Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» – РУХТЫ ҰРПАҚТЫҢ ЖЕТІСТІГІ!

    Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні аудан көлемінде ұлт руханиятының көрнекті өкілі, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын насихаттауға арналған «Махамбет оқулары» байқауы өтті.
    Байқауға Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды:
     Төрехан Айжан – «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу бағыты бойынша ІІ орын;
     Абдрахман Мансұр – «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы бойынша ІІІ орын;
     Жамбыл Ақнұр – «Ел құтқарар ер едім...» – Махамбет шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу конкурсы бойынша ІІ орын.
     Оқушылардың жетекшілері:
    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Басжанова Молдир Доктырбаевна және Дүйсекеева Анара Мейрамбековна.
    Ұстаздарымызға оқушыларды байқауға дайындаудағы еңбектері үшін алғыс білдіреміз!
    Жас таланттарымызды жүлделі орындарымен құттықтап, шығармашылық биіктерден көріне беруіне тілектеспіз! 
    Махамбет мұрасы – ұрпаққа аманат, ұлттық рух – мәңгілік мұра!
    https://www.facebook.com/share/p/18x1pDV15L/

    Ел рәміздері – елдігімнің айғағы

    Ел рәміздері – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігін, ұлттық рухы мен елдік мұратын айқындайтын қасиетті құндылықтар.
    Тәрбие сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтырып, олардың тарихы мен мағынасы жайлы ой бөлісті. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, танымдық тапсырмалар орындап, ел рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті.
     Көк Туымыз – бейбітшіліктің, ашық аспанның белгісі.
     Қыран бүркіт – еркіндік пен биік мақсаттың символы.
     Елтаңбамыз – ел бірлігі мен шаңырақтың қасиетін білдіреді.
     Әнұранымыз – ел рухын көтеріп, Отанға деген мақтаныш сезімін оятады.
    «Рәміздерім – мақтанышым,
    Отаным – асыл қазынам!» 
    https://www.facebook.com/share/p/1MFf2kSz3J/

    «Мектеп лига» жарысы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 7-8 сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімі А.М. Дуйсебаев 2026 жылдың 19 қыркүйек күні жеңіл атлетика мектепішілік «Мектеп лига» жарысын өткізді. Жарыс жеңіл атлетиканың төрт түрі бойынша ұлдар мен қыздар арасында бөлек өткізілді. Атап айтқанда 60м жүгіру, доп лақтыру (150г), ұзындыққа секіру, 1000м жүгіру - ұлдар, 600м – қыздар. Жарыста әрбір спорт түрі бойынша оқушылардың жеке нәтижелері есепке алынды.Жарысқа ұлдардан 12, ал қыздардан 9 оқушыдан қатысты. Жарыстың алдында Дуйсебаев А.М. оқушыларды өмір қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар орындарына сай дипломдармен марапатталды.
    Ұлдар: Қыздар:
    І орын – Тауасар Диас 8Ә                                       І орын – Алиева Рамиля 8Б
    ІІ орын – Ахмедов Вакил 8А                                   ІІ орын – Смағұл Ұлжан 8Ә
    ІІІ орын – Пашалиев давуд 8Б                               ІІІ орын – Бақытжан Балауса 7Ә
    ІІІ орын – Мақсатхан Ақжүрек 8Ә                          ІІІ орын – Надырова Берива 7А
    Жарысты ұйымдастырып өткізген Әл-Фараби орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дуйсебаев.
    https://www.facebook.com/share/p/1EvEpgbh5f/

    Кітап оқитын ұлт

    «Кітап оқитын ұлт» – елімізде тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық жоба. Жоба аясында оқушыларды көркем әдебиетпен қатар, танымдық және заманауи шығармаларды оқуға ынталандыру көзделеді.
    Жоба аясындағы республикалық кітап оқу марафонында «Кітап оқитын мектеп» бағыты 6–10 сынып оқушыларына арналған. Қатысушылар арнайы ұсынылған кітаптарды оқып, өз пікірлерін білдіріп, қорытынды тестілеу мен зияткерлік сайыстарға қатыса алады.
    Таныстырылым кезінде оқушыларға кітап таңдау, оқыған шығарманың мазмұнын талдау, кейіпкерлерге баға беру және өз ойын еркін жеткізу бойынша бағыт-бағдар берілді.
    https://www.facebook.com/share/p/1KV4t31trj/

    Берекелі отбасы – бақытты бала

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби орта мектебі.
    Мектебімізде отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты дәріптеу мақсатында педагог -ұйымдастырушы Г.Б.Бакбергенова«Берекелі отбасы – бақытты бала» атты сурет байқауын өткізді.
    Оқушылар өздерінің отбасы туралы салған шығармашылық жұмыстарын ұсынып, отбасының берекесі, бірлігі мен татулығын сурет арқылы бейнеледі. Оқушылардың жұмыстары мазмұндылығымен, шығармашылығымен және көркемдік ерекшеліктерімен ерекшеленді.
    Іс-шара барысында оқушылар отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылық екенін түсініп, өз отбасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін шығармалары арқылы жеткізді.
    Мақсаты: отбасы құндылықтарын дәріптеу, оқушыларды ата-ананы құрметтеуге, отбасын қадірлеуге және мейірімділікке тәрбиелеу.
    https://www.facebook.com/share/p/19hpP2xXiZ/

    Еңбек түбі – береке

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т.А.Джобалаева 2"ә" сынып оқушыларымен "Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, кез-келген жетістікке маңдай термен, табанды еңбекпен жетуге болатынын ұғындыру.
    Сынып сағаты барысында оқушылармен еңбек туралы мақал-мәтелдер айтылып, еңбек пен жетістік арасындағы байланыс туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар өздерінің күнделікті атқаратын жұмыстары мен міндеттері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар түрлі мамандықтар жайында пікір алмасып, әр еңбектің қоғам үшін маңызды екені түсіндірілді.
    Сабақ соңында оқушылар еңбекқор, жауапты және тиянақты болу – жақсы нәтижеге жетудің негізгі жолдарының бірі деген қорытындыға келді.
    https://www.facebook.com/share/p/19LSySKxVP/

    Семья – компас в меняющемся мире

    В средней школе имени Аль-Фараби отдела образования Шуского района для родителей учащихся 9-х классов было проведено родительское собрание в формате классного часа-тренинга «Семья – компас в меняющемся мире».
    Цель мероприятия: укрепление взаимодействия семьи и школы, повышение роли родителей в воспитании и поддержке подростков, создание атмосферы доверия и взаимопонимания, а также совместное обсуждение вопросов, связанных с возрастными особенностями учащихся 9-х классов и их будущим самоопределением.
    В ходе мероприятия родители приняли активное участие в различных интерактивных заданиях и обсуждениях.
    Этапы проведения мероприятия:
    1. Вводная часть и мотивация.
    Встреча началась с приветствия, знакомства с целями и задачами мероприятия. Участники настроились на открытый диалог и совместную работу.
    2. Блиц-опрос «Право и обязанность».
    Родителям были предложены вопросы, направленные на осмысление прав, обязанностей и ответственности родителей и детей.
    3. Интерактивные задания и работа в группах.
    Участники обсуждали реальные жизненные ситуации, обменивались мнениями, находили совместные решения и определяли эффективные способы поддержки подростков.
    4. Практическая часть.
    Особое внимание было уделено семейным ценностям, взаимопониманию, доверию, уважению и эмоциональной поддержке детей в период взросления.
    5. Рефлексия и подведение итогов.
    https://www.facebook.com/share/v/1HGY4Mf3mx/

    Ауыл тазалығы – ортақ жауапкершілік!

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебіміздің ұжымы ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосып, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Белгіленген аумақтар қоқыстан тазартылып, қураған шөптер мен жапырақтар жиналып, айнала ретке келтірілді.
    Ауылдың көркеюі – оның тазалығынан басталады. Таза көше, көрікті орта – туған жерге деген құрмет пен жанашырлықтың белгісі. Өз ауылымыздың ажары артып, таза әрі жайлы болуы әрқайсымыздың ортақ ісіміз.
    Туған жерімізді таза ұстап, ауылымыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!
    https://www.facebook.com/share/p/18MPLnWL7p/

    ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    9 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде мектептің 9–11 сынып оқушыларымен маңызды әрі мазмұнды кездесу болып өтті.
    Аудан жастарының құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және болашағына бағыт-бағдар беру мақсатында өткен іс-шараға арнайы қонақтар қатысты.
    **Кездесуге қатысқан мәртебелі меймандар:**
    **Б.О. Жәнібеков** – Шу ауданының әкімі;
    **Ж.Ә. Әбенов** – Шу аудандық мәслихатының төрағасы;
    **Н.А. Қыздарбеков** – Шу аудандық АПБ ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы, полиция аға лейтенанты.
    **Кездесуде не айтылды?**
    Аудан әкімі Б.О. Жәнібеков жастарға арналған мемлекеттік қолдаулар мен мүмкіндіктерге тоқталып, мектеп бітіруші түлектерге білімді, еңбекқор және өз елінің патриоты болуды тіледі.
    Ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы Н.А. Қыздарбеков кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, буллингтің және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша заңнамалық талаптарды егжей-тегжейлі түсіндірді.
    Мәслихат төрағасы Ж.Ә. Әбенов өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың маңызын атап өтті.
    Жиын еркін форматта өтіп, оқушылар аудан басшылығына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
    Еліміздің болашағы – білімді де тәртіпті жастардың қолында!
    https://www.facebook.com/share/p/1HF5ruD3sr/

    ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

    10 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай дәстүрлі **жалпы ата-аналар жиналысы** болып өтті.
    Жиналысқа мектеп директоры Ж.У. Алиаскаров, директорымыздың орынбасарлары Ш.А. Төлегенова, М.Д. Басжанова және сынып жетекшілері мен ата-аналар қатысты.
    **Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:**
     **Білім мен тәрбие басымдығы:** Мектеп директоры Ж.У. Алиаскаров жаңа оқу жылындағы мақсаттармен таныстырып, бала тәрбиесінде мектеп пен отбасының тығыз байланыста болуы маңызды екенін баса айтты.
     **Мектеп ережесі мен тәртіп:** ДТІЖО Ш.А. Төлегенова бекітілген бірыңғай мектеп формасын ұстану және оқу процесінде оқушылардың назарын бөлетін ұялы телефондарды пайдалану шектеулері туралы түсіндіріп өтті.
     **Қауіпсіздік – басты назарда:** ДҚТІЖО М.Д. Басжанова балалардың көшедегі, жолдағы және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін еске салды.
    **💡 Маңызды сәт:**
    Жиналыс соңында мектеп әкімшілігі – мектеп директоры Ж.У. Алиаскаров, ДТІЖО Ш.А. Төлегенова және ДҚТІЖО М.Д. Басжанова ата-аналарға баланың өмір қауіпсіздігі мен мектеп ережелері қамтылған **арнайы ақпараттық жадынамалар (памяткалар)** таратты.
    Біздің ортақ мақсатымыз – балаларымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету! Жаңа оқу жылы жемісті болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/1dTEiW8B7n/

    11-СЫНЫП АТА-АНАЛАРЫМЕН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

    11 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде мектептің бітіруші 11-сынып ата-аналарына арналған **«Отбасы – қолдау кеңістігі»** тақырыбында мазмұнды кездесу болып өтті.
    Шараның басты мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жеке шекаралар мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз қарым-қатынас орнату болды.
    **Кездесуге арнайы қатысқан мамандар:**
     **М.М. Кусайнов** – АПБ қызметкері, мектеп инспекторы;
     **М.Д. Басжанова** – Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
     **А.У. Тұрысбек** – Мектеп психологы.
    **Жиналыста не талқыланды?**
     Мектеп инспекторы М.М. Кусайнов пен ДҚТІЖО М.Д. Басжанова ата-аналарға баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заңды жауапкершілікті және мектеп пен отбасы арасындағы байланыстың маңызын түсіндірді.
     Мектеп психологы А.У. Тұрысбек отбасындағы татулық пен жанжалдың баланың мінез-құлқына, ой-өрісіне тигізетін ықпалы туралы әсерлі бейнероликтер көрсетіп, ата-аналармен арнайы психологиялық тренинг өткізді.
    Ата-аналар мен мектеп арасындағы мұндай ашық диалог пен қолдау – балаларымыздың жарқын келешегі мен амандығының кепілі!
    https://www.facebook.com/share/p/1To6rznXEH/

    Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі

    Әл-Фараби атындағы орта мектеп кітапханасында Отбасы күніне орай бастауыш сынып оқушыларына арналған «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
    Көрмеге отбасы, ата-ана тәрбиесі, бала мен ата-ана арасындағы сыйластық, ұлттық құндылықтар мен отбасылық дәстүрлер туралы кітаптар қойылды. Оқушыларға отбасының адам өміріндегі орны мен маңызы түсіндіріліп, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, бір-біріне мейірімділік таныту сияқты құндылықтар насихатталды.
    Көрме барысында бастауыш сынып оқушылары отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, өз отбасылары жайлы жылы лебіздерімен бөлісті.
    https://www.facebook.com/share/p/19Y9MTHP4P/

    ОТБАСЫ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ

    Отбасы – әр баланың өміріндегі ең алғашқы тәрбие мектебі, мейірім мен жылулықтың мекені. Осыған орай 1 «Ә» – 4 «Ә» сынып оқушыларымен «Отбасы – тәрбиенің бастауы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді.
    Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасының қадірі, ата-анаға деген құрмет, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, отбасындағы өзара сыйластық пен сүйіспеншілік туралы өз ойларын ортаға салды. Қызықты сұрақтар мен тәрбиелік тапсырмалар арқылы оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызын түсініп, өз отбасылары туралы жылы лебіздерін білдірді.
    Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананы құрметтеуге, туған-туысты қадірлеуге, мейірімділікке, ізеттілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушылар «Отбасы – бақыттың бастауы, мейірімнің мекені» екенін түсініп, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білді.
    https://www.facebook.com/share/p/1C7tqzCsCS/

    МЕКТЕПТЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    2026 жылдың 7 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 9–11 сынып оқушыларымен мектептің ішкі тәртіп ережелері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Кездесуге мектеп директоры Ж.У. Алиаскаров және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А. Тулегенова қатысып, оқушыларға маңызды мәселелер бойынша түсінік берді.
     мектеп формасын талапқа сай ұстану;
     оқу барысында ұялы телефонды қолданбау;
     жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
     буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;
     интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау;
     алаяқтықтың алдын алу және күмәнді хабарламалар мен қоңыраулардан сақтану;
     мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
     Басты мақсат — оқушылардың жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және мектепте қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
    https://www.facebook.com/share/p/1BnHr9k7JP/

    Моя семья — моя опора

    В средней школе имени Аль-Фараби районного отдела образования Шуского района в 6 «А» и 6 «Б» классах был проведён классный час на тему:
    "Моя семья — моя опора»
    Закон и порядок в контексте новой Конституции — «Уважение прав и выполнение обязанностей в семье»
    Таза Қазақстан — «Экологические привычки семьи: бережное отношение к ресурсам»
    Личная безопасность — «Как избегать опасных объектов на улице?» классного часа учащиеся говорили о значении семьи в жизни каждого человека, о любви, взаимопонимании, уважении и заботе между членами семьи. Ребята поделились своими мыслями о семейных традициях и о том, почему семья является важной опорой в жизни человека.
    Классный час прошёл интересно и содержательно. Учащиеся активно участвовали в обсуждении и пришли к выводу, что крепкая и дружная семья — основа счастья каждого человека.
    https://www.facebook.com/share/p/1DPY7fsxpC/

    Отбасындағы сыйластық

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 7 «Ә»-8 «Ә» сынып оқушыларымен «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
    Мақсаты: оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасындағы өзара сыйластық, құрмет, түсіністік пен қамқорлықтың мәнін ұғындыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
    Іс-шара барысында оқушылар отбасындағы сыйластық пен татулық туралы өз ойларын ортаға салып, отбасы мүшелеріне деген құрметтің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Түрлі сұрақтар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылар өзара түсіністік пен жылы қарым-қатынастың отбасындағы береке-бірліктің негізі екендігін талқылады.
    Сонымен қатар оқушылар отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ата-ананы құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттер туралы ой бөлісті.
    Сынып сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін еркін жеткізді. Оқушылар отбасындағы татулық пен сыйластықты сақтау әр адамның міндеті екендігін атап өтті.
    https://www.facebook.com/share/v/1DyiJvM7LQ/

    Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 7 «Ә» сынып оқушыларымен қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
    Мақсаты : оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мағлұмат беру, ұлт ұстазының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесін таныту, оқушылардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттыру.
    Іс-шара барысында оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, қоғамдық қызметі, ғылыми еңбектері мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Ақынның қазақ әліпбиін қалыптастырудағы, тіл білімінің негізін қалаудағы еңбегі туралы айтылып, оның ұлт болашағы үшін атқарған қызметі кеңінен таныстырылды.
    https://www.facebook.com/share/v/1DufwPtrsb/

    Тіл – татулық тірегі

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар апталығының ашылуы өтті.
    Мерекелік шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, тілдің ұлттың рухани қазынасы екенін ұғындыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу.
    Шара барысында оқушыларға тіл, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрге байланысты түрлі танымдық сұрақтар қойылды. Әр дұрыс жауап берген оқушыға қазақ халқының кең дастарханы мен қонақжайлығының белгісі ретінде бауырсақ таратылды.
    Сонымен қатар оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, олардың мағынасын ашты, тіл тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Қызықты тапсырмаларға белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
    https://www.facebook.com/share/p/1MAaYDwNMo/

    СЕНІМДІ ДОС» – БАЛА ЖАНЫН ТҮСІНУДЕН БАСТАЛАДЫ

    Кейде балаға ақыл айтудан бұрын, оны үнсіз тыңдайтын, түсінетін және жанынан табылатын сенімді адам қажет.
    Осы мақсатта Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 2026–2028 жылдарға арналған «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» бағдарламасы аясында «Сенімді дос» компоненті бойынша мектеп қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.
    Семинар барысында педагог-психологтар бала бойындағы көңіл күй мен мінез-құлық өзгерістерін дер кезінде байқау, қиын жағдайда қалған оқушыны тыңдай білу, онымен сенімді қарым-қатынас орнату және қажетті қолдауды дұрыс ұйымдастыру жолдарына тоқталды.
    Бала қауіпсіздігі – тек бір маманның міндеті емес. Мектептегі әрбір қызметкер оқушының жан дүниесіне бейжай қарамай, қажет сәтте оның жанынан табыла білуі маңызды.
    Бір ауыз жылы сөз, шынайы көңіл бөлу мен дер кезінде көрсетілген қолдау кейде бала үшін үлкен күшке айналады.
    Мектебіміз үшін әр баланың өзін қауіпсіз, бағалы әрі түсінілген сезінуі – басты құндылықтардың бірі. «Сенімді дос» – осы ортақ жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам.
    https://www.facebook.com/share/p/1CRb1NKWJd/

    Отбасындағы сыйластық – бақыттың басталуы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектепте 5 «Ә» және 6 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасындағы сыйластық – бақыттың басталуы» тақырыбында тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өтті.
    Сынып сағатына 50 жыл отасып, өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан Шабанбай Әнеш Төлегенұлы мен Шабанбаева Бақыткүл Кәлекқызы арнайы қонақ ретінде қатысты.
    Ақ жаулықты ана мен ардақты әке оқушыларға отбасының қадірі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластық, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны туралы өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
    Кейіпкерлер өздерінің жарты ғасырлық отбасылық өмірінен сыр шертіп, шаңырақтың берекесі – татулықта, бақыттың бастауы – сыйластықта екенін жеткізді.
    Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қонақтармен еркін пікір алмасты. Өнегелі отбасының өмір жолы жас ұрпаққа үлкен үлгі болды.
    Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық.
    Отбасындағы мейірім, сыйластық пен түсіністік бар жерде береке де, бақыт та бар.
    Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың бойында ұлттық және отбасылық құндылықтарды қалыптастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.
    https://www.facebook.com/share/v/1FQzjd2f6n/

    «Тіл – ұлт қазынасы»

    Әл-Фараби атындағы орта мектеп кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай бастауыш сынып оқушыларымен «Тіл – ұлт қазынасы» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ана тілінің ұлт өміріндегі маңызын түсіндіру, қазақ тілін құрметтеуге және оны дұрыс қолдануға тәрбиелеу. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүр мен мәдениетті тіл арқылы дәріптеп, оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
    Іс-шара барысында оқушылар тіл туралы қызықты мәліметтермен танысып, пазлдар құрастырды, боямақтар бояды және тіл туралы тақпақтар айтты. Танымдық әрі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығы артып, белсенділіктері байқалды.
    Шара соңында оқушылар ана тілінің әр халық үшін баға жетпес қазына екенін түсініп, өз тілін құрметтеу, оны таза әрі дұрыс сөйлеу қажеттігін ұғынды.
    Тіл – халықтың рухани байлығы, ұлттың жаны. Ана тілімізді құрметтеп, қадірлеу – әрқайсымыздың қасиетті міндетіміз.
    https://www.facebook.com/share/p/1F77qTJhXn/

    Добрые дела — это вклад в счастливое будущее детей!

    В преддверии 1 сентября в средней школе имени Аль-Фараби Жамбылской области, Шуского района, произошло замечательное событие.
    Мирзоев Рафик Якубович — председатель Совета управления Ассоциации курдов Казахстана «Барбанг» — оказал большую поддержку нашим учащимся.
    Для детей были подарены: 10 рюкзаков, полностью укомплектованных школьными принадлежностями, для первоклассников; 10 рюкзаков со школьными принадлежностями для учащихся среднего звена.
    Такое внимание и забота особенно ценны для детей и их семей. Ведь поддержка подрастающего поколения — это забота о будущем нашей страны.
    От всей души выражаем огромную благодарность Рафику Якубовичу Мирзоеву за доброту, щедрость, внимание к детям и благородные намерения!
    Желаем Вам крепкого здоровья, семейного благополучия, успехов во всех начинаниях и новых добрых дел! Пусть Ваше добро возвращается многократно!
    Спасибо за заботу о наших детях!
    https://www.facebook.com/share/v/1J8FtKt8AM/

    ДНЁМ ЗНАНИЙ!

    1 сентября — это особенный день, который открывает двери в новый учебный год, новые знания, открытия и достижения!
    Сегодня средняя школа имени Аль-Фараби вновь наполнилась звонкими голосами, улыбками и радостью. Наш 7 «А» класс с хорошим настроением встречает новый учебный год!
    Пусть впереди нас ждут интересные уроки, яркие школьные события, крепкая дружба, новые победы и незабываемые моменты. Желаем каждому ученику уверенно идти к своей мечте, стремиться к знаниям и верить в свои силы!
    Пусть наш класс всегда будет дружным, сплочённым и успешным!
    Вместе будем учиться, развиваться, мечтать и достигать новых высот!
    С любовью, классный руководитель 7 «А» класса — Исмайлова Дамира Куанышбековна.
    С новым учебным годом! С Днём знаний!
    Вперёд, 7 «А» — к новым знаниям и большим победам!
    https://www.facebook.com/share/v/1D11K2iDkN/

    1 сентября – День знаний

    В средней школе имени Әл-Фараби Шуского района Жамбылской области в честь 1 сентября – Дня знаний в 6 "А" и в 6 "Б" классе был проведён классный час на тему: «Конституция Республики Казахстан: основа формирования честного гражданина, интеллектуальной нации и ответственного общества».
    В ходе классного часа учащимся было дано представление о Конституции Республики Казахстан, её значении в жизни государства и общества. Была разъяснена роль Конституции в защите прав и свобод граждан.
    Учащиеся поделились своими мыслями по темам: «Каким должен быть честный гражданин?», «Мои права и обязанности», «Знать закон – значит защищать себя», «Как сформировать ответственное общество?»
    В ходе занятия учащимся были предложены ситуационные задания, обсуждалось соотношение прав и обязанностей. В процессе групповой работы ребята выражали своё мнение и старались понять связь основных принципов Конституции с повседневной жизнью.
    В завершение классного часа учащиеся высказали свою гражданскую позицию на тему «Я – ответственный гражданин своей страны». Они отметили важность соблюдения порядка в школе, семье и обществе, уважения к старшим, заботы о младших, стремления к знаниям и ответственного выполнения своих обязанностей.
    https://www.facebook.com/share/p/19EYxcfeom/

    Алғашқы қоңырау – білімге бастар алғашқы қадам!

    1 қыркүйек – Білім күніне орай Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 1-сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында алғашқы тәрбие сағаты өткізілді.
    Тәрбие сағатында бүлдіршіндерге Отан, ел, Конституция, құқық пен міндет, адалдық пен жауапкершілік туралы алғашқы түсініктер берілді. 
    Бүгін мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Балалар бір-бірімен танысып, алғашқы достықтарын қалыптастырып, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
    Білім жолындағы алғашқы қадамдарың құтты болсын, жас шәкірттер! Білімдерің терең, болашақтарың жарқын болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/1C3gpNijvr/

    Құмар ойынға құмартпа

    2026 жылдың 5 мамыр күні Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде Төле би ауылдық округі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Құмар ойын – құрдымға апарады” тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
    Кездесу барысында мамандар құмар ойынға әуестену адамның өмірін түбегейлі өзгертіп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Атап айтқанда, қарызға бату, отбасылық жанжалдар, ажырасу, құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық және басқа да келеңсіз жағдайларға себеп болатыны түсіндірілді.
    Сонымен қатар, құмар ойындардың жастардың болашағына, білім алуына және еңбекке деген ынтасына кері әсер ететіні айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы насихатталды.
    Іс-шараны “Жастарға қызмет көрсету және жастар бастамаларын қолдау” бөлімінің кеңесші заңгері Анықбаева Мөлдір Ардаққызы жүргізді.
    https://www.facebook.com/share/p/14Y2UfH2wWe/

    9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі

    Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 6 «Ә» сынып оқушыларымен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Майдангерлер ел есінде» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
    Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықтың мәнін түсіндіру, майдангерлердің жанқиярлық еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.
    Тәрбие сағаты барысында оқушылар соғыс жылдары туралы мәліметтермен танысып, батырлардың ерлігі жайлы әңгімелер тыңдап, тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. «Майдангерлер ел есінде» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Кейбір оқушылар өз отбасы мүшелерінің соғысқа қатысқан ата-бабалары туралы мәліметтермен бөлісті.
    https://www.facebook.com/share/p/18oW4ZnPmE/

    Ерлер жердің қорғаны,елдің тұтқасы”тақырыбында тәрбие сағаты

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 2”ә" сынып жетекшісі : Г.Т .Касымбекова оқушыларымен 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне арналған "Ерлер жердің қорғаны,елдің тұтқасы”тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты:
    оқушыларға Отан қорғаушылар күнінің мән-маңызын түсіндіру, әскери қызметкерлерге құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру және отансүйгіштікке баулу.
    Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мұғалім Отан қорғаушылар күні туралы тарихи мағлұмат беріп, бұл мерекенің еліміздің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғаушы азаматтарға арналғанын түсіндірді.
    Оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.
    «Мен Отанымды қорғаймын!» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
    Тәрбие сағатында оқушылар белсенділік танытып, өз елін, жерін қорғауға дайын азамат болуға деген ұмтылыстарын көрсетті. Отанға деген сүйіспеншілік арта түсті.
    https://www.facebook.com/share/p/1cS8vFETNa/

    9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 7 «Ә» сынып оқушыларымен Жеңіс күні қарсаңында 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты : оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
    Сынып сағатында оқушылар соғыс жылдарындағы ерлік туралы мәліметтер айтты. Сонымен қатар, батырларымыздың ерлігі туралы бейнеролик көрсетіліп, олардың Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбектері кеңінен насихатталды.
    Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бейбіт өмірдің қадірін түсіну керектігін атап өтті.
    https://www.facebook.com/share/v/18DhCjUxDQ/

    7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джобалаева Толқын Алменқызы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 1"ә" сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілік, ел қорғаған батырларға құрмет көрсету және патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды.
    Іс-шара барысында оқушылар Отан қорғаушылар күні туралы мәліметтермен танысып, Қазақстан Қарулы Күштері жайлы әңгімелер тыңдады. Сонымен қатар, оқушылар тақпақтар айтып, патриоттық әндер тыңдады.Әртүрлі сұрақ-жауап, ойындарға белсенді қатысты.
    Сынып сағаты өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, елін, жерін қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін түсінді. Іс-шара соңында оқушыларға Отанға адал қызмет ету, елін сүю туралы насихат айтылып, тәрбиелік мәні зор қорытынды жасалды.
    https://www.facebook.com/share/p/1Gv1aFVRAD/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру