Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т.А.Джобалаева 1 "ә" сынып оқушыларымен "Рәміздерім - мақтанышым"тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты:оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, оларды құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеп, патриоттық сезімдерін ояту.Тәрбие сағатында оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран туралы мағлұмат алып, олардың мағынасын түсінді.
Ел рәміздерін қастерлеу – әрбір азаматтың парызы мен мақтанышы.
Шу ауданы білім бөлімі.Әл-Фараби орта мектебінде 3"ә"сынып жетекшісі Акжаргакова Ж.Н. оқушылармен "Рәміздерім-мақтанышым"тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы терең мағлұмат беру, олардың мәнін түсіндіру.Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру,патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Тәрбие сағаты Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат беріліп, олардың шығу тарихы мен мағынасын түсіндірілді.Оқушылар рәміздер туралы өлеңдер оқып,сұрақтарға жауап берді және викториналық ойындарға қатысты.Сабақ соңында "Менің елім -Қазақстан"тақырыбында суреттер салды.Оқушылар өз елінің рәміздерін мақтан тұтып,Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. https://www.facebook.com/share/v/1FR5uJ5qte/
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 5 «Ә» сыныбында «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру, олардың маңызын ұғындыру, оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттыру және ел рәміздеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Оқушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы мәліметтермен бөлісіп, өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. https://www.facebook.com/share/p/1MYyqY5jHy/