Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    «Үздік Ұланбасы – 2026» республикалық аудандық байқауы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің
    оқушылар Парламентінің Президенті Каримова Айша
    2026 жылы ұйымдастырылған «Үздік Ұланбасы – 2026» республикалық аудандық байқауына қатысып, өзінің жоғары деңгейдегі көшбасшылық қабілетін, белсенді азаматтық ұстанымын және ұйымдастырушылық шеберлігін көрсетті.Байқау барысында ол түрлі кезеңдерден өтіп, мектепішілік өзін-өзі басқару жұмысын дамытуға қосқан үлесін таныстырып, өз жобаларын сәтті қорғады.Каримова Айша – мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласатын, оқушылар арасында беделі жоғары, жауапкершілігі мол көшбасшы. Ол мектеп Парламентінің президенті ретінде көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, оқушылардың белсенділігін арттыруға үлкен үлес қосып келеді.
    Каримова Айша – жас көшбасшы ретінде өзінің қабілеті мен белсенділігін дәлелдеп, «Үздік Ұланбасы – 2026» байқауында лайықты нәтиже көрсетіп, алғыс хат иегері атанды.
    https://www.facebook.com/share/v/1CRo2acbSA/

    "Жас қыран" және "Жас ұлан" ұйымдарына қабылдау салтанаты өтті

    Мектептегі "Жас қыран" және "Жас ұлан" ұйымдарына қабылдау салтанаты
    25-қазан Республика күніне орай мектепте салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара барысында еліміздің патриоттық ұйымдары – "Жас ұлан" және "Жас қыран" қатарына жаңа мүшелер қабылданды.
    "Жас Қыран" ұйымы қатарына 2–сыныптардан барлығы 8 оқушы қабылданып, өздерінің анттарын берді. Олар Отанға адал қызмет етуге, елінің нағыз патриоты болуға уәде етті.
    "Жас Ұлан" ұйымы қатарына 5-сыныптардан 28 оқушы қабылданып, өз төсбелгілерін тағып, салтанатты түрде ант қабылдады.
    Бұл шараның басты мақсаты – жас буынды отансүйгіштікке, бірлікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
    Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі жас ұландар мен жас қырандарға табыс тілеп, ел болашағына сенім білдірді.
    https://www.facebook.com/share/p/17XQEeEfJ6/

    «Жас Ұлан» ұйымы – «Аялы алақан» ұранымен ізгі істерге жол ашты!

    Мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының жоспары бойынша ұйым мүшелері мен еріктілер «Аялы алақан» ұранымен қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – қамқорлыққа, мейірімге, ізгілікке баулу және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету болды.
    Іс-шара барысында оқушылар өз еріктерімен көмек көрсетіп, адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өз ортасына үлгі болуға бағытталған.
    https://www.facebook.com/share/p/1FYgNUGkca/

    Әл -Фараби атындағы орта мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарына сәйкес Дармарка “Заттарға екінші өмір сыйла” акциясы 2-10 сыныптар арасында өтті.

    Шу ауданы білім бөлімінің
    Әл -Фараби атындағы орта мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарына сәйкес Дармарка “Заттарға екінші өмір сыйла” акциясы 2-10 сыныптар арасында өтті.
    Акцияның мақсаты: ескі заттарды қоқысқа тастамай,қажеттілікке жарату,әр затқа екінші өмір сыйлау. Қоршаған ортаны ластамауға, аялап күтуге тәрбиелеу.
    Акцияға белсене қатысқан сыныптар мен оқушылар мадақтамамен марапатталды.
    Осы іс - шараға белсене қатысып, үлесін қосқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру