Меню KDT

logo7.png?_=1

КГУ «Средняя школа имени Аль-Фараби» Шуского районного отдела образования Жамбылского областного управления образования
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Статьи

    Құмар ойынға құмартпа

    2026 жылдың 5 мамыр күні Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Төле би ауылдық округі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Құмар ойын – құрдымға апарады” тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
    Кездесу барысында мамандар құмар ойынға әуестену адамның өмірін түбегейлі өзгертіп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда, қарызға бату, отбасылық жанжалдар, ажырасу, құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық және басқа да келеңсіз жағдайларға себеп болатыны түсіндірілді.
    Сонымен қатар, құмар ойындардың жастардың болашағына, білім алуына және еңбекке деген ынтасына кері әсер ететіні айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы насихатталды.
    Іс-шараны “Жастарға қызмет көрсету және жастар бастамаларын қолдау” бөлімінің кеңесші заңгері Анықбаева Мөлдір Ардаққызы жүргізді.
    https://www.facebook.com/share/p/14Y2UfH2wWe/

    9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі

    Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 6 «Ә» сынып оқушыларымен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Майдангерлер ел есінде» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
    Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықтың мәнін түсіндіру, майдангерлердің жанқиярлық еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.
    Тәрбие сағаты барысында оқушылар соғыс жылдары туралы мәліметтермен танысып, батырлардың ерлігі жайлы әңгімелер тыңдап, тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. «Майдангерлер ел есінде» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Кейбір оқушылар өз отбасы мүшелерінің соғысқа қатысқан ата-бабалары туралы мәліметтермен бөлісті.
    https://www.facebook.com/share/p/18oW4ZnPmE/

    Ерлер жердің қорғаны,елдің тұтқасы”тақырыбында тәрбие сағаты

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 2”ә" сынып жетекшісі : Г.Т .Касымбекова оқушыларымен 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне арналған "Ерлер жердің қорғаны,елдің тұтқасы”тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты:
    оқушыларға Отан қорғаушылар күнінің мән-маңызын түсіндіру, әскери қызметкерлерге құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және отансүйгіштікке баулу.
    Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мұғалім Отан қорғаушылар күні туралы тарихи мағлұмат беріп, бұл мерекенің еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғаушы азаматтарға арналғанын түсіндірді.
    Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.
    «Мен Отанымды қорғаймын!» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
    Тәрбие сағатында оқушылар белсенділік танытып, өз елін, жерін қорғауға дайын азамат болуға деген ұмтылыстарын көрсетті. Отанға деген сүйіспеншілік арта түсті.
    https://www.facebook.com/share/p/1cS8vFETNa/

    9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 7 «Ә» сынып оқушыларымен Жеңіс күні қарсаңында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты : оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
    Сынып сағатында оқушылар соғыс жылдарындағы ерлік туралы мәліметтер айтты. Сонымен қатар, батырларымыздың ерлігі туралы бейнеролик көрсетіліп, олардың Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбектері кеңінен насихатталды.
    Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бейбіт өмірдің қадірін түсіну керектігін атап өтті.
    https://www.facebook.com/share/v/18DhCjUxDQ/

    7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джобалаева Толқын Алменқызы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 1"ә" сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілік, ел қорғаған батырларға құрмет көрсету және патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды.
    Іс-шара барысында оқушылар Отан қорғаушылар күні туралы мәліметтермен танысып, Қазақстан Қарулы Күштері жайлы әңгімелер тыңдады. Сонымен қатар, оқушылар тақпақтар айтып, патриоттық әндер тыңдады.Әртүрлі сұрақ-жауап, ойындарға белсенді қатысты.
    Сынып сағаты өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, елін, жерін қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін түсінді. Іс-шара соңында оқушыларға Отанға адал қызмет ету, елін сүю туралы насихат айтылып, тәрбиелік мәні зор қорытынды жасалды.
    https://www.facebook.com/share/p/1Gv1aFVRAD/

    "Ерлер жердің қорғаны,елдің тұтқасы"

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 3 «Ә» сыныбында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай"Ерлер жердің қорғаны,елдің тұтқасы" атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Отанды сүюге, елін қорғаған батырларды құрметтеуге, ерлік пен батырлықты үлгі етуге тәрбиелеу.
    Іс-шара барысында оқушылар мерекенің маңызы туралы мәлімет алып, тақпақтар оқыды, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі туралы айтылып, олардың батылдығы мен ел үшін жасаған еңбегі туралы түсіндірілді. Оқушылар батырларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.
    Тәрбие сағаты оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтты. Балалар бейбіт өмірдің қадірін түсініп, батырларға құрмет көрсету керектігін ұғынды.
    https://www.facebook.com/share/v/1JiD7tfyEV/

    «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында сынып сағаты

    Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігін таныстыру, ардагерлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
    Іс-шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, батырлар туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар соғыс ардагерлерінің ерлігі туралы әңгімелер айтылып, тәрбиелік маңызы зор бейнематериалдар көрсетілді.
    Сынып сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты.
    https://www.facebook.com/share/p/1b5BwJFy8B/

    Ер есімі – ел есінде

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 5 "ә" сыныбында 9мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған сынып сағаты өтті.
    «Ер есімі – ел есінде»
    Мақсаты:
    Оқушыларға Жеңіс күнінің маңызын түсіндіру
    Батырлардың ерлігін дәріптеу
    Отансүйгіштікке тәрбиелеу
    Негізгі мәлімет:
    9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні.
    1941–1945 жылдары болған соғыста халқымыз Отанын қорғап, ерлік көрсетті.
    Қазақстаннан майданға 1 миллионнан астам адам аттанды.
    Көптеген батырлар елге оралмады, бірақ олардың ерлігі мәңгі есте қалады.
    https://www.facebook.com/share/p/18UBfHav3R/

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

    Бұл мереке – еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын айшықтайтын ерекше күн. Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Дильбар Агаева мерекеге орай видео құттықтау жасады.Мектеп мұғалімі ретінде ол күн сайын әртүрлі мәдениеттен келген оқушылармен жұмыс істеп, олардың өзара сыйластығы мен құрметін қалыптастыруға үлес қосып келеді.
    Оның ата-анасы да кезінде Қазақстанға қоныс аударып, осы кең пейілді елден өз орнын тапқан. Сондықтан бірлік пен татулық құндылықтары оның өмірінде ерекше орын алады. Бүгінде ол осы құндылықтарды шәкірттерінің бойына сіңіруді басты міндеті деп санайды.
    Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, достық пен түсіністіктің мекені. Осындай ортада тәрбиеленіп жатқан ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы.
    Баршаңызды Бірлік күнімен құттықтаймыз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнасын!
    https://www.facebook.com/share/v/1DfrBv4eUM/

    1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

    Жамбыл облысы Шу ауданындағы Әл-Фараби атындағы орта мектебінде, тәрбиешілер Буйенбаева Н.К және Мырзаханова Ж.С 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу, көпұлтты еліміздегі татулық пен бірліктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ ұлттық рухты нығайту болды. Шара барысында оқушылар қазақ халқының және өзге этностардың мәдениетімен танысып, ұлттық ойындар ойнап, өнерлерін ортаға салды. Әр ұлттың дәстүрлерімен ерекшелігі насихатталып, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу көзделді. Нәтижесінде оқушылар бірлік пен ынтымақтың қадірін түсініп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге елжандылыққа тәрбиеленді.
    https://www.facebook.com/share/v/18e2ppW84E/

    ЖАС САҚШЫЛАР – ІІІ ОРЫН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің «Жас сақшы» тобы облыстық полиция басқармасы ұйымдастырған, полиция қызметкері Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған «Жол жүру инспекторы» ХХІ слетінде 15 команданың ішінен үздік үштікке еніп, ІІІ орынды иеленді!
    Бұл – үлкен жетістік, зор мақтаныш!
    https://www.facebook.com/share/p/1c5yJJKCQg/

    Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған «Жол жүру инспекторының» ХХІ слеті өткізілді

    2026 жылдың 27 сәуірінде Шу ауданы білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық білім бөлімі мен аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен полиция қызметкері Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған «Жол жүру инспекторының» ХХІ слеті өткізілді.
    Аталған іс-шараға ауданның бірнеше білім беру ұйымдарының оқушылары қатысып, өзара бақ сынасты. Слет бағдарламасы аясында «Жол жүру қағидаларының білгірлері», «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Велосипедпен мәнерлеп жүру», «Үгіт-насихат бригадасы» байқаулары және «Эрудит» турнирі өткізілді.
    Қатысушылар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
    Байқау қорытындысы бойынша «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
    https://www.facebook.com/share/p/1ET3a4KaTc/

    «Бірлігі бекем – Мәңгілік ел» атты халықтар достығы фестивалі

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі бекем – Мәңгілік ел» атты халықтар достығы фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
    Іс-шараның басты мақсаты – еліміздегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасындағы өзара сыйластықты арттыру, татулық пен бірлікті нығайту, ортақ құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақты бейбітшілік пен келісім рухында тәрбиелеу.
    Мерекелік шараға Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Жазықбаев Жайдар Саттарқұлұлы қатысып, барша қауымды айтулы мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен ынтымағы – ең басты байлығымыз екенін атап өтті. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері де өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, халықтар арасындағы достық пен татулықтың маңыздылығына ерекше тоқталды.
    Фестиваль барысында білім алушылар әр халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен таныстырып, ұлттық өнерлерін паш етті. Әсем ән шырқалып, мың бұралған билер орындалып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл көріністер көпұлтты халқымыздың бай мәдени мұрасын айқындай түсті.
    Осындай мазмұнды шаралар оқушылардың бойында елжандылық, толеранттылық, өзара құрмет пен сыйластық қасиеттерін қалыптастырады. Бірлік пен татулықты ту еткен елдің болашағы әрқашан жарқын болмақ.
    Берекелі бірлік – ел тірегі!
    Татулық пен келісім – тәуелсіз еліміздің тұғыры!
    https://www.facebook.com/share/v/1M7PYaT5ga/

    «Сапта жүріп ән айту» атты әсерлі патриоттық байқау

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай 5–10 сынып оқушылары арасында «Сапта жүріп ән айту» атты әсерлі патриоттық байқау жоғары деңгейде өтті.
    Бұл тағылымы мол шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік ұялату, елжандылық рухын нығайту және тәртіп пен жауапкершілікті бойларына сіңіру болды.
    Байқау барысында оқушылар сап түзеп, әскери нақыштағы жүріс пен бірлікке үндейтін әндерді үйлесімді орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әскери киім үлгісіндегі жас сарбаздар майдан әндерін асқақ рухпен шырқап, батыр бабалар ерлігін еске салды. Қазылар алқасы қатысушылардың саптық дайындығын, ән орындау шеберлігін, сахналық мәдениетін және үйлесімділігін әділ бағалады.
    Аталған іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ақжігітов Береке Сағатұлының қосқан үлесі зор. Оның оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке баулудағы еңбегі мен кәсіби шеберлігі айрықша атап өтуге тұрарлық. Ұстаздың тынымсыз еңбегі мен патриоттық тәрбиені насихаттаудағы белсенділігі байқаудың мазмұнын арттыра түсті.
    Байқау қорытындысында І орын алған командаға ауыспалы кубок табысталып, жеңімпаз сыныптар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.
    Бұл шара – жас ұрпақтың өткенге тағзым етіп, батырлар ерлігін ұлықтай отырып, ел болашағына деген сенімін нығайтқан маңызды рухани басқосу болды.
    https://www.facebook.com/share/v/1B56ozkmon/

    Қалдықтарға екінші өмір сыйлаймыз

    Шу ауданы білім бөлімі Әл Фараби орта мектебі «Қалдықтарға екінші өмір сыйлаймыз» атты қолөнер байқауы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және қайта өңдеу мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
    Аталған байқауға мектеп оқушылары белсенді қатысып, тұрмыстық қалдықтардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасап ұсынды. Қатысушылар пластик бөтелкелер, қағаз, картон, металл және басқа да пайдаланылған заттарды қолдана отырып, ерекше әрі пайдалы бұйымдар дайындады.
    Байқау барысында оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, олардың жасалу жолын, қолдану мақсатын түсіндірді. Қазылар алқасы жұмыстарды шығармашылық деңгейі, жаңашылдығы, ұқыптылығы және экологиялық маңыздылығы бойынша бағалады.
    Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мақтау қағаздары мен марапатталды
    Бұл байқау оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы оларға «екінші өмір» беруге болатынын көрсетті. Сонымен қатар, жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
    https://www.facebook.com/share/p/1C7b7WeyqN/

    «Жасыл апта» экологиялық челленджі

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектепте 16.04.2026 күні «Жасыл апта» экологиялық челленджі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
    Челлендж аясында мектеп оқушылары мен ұстаздары бірігіп, мектеп ауласына 50 түп тал көшеттерін отырғызды. Әрбір егілген тал – болашаққа деген қамқорлықтың белгісі. Оқушылар табиғатты қорғау – әр адамның азаматтық борышы екенін іс жүзінде көрсетті.
    Бұл игі шара оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін күшейтті. Жасыл желек – біздің жарқын болашағымыз!
    https://www.facebook.com/share/v/1E5fTRgiax/

    “Жас Ұлан” әскери-спорттық жарысы

    ЕЛІМ ДЕГЕН ЕР ЖАСТАР – ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ!
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері “Жас Ұлан” әскери-спорттық жарысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мектеп намысын абыроймен қорғады!
    Біздің мектебімізден 8 оқушыдан құралған команда бұл сайыста тек күш-қуат пен төзімділікті ғана емес, нағыз Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты айқын көрсете білді. Жарыс барысында олар тәртіптілік, ұйымшылдық, жауапкершілік және бір мақсатқа ұмтылған берік командалық рухтың үлгісін танытты.
    Бұл дода – жас ұрпақтың жігерін шыңдап, елін, жерін сүюге тәрбиелейтін маңызды сынақ. Әр кезеңде біздің жас сарбаздарымыз өздерінің табандылығын, қайсарлығын және жеңіске деген жігерін дәлелдеп, ел болашағы – білімді де намысты жастардың қолында екенін көрсетті.
    Жарыс қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы орта мектебінің командасы жалпыкомандалық I орынға ие болып, биік мәртебені жеңіп алды!
    Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, үздіксіз дайындықтың және бірліктің жемісі. Бұл – тек спорттық жетістік емес, бұл – Отанға қызмет ететін болашақ жас қорғаушылардың жеңісі!
    Команда жетекшісі – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
    Ақжігітов Береке Сағатұлы шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздің еңбегіңіз – жас буынды отансүйгіштікке, тәртіпке және ерлікке баулудың айқын үлгісі!
    Біз сіздермен мақтанамыз!
    Алдағы уақытта да көк байрағымызды биіктен желбіретіп, ел абыройын асқақтата беріңіздер!
    https://www.facebook.com/share/p/14Yz5N7orgR/

    Балалар азаматтық қорғаныс әлемінде

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог -ұйымдастырушыБакбергенова Г.Б. 5–9 сынып оқушылары арасында "Балалар азаматтық қорғаныс әлемінде"атты сурет байқауын өткізді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету туралы түсініктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
    Мақсаты
    Оқушыларға азаматтық қорғаныс негіздерін түсіндіру
    Төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны т.б.) кезінде әрекет ету дағдыларын қалыптастыру
    Қауіпсіздік ережелерін насихаттау
    Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
    Қатысушылар суреттерінде келесі тақырыптарды бейнеледі:
    Өрт қауіпсіздігі
    Табиғи апаттардан қорғану
    Алғашқы көмек көрсету
    Қауіпсіз өмір салты
    Үздік жұмыстар иелері мақтау қағаздарымен марапатталды.
    Бұл байқау оқушылардың тек сурет салу қабілетін ғана емес, сонымен қатар өмірлік маңызды қауіпсіздік дағдыларын меңгеруіне ықпал етті. Осындай іс-шаралар арқылы балалар төтенше жағдайларда өздерін дұрыс ұстауды үйренеді және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениеті қалыптасады.
    https://www.facebook.com/share/p/1DzJGQtL9N/
     

    «Ғарыш әлемі» тақырыбында қолөнер байқауы

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлемі» тақырыбында қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш туралы білімдерін кеңейту және ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру.
    Аталған іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысып, өздерінің қиялынан туындаған ерекше жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар зымыран, ғарыш кемелері, ғаламшарлар мен жұлдыздар бейнеленген түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, көрмеге қойды.
    Байқау барысында оқушылардың жұмыстары мазмұны, ұқыптылығы, жаңашылдығы және тақырыпқа сәйкестігі бойынша бағаланды. Үздік жұмыстар арнайы мадақтау қағазымен марапатталды.
    Бұл байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, олардың ғарышқа деген қызығушылығын арттырып, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.
    Құжатты ашу

    "Дос бол Like- достық қолын ұсын

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 1 "ә" сынып оқушыларымен "Дос бол Like- достық қолын ұсын" акциясы барысында «Бірге ойна, ренжітпе!» тақырыбында буллингтің алдын алуға бағытталған сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның зиянын ұғындыру, бір-біріне құрметпен қарауға, мейірімділік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
    Сабақ барысында оқушыларға буллинг туралы түсінік беріліп, оның түрлері (мазақтау, қорлау, шеттету) талқыланды. Түрлі жағдаяттар ұсынылып, оқушылар өз ойларын айтып, дұрыс шешімдер қабылдауға үйренді. «Егер менің досымды ренжітсе...» тақырыбында пікір алмасу жүргізілді.
    Сонымен қатар, оқушылар топпен жұмыс жасап, «Жақсы дос қандай болады?» деген сұраққа жауап беріп, постер қорғады. Бір-біріне жылы сөздер айтып, қолдау көрсету арқылы жағымды орта қалыптастыруға бағытталған ойындар ұйымдастырылды.
    Сынып сағаты барысында балаларға біреуді ренжітуге болмайтыны, қиын жағдайда ересектерден көмек сұрау керектігі түсіндірілді.
    Оқушылар буллингтің зиян екенін түсініп, бір-біріне қамқор болу, бірге тату ойнау, сыйластықпен қарым-қатынас жасау қажеттігін ұғынды.
    Құжатты ашу

    «Таза Қазақстан» акциясы

    Жамбыл облысы білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 9 және 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі ұйымдастырылды.
    Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу, мектеп ауласын көгалдандыру және түлектердің мектепке деген құрметін қалыптастыру.
    Экочеллендж барысында 9 және 11 сынып түлектері мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды. Оқушылар ағаш егу жұмыстарына белсенді қатысып, көшеттерді дұрыс отырғызу, суару және күтіп-баптау жолдары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Шара барысында әр сынып өздері отырғызған ағаштарға жауапкершілік алып, оны күтіп-баптауға уәде берді. Түлектер бұл игі істі болашақ ұрпаққа үлгі боларлық дәстүрге айналдыру қажеттігін атап өтті.
    Іс-шара соңында мектеп ауласы жас көшеттермен толықтырылып, оқушылар табиғатты аялау – әр азаматтың парызы екенін түсінді. «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбекке баулуға және туған жерге деген қамқорлығын арттыруға бағытталды.
    Құжатты ашу

    «Ертегілерге саяхат» туралы мәлімет

    «Ертегілерге саяхат» – бұл балаларды ертегілер әлемімен таныстыруға арналған қызықты тақырып немесе іс-шара. Мұндай саяхат арқылы оқушылар қиял-ғажайып кейіпкерлермен танысып, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді.
    Мақсаты: – Балалардың қиялын дамыту
    – Сөздік қорын байыту
    – Оқуға деген қызығушылығын арттыру
    – Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу
    Мазмұны: Ертегілерге саяхат барысында балалар қазақтың халық ертегілерін және әлем ертегілерін оқиды. Мысалы:
    – «Алдар көсе»
    – «Тазша бала»
    – «Бауырсақ»
    – «Қызыл телпек»
    Балалар ертегілерді тыңдап қана қоймай, кейіпкерлерді сомдап, шағын көріністер қоя алады.
    Маңызы: Ертегілер арқылы бала өмірлік құндылықтарды түсінеді. Жақсы мінез-құлық, адалдық, батырлық сияқты қасиеттер
    Құжатты ашу

    «Жол жүру ережесін білесің бе?»

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 6–7 сынып оқушылары арасында «Жол жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.
    Іс-шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол ережелері, бағдаршам белгілерінің мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар, жолдан өту кезінде сақтық шараларын сақтау, арнайы жаяу жүргіншілер жолағын пайдалану қажеттілігі айтылды.
    Оқушыларға қоғамдық көлікте, мектеп маңында және жол үстінде өзін дұрыс ұстаудың үлгілері көрсетіліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін әр азаматтың жауапкершілігі жоғары болуы керектігі түсіндірілді.
    Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету және жасөспірімдердің өмірін қорғау.
    Түсіндірме жұмысы барысында оқушылар жол жүру ережелерін білу мен оны күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығын түсінді. Осындай шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
    Құжатты ашу

    День Космонавтики

    Сегодня, педагог предшкольного класса Мырзаханова Ж.С. провела увлекательный урок, посвященный «Дню космонавтики». Дети с большим интересом слушали рассказ о первых покорителях космоса, достижениях в области космонавтики и перспективах развития этой захватывающей отрасли. Дети с интересом смотрели видеоролик про космос с удовольствием рисовали ракеты, космонавтов, планеты. Урок стал не только познавательным, но и способствовал развитию патриотизма и гордости за достижения человечества.
    Құжатты ашу

    Образование — главная ценность государственной политики: приоритеты, определение в новой Конституции РК

    Краткая информация о проведённом классном часе
    Тема: «Образование — главная ценность государственной политики: приоритеты, определение в новой Конституции РК».
    Дата: 8 апреля 2026 года.
    Класс: 11 «А».
    Классный руководитель: Альденбаев Жаныбек Рысбекович
    Итоги классного часа:
    • Учащиеся детально разобрали статьи новой Конституции РК, закрепляющие право на образование (в т. ч. ст. 33), обсудили светский характер образовательной системы и обязательность начального и основного среднего образования.
    • Проведён анализ приоритетов государственной политики в сфере образования: развитие непрерывной системы образования, повышение его качества, обеспечение доступности и единства образовательного пространства.
    • Ученики отработали навыки применения конституционных норм на практике через разбор кейсов (ситуации с доступом к образованию для детей с ОВЗ, выбором учебного заведения, получением высшего образования).
    • Достигнута цель — сформировано понимание того, что образование является не только личным правом, но и ключевым приоритетом государственной политики, напрямую влияющим на развитие страны.
    Краткое обсуждение учеников:
    Ученики активно участвовали в дискуссии и выделили следующие ключевые моменты:
    • «Оказывается, право на образование — это не просто возможность учиться, а конституционная гарантия!»
    • «Интересно, как государство заботится о доступности образования — даже для детей с особенностями развития» .
    • «Теперь я понимаю, почему так много внимания уделяется качеству образования — это инвестиция в будущее страны».
    • «Было полезно узнать, что образование — непрерывный процесс, и учиться можно всю жизнь» .
    Рефлексия урока:
    В конце занятия ученики ответили на вопросы рефлексии:
    Что нового вы узнали?
    o многие открыли для себя юридические аспекты права на образование;
    o узнали о конкретных приоритетах образовательной политики РК;
    o осознали связь между личным образованием и развитием государства.
    Общий вывод:
    Классный час прошёл продуктивно, вызвал живой интерес у учащихся. Ученики не только усвоили правовые основы образования в РК, но и переосмыслили личную ответственность за учёбу как вклад в будущее страны. Классный руководитель отметил высокую активность и вовлечённость класса, а также готовность применять полученные знания в жизни.
    Құжатты ашу

    «Салауатты өмір – жарқын болашақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.

    Әл Фараби атындағы орта мектебінде 7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні аясында оқушылар арасында «Салауатты өмір – жарқын болашақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.
    Флешмоб барысында оқушылар әуен ырғағымен бірлесіп жаттығулар жасап, көңілді би қимылдарын орындады. Бұл шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды спортпен шұғылдануға, белсенді өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу.
    Флешмоб өте әсерлі өтіп, қатысушыларға сергектік пен жағымды эмоция сыйлады.
    Құжатты ашу

    Өмірге салауатты қадам

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл -Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т.А.Джобалаева 1-2 сынып оқушыларымен 7 сәуір- Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтау жолдарын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу болды.
    Іс-шара барысында оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі басты құндылық екені түсіндіріліп, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, күн тәртібін сақтау, спортпен айналысу туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы айтылып, олардың алдын алу жолдары талқыланды.
    Сынып сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақ-жауап бөліміне қатысып, өз ойларымен бөлісті. «Пайдалы және зиянды әдеттер» тақырыбында ойындар ойнатылып, мақал-мәтелдер айтылды.
    Қорытынды бөлімде оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсініп, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау керектігін ұғынды.
    Құжатты ашу

    7сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 7сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Өмірге салауатты қадам тақырыбында сынып сағаты өтті.
    Қауіпсіздік сабағы: Жүргізуші еңбегінің ерекшеліктері және оның негізгі міндеттері
    Мақсаты:
    Оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру
    Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
    Жол қауіпсіздігі туралы білімдерін кеңейту
    Жүргізуші еңбегінің жауапкершілігін ұғындыру
    Кіріспе бөлім:
    7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1948 жылдан бастап атап өтеді.
    Денсаулық – адам өміріндегі ең басты байлық. Денсаулығы мықты адам ғана жақсы оқып, еңбек етіп, арманына жете алады.
    Негізгі бөлім
    1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
    Салауатты өмір салты – денсаулықты сақтауға бағытталған әдеттер жиынтығы:
    Дұрыс тамақтану 
    Спортпен айналысу 
    Таза ауада серуендеу 
    Жеке бас гигиенасын сақтау 
    Зиянды әдеттерден аулақ болу 
    Маңызды: Күн сайын кемінде 1 сағат қозғалыста болу керек.
    2. Қауіпсіздік сабағы
    Жүргізуші еңбегінің ерекшеліктері
    Жүргізуші – өте жауапты мамандық. Ол тек көлік айдап қана қоймай, адамдардың өміріне жауап береді.
    Жүргізушінің негізгі міндеттері:
    Жол ережелерін сақтау
    Бағдаршамға бағыну
    Жылдамдықты асырмау
    Жаяу жүргіншілерге жол беру
    Көлікті дұрыс басқару
    Ерекшеліктері:
    Үнемі мұқият болу керек
    Жолдағы жағдайды тез бағалау
    Шаршамау, ұйқыны қандыру
    Сабырлы болу
    Талқылау сұрақтары:
    Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?
    Қандай пайдалы әдеттерді білесіңдер?
    Жолда өзіңді қалай қауіпсіз ұстайсың?
    Жүргізуші неге жауапты?
    Сергіту сәті:
    «Пайдалы – зиянды» ойыны
    Мұғалім әрекеттер айтады, оқушылар ажыратады:
    Спортпен айналысу
    Ұзақ телефон қарау
    Дұрыс тамақтану
    Кеш ұйықтау
    Қорытынды:
    Денсаулық – баға жетпес байлық. Әр адам өз денсаулығына жауапты.
    Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау – өмірді сақтаудың кепілі.
    Үй тапсырмасы:
    «Менің салауатты өмірім» тақырыбында шағын эссе жазу.
    Құжатты ашу

    «Шаңырақ – бірлік символы»

    17 наурыз – Шаңырақ күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 10 «А» және 10 «Б» сыныптарының ұйымдастыруымен «Шаңырақ – бірлік символы» атты тағылымды кеш өтті.
    Кештің басты мақсаты – оқушыларға отбасының қадір-қасиетін ұғындыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және бірлік пен татулықты дәріптеу. Шара барысында оқушылар өз тілектері мен жүрекке жылы ықыласын білдірді. Және де түрлі ұлт өкілдері Наурызға арналған ана тілдерінде құттықтаулар, өлеңдер, бата , жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер айтып Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.Шаңырақ – әр отбасының берекесі мен бірлігінің белгісі. Осындай тәрбиелік мәні зор кештер жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
    https://www.facebook.com/share/v/18hQExunsV/

    «Экочеллендж» ұйымдастырылды

    «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде мектебімізде оқушылардың экологиялық санасын арттыру, табиғатты қорғауға баулу мақсатында «Экочеллендж» ұйымдастырылды.
    Челлендж барысында оқушылар бірнеше бағыт бойынша белсенділік танытты. Атап айтқанда, «Бір күн – бір игі іс» қағидаты негізінде оқушылар мектеп ауласын тазалап пайдалы жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, пластик пен қағазды бөлек жинау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
    Оқушылар экологиялық тақырыпта бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісіп, табиғатты қорғауға шақырды.
    Челлендж қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, олардың жұмыстары көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды.
    Аталған экочеллендж оқушылардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты.
    https://www.facebook.com/share/v/1B2i1PKFET/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру