндіріп алуға жол бермеу
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген;
2) алимент алушы тарапынан алдап, қорқытып немесе күш қолданып жасалған алиментті төлеу жөніндегі келісім жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, кері талап етуге болмайды.
173-бап. Алиментті индекстеу
Сот шешімі бойынша тұрақты ақша сомасында өндіріп алынатын алименттің индекстелуін алиментті ұстап қалатын орын бойынша ұйымның әкімшілігі айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне барабар түрде жүргізеді.
174-бап. Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда алимент төлеу
1. Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда, ол заң бойынша күтіп-бағуға қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен осы Кодекстің 157-162-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы.
175-бап. Сот бұрын белгілеген алимент мөлшерін өзгерту және алимент төлеуден босату
Ескерту. 175-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
176-бап. Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату
1) бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда;
2) күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;
3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;
4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі-зайыпты болғанда);
5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 6-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ 24-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
177-бап. Мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық хал актілері
Туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу (соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды қоспағанда) тіркеуші органдарда осы Кодексте белгіленген мерзімдерде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Бала асырап алу және әке болуды анықтау оқиғалары мен фактілері тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетіледі. Соттың шешімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында оған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қою арқылы көрсетіледі.
Қайтыс болу туралы куәлікті және Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актілерін тіркеуге, қалпына келтіруге, қайтыс болған адамның дербес деректеріне өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізуге, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді беруге тыйым салынады.
Ескерту. 177-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
178-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы, қайталама куәліктер мен анықтамалар беру
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін беріледі.
Электрондық нысанда берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.
Қағаз жеткізгіште берілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен, тіркеуші органның елтаңбалы мөрімен бекемделеді.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, анықтаманы берген, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің лауазымды адамының қолтаңбасымен және Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің елтаңбалы мөрімен бекемделген құжат қағаз жеткізгіште беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі акт жазбасының негізінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік береді.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәліктер некесін (ерлі-зайыптылықты) бұзған немесе некесі (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған ерлі-зайыптыларға не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін берілмейді.
Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан немесе ол жарамсыз деп танылғаннан не ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болғаннан кейін қажет болған кезде неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беріледі, онда некені тоқтату негізі көрсетіледі.
Азаматтар (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушылар, қайтыс болған адам) туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.
Ескерту. 178-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
179-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органдар
Тіркеуші органның жұмыскеріне, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкеріне, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туысына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органның басқа жұмыскері, Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің басқа қызметкері жүзеге асырады немесе басқа тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шет елдегі басқа мекемесінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 179-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
180-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің қағидалары мен тәртібі
Ескерту. 180-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
181-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы акт кітаптары, акт жазбалары, куәліктер мен анықтамалар
Ескерту. 181-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Акт кітаптарының бірінші даналары азаматтық хал актісін бастапқы мемлекеттік тіркеу орны бойынша – ауданның (қаланың) тіркеуші органының архивінде, екінші данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тіркеуші органының архивінде сақталады.
Ескерту. 181-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
182-бап. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсетуге ақы төлеу
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.
Ескерту. 182-бап жаңа редакцияда – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
183-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету тәртібі
Ескерту. 183-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
184-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
Ескерту. 184-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
185-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою
1) сот шешімінің негізінде;
2) мүдделі адамдардың өтініші бойынша;
3) жойылуға жататын бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайтадан жазылған жазбаны тапқан тіркеуші органның бастамасы бойынша жойылуы мүмкін.
Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
186-бап. Жеке адамдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау міндеті
Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-тарау. БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
187-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз
Ескерту. 187-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Медициналық ұйымнан тыс жерде, оның ішінде үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық куәлікті анасының жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес, анасы босанғаннан кейін жүгінген босандыру ұйымының жауапты медициналық қызметкері ресімдейді.
Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде баланың ата-анасы туралы мәліметтер азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес толтырылады.
Бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін мемлекеттік тіркеу кезінде анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер оның сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады.
Бұдан әрі баланың анасы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген тәртіппен туу туралы акт жазбасында толықтырылады.
Туу туралы медициналық куәлік болмаған жағдайда, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық хал актілеріне ата-анасының атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, ұлтын жазу осы Кодекстің 50, 51 және 63-баптарына сәйкес жүргізіледі.
Баланы суррогат ана туған жағдайда, туу туралы медициналық куәлік баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Медициналық ұйымда баланың туу фактісі туралы мәліметтер туылған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне беріледі.
188-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны
Экспедицияларда және шалғай жерлерде, сондай-ақ анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе пойызда болған кезде туылған баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың туылған жері деп баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан, мынадай құжаттардың бірін:
1) туу туралы куәліктің түпнұсқасын;
2) туу туралы акт жазбасының көшірмесін;
3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын көрсеткен кезде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған кезде, соттың туу фактісін анықтау туралы шешімінің көшірмесі көрсетіледі.
Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
189-бап. Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімдері
Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.
Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.
Ескерту. 189-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
190-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш әрқайсысына қатысты бөлек беріледі.
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жүзеге асырылған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсыну талап етілмейді.
Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдік, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетумен қатар, олардың мәтінінің нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттары мәтіні аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Ескерту. 190-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
191-бап. Әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу
Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күннен аспаса, жалпы негізде жүргізіледі.
192-бап. Баланың туу туралы акт жазбасына ата-аналары туралы мәліметтерді енгізу тәртібі
Суррогат ана болу шартына сәйкес бала туылған жағдайда, ерлі-зайыптылар туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.
3. Бала тууды тіркеу кезінде, егер ата-аналарының арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны сот жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күннен аспаса, анасы туралы мәлімет осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде, баланың әкесі туралы мәлімет неке қию немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе акт жазбасының, әкесінің қайтыс болуы туралы куәліктің немесе акт жазбасының негізінде енгізіледі.
Егер бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, оны жарамсыз деп таныған күннен бастап екі жүз сексен күн өткеннен кейін туса, бұрынғы жұбайы әке болуды анықтау негізінде ғана баланың әкесі болып жазылуы мүмкін.
Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адам жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған кезде тууды тіркеу кезінде баланың әкесі болып осы адам жазылады.
Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.
4. Егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), анасы туралы мәлімет осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі.
Мұндай жағдайда тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтер:
1) егер әке болу баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде анықталатын болса, осы Кодекстің 192-1-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;
2) егер әкесі анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша енгізіледі.
Тууды жазу кiтабында баланың әкесiнің тегі - анасының тегi бойынша, баланың аты мен әкесiнiң аты оның көрсетуі бойынша жазылады. Енгізілген мәліметтер әке болуды анықтау туралы мәселені шешуге кедергі болып табылмайды.
Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актілер жазбасына енгізілмеуі мүмкін;
3) өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша, оған баланың анасының келісімі болған кезде енгізіледі.
Анасы туралы мәліметтер осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі, әкесі туралы мәліметтер осы адамның көрсетуі бойынша жазылады.
Бұдан әрі баланың анасы туу туралы акт жазбасына енгізілген баланың әкесі туралы мәліметтермен келіспеген кезде түзетулер белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 192-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
192-1-бап. Әке болуды анықтау кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу
1) ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші;
2) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген, анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда әкесінің өтініші;
3) соттың әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы шешімі негізінде енгізіледі.
Ескерту. 25-тарау 192-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
193-бап. Бала ата-анасының қай ұлтқа жататынын жазу тәртібі
Егер тууды тіркеу кезінде өтініш беруші ата-анасының қай ұлтқа жататынын көрсетуге тілек білдірсе, онда баланың туу туралы акт жазбасында ата-анасының - Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген ұлтына сәйкес көрсетіледі.
Шетелдік болып табылатын ата-ананың қай ұлтқа жататыны туралы мәлімет оның шетелдік паспортына сәйкес көрсетіледі.
Шетелдіктің шетелдік паспортында ұлты туралы мәлімет болмаған кезде оның ұлты өзі азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалуы мүмкін.
Ескерту. 193-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.29 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
194-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде оған тегін, атын, әкесінің атын беру тәртібі
Жеке адамның тегіне "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" деген және басқа да сөздерді қосып жазуға жол берілмейді.
Әкесінің атына "-ұлы, -қызы" деген жалғау қосылып, тегін ауыстырған жағдайларда, әкесінің аты жазылмайды.
Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
195-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу келген елдің аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не басқа елде қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде жүргізіледі.
196-бап. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууын мемлекеттік тіркеу тәртібі
Өтінішке бала тауып алынған кездегі уақыт, орын және мән-жайлар көрсетіле отырып, ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес мәліметтер қоса тіркеледі.
197-бап. Өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген баланы мемлекеттік тіркеу
Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Өлі туған балаға қатысты өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.
Туу және қайтыс болу туралы жасалған акт жазбаларының негізінде қайтыс болу туралы куәлік немесе хабарлама беріледі. Ата-анасының өтінуі бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.
Одан әрі қайтыс болу туралы куәлік қана қайтадан беріледі.
1) бала туылған немесе бала шетінеген медициналық ұйымның басшысына;
2) дәрігері баланың өлі тууы, баланың өмірінің алғашқы аптасында қайтыс болуы фактісін анықтаған медициналық ұйымның басшысына;
3) медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда жеке дәрігерлік практикамен айналысатын дәрiгерге жүктеледі.
Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
198-бап. Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу
1. Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер болған кезде ата-аналарының немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
Бала кәмелетке толғаннан кейін тууын мемлекеттік тіркеу оның жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 198-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
199-бап. Шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстанның аумағында орналасқан тиісті шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде не, егер Қазақстан Республикасында мұндай жоқ болса, қызметін қоса атқаратын шетелдегі мекемелерде жүргізіледі.
Шетелдіктердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығы расталмаған шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу олардың қалауы бойынша олар тұрақты немесе уақытша тұратын жердегі тіркеуші органдарда жүргізіледі.
Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
200-бап. Баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу
Ата-аналардың тілегі бойынша тіркеуші орган баланың тууын салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеуді өз үй-жайында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында қамтамасыз етеді.
201-бап. Баланың туу туралы жазбалар кітабына енгізілетін мәліметтер
Баланың туу туралы акт жазбасына мынадай деректер:
1) баланың тууын мемлекеттік тіркеу күні;
2) балаға берілген жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) баланың туу туралы акт жазбасының нөмірі;
4) тегі, аты, қалауы бойынша - әкесінің аты, баланың жынысы, туған күні, айы, жылы, туған жері;
5) туған балалардың саны (біреу, егіз немесе одан да көп бала);
6) баланың тірі туғандығы туралы немесе баланың өлі туғандығы туралы белгі;
7) баланың туу фактісін растайтын құжат туралы мәліметтер;
8) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы, жасы, тұрақты тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, азаматтығы, табыс көзі немесе жұмыс орны, білімі және, егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, олардың ұлты;
10) соның негізінде баланың әкесі туралы мәліметтер енгізілген құжат туралы мәліметтер;
11) өтініш беруші туралы мәліметтер;
12) берілген туу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
202-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру
Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген үлгідегі туу туралы куәлік беріледі.
Туу туралы куәлік жаңа туған баланың ата-аналарына, басқа уәкілетті адамдарға немесе бала тұратын ұйымның өкілдеріне беріледі.
Екі немесе одан да көп бала туған жағдайда туу туралы куәлік әрбір балаға беріледі.
203-бап. Баланың туу туралы куәлігі
Баланың туу туралы куәлігі мынадай мәліметтерді:
1) баланың тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жерін;
2) акт жазбасының жасалған күнін және нөмірін;
3) жеке сәйкестендіру нөмірін;
4) ата-аналарының тектерін, аттарын, әкелерінің аттарын (егер бар болса), егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ұлтын;
5) ата-аналарының азаматтығын;
6) мемлекеттік тіркеу орнын (тіркеуші органның атауын);
7) туу туралы куәліктің берілген күнін;
8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.
Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-тарау. ӘКЕ БОЛУДЫ АНЫҚТАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Ескерту. 26-тарау алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27-тарау. НЕКЕ ҚИЮДЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
220-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз
Тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
Ескерту. 220-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
221-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
222-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру мерзімі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу уақытын тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісуі бойынша тағайындайды. Мемлекеттік тiркеудің уақыты сол үй-жайда қайтыс болуды және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тiркеген уақытпен сәйкес келмейтiндей есеппен тағайындалуға тиіс.
Жоқ адамның қолтаңбасын тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері куәландыруы және азаматтың тұрған жеріндегі тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің мөрімен бекемделуі мүмкін, нотариус немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық әрекеттер жасау құқығы берілген өзге де лауазымды адам, сондай-ақ мынадай тәртіппен:
1) әскери қызметшілерді – тиісті әскери бөлімнің командирі;
2) жүзу уақытында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемелерінде немесе ішкі жүзу кемелерінде болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын – осы кемелердің капитандары;
3) экспедицияларда болатын адамдарды – осы экспедициялардың бастықтары;
4) стационарлық медициналық ұйымдарда болатын адамдарды – осы ұйымдардың бас дәрігерлері;
5) қамаққа алу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан, мекемелерде ұсталатын адамдарды – тиісті мекемелердің бастықтары;
6) жүріп-тұруында қиындықтар бар мүгедектігі бар адамдарды – дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.
Ескерту. 222-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
223-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін қысқарту және ұзарту
Мерзiмдi қысқарту уақыты әрбiр жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты айқындалады.
Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі мүдделi адамдардың өтінуі бойынша немесе өз бастамасымен қажеттi тексеруді жүргiзеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi кейінге қалдыру туралы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген адамдар хабардар етіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) заңды кедергiлер болған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі оны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.
Егер мұндай кедергiлер туралы мәлiметтер расталмаса, некенi (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тiркеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. Аталған мән-жайларды тексеру күнтізбелік он бес күн ішінде аяқталуға тиiс.
Күнтізбелік он бес күнді қысқарту немесе ұлғайту туралы рұқсатты – тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері, ал олар болмаған кезде олардың мiндетiн атқарушы адам неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішке қарар түрінде бередi.
Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек бiлдiрушiлер дәлелдi себептер бойынша белгiленген күнi тіркеуші органға немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу мерзiмi олардың өтінуі бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.
Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
224-бап. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш
Өтініш нысанында қамтылған барлық сұрақтарға толық әрі дәл жауаптар берілуге тиіс.
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiн не паспортын; шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы - оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде есепке алынғаны туралы шетелдегi консулдық мекеменiң белгiсi бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ұсынады; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатын ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік Қазақстан Республикасының iшкi iстер органы берген Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат ететін құжатын ұсынады; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, өзі тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркелген құжатын ұсынады.
Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдiк, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар олардың мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын беруге тиiс.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың мәтіні аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттiң немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкiн;
2) осы Кодекстің 10-бабында көрсетілген белгiленген неке жасын азайту қажеттігін растайтын құжаттарды;
3) бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) туралы мәліметтерді;
4) балалары бар екендiгi туралы мәлiметтерді;
5) бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхатты ұсыну қажет.
Ескерту. 224-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.01.2013 N 74-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
225-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі
226-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіру туралы берілген өтініштерді жария етеді;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды;
4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілердің жоқ екендігін анықтайды;
5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті береді.
Ескерту. 226-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
227-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) тілегі бойынша тіркеуші органдардың арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында жүргізіледі.
228-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу
Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өтінішті қабылдау кезiнде некеге отырушыларға (ерлі-зайыпты болушыларға) және бірінші кезекте Қазақстан Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.
Егер мұндай түсiндiрулерге қарамастан, өтініш берушiлер неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді талап етіп сұраса, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тiркеледi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қандастармен некесін қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүргiзiледi.
Ескерту. 228-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.05.2020 № 327-VI ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
229-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде, дипломатиялық өкілдіктерінде және шет мемлекеттердің шетелдік мекемелерінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
230-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) тану
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған неке (ерлі-зайыптылық), ол аумағында неке қиылған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, осы Кодекстің 10 және 11-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
231-бап. Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы
Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
232-бап. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамалар беру тәртібі
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі.
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) егер өтініш беруші бұрын некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлiкті, анықтаманы немесе сот шешімін не жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлiкті немесе анықтаманы көрсетеді.
Ескерту. 232-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
234-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының мазмұны
1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегі (неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі және одан кейінгі), аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты, табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, отбасылық жағдайы;
2) ортақ балалары туралы мәліметтер;
3) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
4) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
5) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің нөмірі енгізіледі.
Ескерту. 234-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
235-бап. Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
Ескерту. 235-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
236-бап. Жұбайларға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті беру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік некеге отыратын адамдардың әрқайсысына неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күні неке қиылған орын бойынша электрондық нысанда беріледі.
Жұбайлардың қалауы бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.
Ескерту. 236-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегін неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі, атын, әкесінің атын (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
2) некенің қиылған (ерлі-зайыпты болған) күнін;
3) актінің жасалған күнін және нөмірін;
4) ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәліметтерді;
5) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орнын, тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
6) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің берілген күнін;
7) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің сериясы мен нөмірін;
8) құжат берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
Ескерту. 237-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) БҰЗУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер
1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.
Ескерту. 238-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу орны
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде – болатын жеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде жүргізіледі.
Ескерту. 239-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімді есептеу өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледі.
Бір айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, олар тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағы бір айлық мерзім тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариат куәландырған келісімі болғанда жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 240-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
241-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
Осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне электрондық түрде келіп түседі.
2. Осы Кодекстің 238-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішке неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса, қоса берілуге тиіс.
Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
242-бап. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
Белгіленген мерзімдерде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін кедергілер болып табылмайды.
Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
243-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейін тектерін сақтауы немесе өзгертуі
Некеге отыру (ерлі-зайыптылыққа тұру) кезінде өз тегін басқа текке өзгерткен жұбай, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі тегіне өзгерту туралы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште көрсетуге тиіс.
Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде тегін өзгерткен кезде азамат жеке басын куәландыратын құжаттарды бір айлық мерзімде ауыстыруға міндетті.
Тегі өзгертілген жеке басын куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде береді.
Ескерту. 243-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
244-бап. Шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу
245-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының мазмұны
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының тегі неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, табыс көзі немесе жұмыс орны, некенің (ерлі-зайыптылықтың) саны туралы мәліметтер;
2) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының жасалған күні, нөмірі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу жүргізілген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға негіз болып табылатын құжат;
4) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күні;
5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
6) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) өтініш беруші туралы мәліметтер;
8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
246-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркелген орын бойынша электрондық нысанда береді.
Қалауы бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.
Ескерту. 246-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтерді;
3) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күнін;
4) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актінің жасалған күні мен нөмірін;
5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік берілген адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін;
6) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
Ескерту. 247-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-тарау. БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
Ескерту. 29-тарау алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30-тарау. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру
Ескерту. 30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
257-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру үшін негіз
Ескерту. 257-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:
1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерінде қалса немесе некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін жұбайы (зайыбы) тегін басқасына ауыстырса, жұбайымен (зайыбымен) ортақ текте болғысы келген жұбайының (зайыбының) тілегі;
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;
12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.
Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
258-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру орны
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде – құжаттарды кейіннен тіркеуші органға жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне беріледі.
Ескерту. 258-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
259-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініште мынадай мәліметтер:
1) өтініш берушінің аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
2) таңдаған аты, әкесінің аты, тегі;
3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың себептері көрсетілуге тиіс.
260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарау тәртібі
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
Ескерту. 260-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
261-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі
Ескерту. 261-бап алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
262-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тарту
Ескерту. 262-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тіркеуші органның атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 262-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
263-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы акт жазбасының мазмұны
Ескерту. 263-бап алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
264-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті акт жазбаларына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі.
Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті куәлік береді.
Ескерту. 264-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
265-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік беру
Ескерту. 265-бап алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
266-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік
Ескерту. 266-бап алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
267-бап. Азаматтың аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылғаны туралы хабарланатын мемлекеттік органдар тізбесі
Ескерту. 267-бап алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31-тарау. ҚАЙТЫС БОЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
268-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
Денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған кезде қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне ғана енгізеді.
Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық жүйелер интеграцияланбаған жағдайда, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне де, денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне де енгізеді.
Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу орны
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
Ескерту. 269-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
270-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болмаған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу мүдделі адамның өтініші бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжаттар беріле отырып жүргізіледі.
Ескерту. 270-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
271-бап. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу
Ескерту. 271-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеуді сот-медициналық сараптама ұйымының лауазымды адамының жазбаша өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Мәйіттері танылмаған адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу кезінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлікте қамтылған, мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі.
Егер қайтыс болған адам кейіннен танылған болса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және мәлімдеме жасаушының жазбаша өтінішінің негізінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қорытынды жасалмастан енгізіледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың мемлекеттік тіркелгені туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қызметіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша қайтыс болу туралы анықтама беріледі.
Ескерту. 271-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
272-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны
Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, туған күні, айы, жылы мен туған жері, соңғы тұрғылықты жері, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, қайтыс болған күні мен орны;
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың негізінде қайтыс болу себебі;
3) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
4) қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған мәлімдеме жасаушының аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, тұрғылықты жері не органның, ұйымның атауы және заңды мекенжайы;
5) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға болады.
Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану қажет болған жағдайда осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға олардың өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлікті береді.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабархаты бойынша беріледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болу туралы куәлігі барлық қажетті мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізілгеннен кейін ғана беріледі.
Ескерту. 273-бап жаңа редакцияда - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік
Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, жасын, қайтыс болған күні мен орнын;
2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күні мен нөмірін;
3) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
4) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
5) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 32-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕКЕ-ОТБАСЫ ЗАҢНАМАСЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
275-бап. Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде аумағында олардың соңғы бірге тұратын тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
276-бап. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау
277-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде ата-аналардың балаларын күтіп-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-аналар мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін.
278-бап. Кәмелетке толған балалардың, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері
Ата-аналардың пайдасына алименттік міндеттемелер, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
279-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу
Ескерту. 279-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
280-бап. Азаматтық хал актілерінің жасалуын растайтын шет мемлекеттердің құжаттарын тану
Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, сондай-ақ консулдық ресмилендірілген не арнайы мөртаңба (апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік тіркелуге жататын туу туралы акт жазбасын қоспағанда, мүдделі адамдардың өтініші бойынша тіркеуші орган немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі азаматтық хал актісін тіркеу туралы белгі қояды.
Қазақстан Республикасының құзыретті органдары босқындар мен мәжбүрлеп қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жері бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу), туу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілерінің басқа да құжаттарын алуға жәрдем көрсетуге міндетті.
Ескерту. 280-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
281-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
282-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
2. Осы Кодекстің 112-бабы 2-тармағының 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелері қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттеуді алған бала асырап алу жөніндегі агенттіктер көрсетілген тармақшалардың ережелері қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына тиісті міндеттемелер ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң осы Кодекстің 112-бабының 2-тармағы 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелеріне сәйкес міндеттемелер ұсынбаған бала асырап алу жөніндегі агенттіктер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін тоқтатады.
Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
283-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
2. "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат) күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
2025-09-03