Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Қолдау бар жерде – үміт бар

    Шу ауданы білім бөліміне Әл-Фараби атындағы орта мектебінде әлеуметтік педагог М.М. Әбдіжамалдың ұйымдастыруымен «Қолдау бар жерде – үміт бар» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
    Акцияның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін білім алушыларға көмек көрсету, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және отбасыларына қолдау білдіру.
    Қайырымдылық акциясы аясында мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, математика пәнінің мұғалімі Айгерім Бекежановна әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2 білім алушыны толық мектеп формасымен қамтамасыз етті. Көрсетілген көмектің жалпы құны 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрады.
    Аталған бастама балалардың жаңа оқу жылын қажетті мектеп формасымен қамтамасыз етіліп, алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталды.
    Мектеп ұжымы атынан білім алушыларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық шарасына үлес қосқан Айгерім Бекежановнаға шынайы алғысымызды білдіреміз!Қайырымдылық пен өзара қолдау – қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын маңызды бағыттардың бірі.
    Қолдау бар жерде – үміт бар!
    https://www.facebook.com/share/p/1cNZk3C1U2/

    Мектепке жол» – балаларға бірге қамқор болайық!

    2025-08-30
    «Мектепке жол» – балаларға бірге қамқор болайық! 🧒👧
    2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде.
    Бұл акцияның басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде қолдау көрсету.
    Әл-Фараби атындағы орта мектеп те бұл игі бастамаға жыл сайын белсене қатысып келеді. Биыл да мектебімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киім, сөмке және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету көзделуде.
    Біз осы акция аясында барша ауыл тұрғындарын, мейірімді жандарды, түлектерді, ата-аналарды және демеушілерді қамқорлық танытуға шақырамыз!
    🤝 Кішкентай ғана көмегіңіз – бір баланың жүзіндегі қуанышқа, үмітке себеп болуы мүмкін!
    📍 Қайырымдылық көмегіңізді мектептің әлеуметтік педагогі немесе Қамқоршылық кеңес мүшелеріне тапсыруға болады.
    📞 Байланыс: +77075685769
    Бала бақытын бірге ойлайық! 💙
    Жаңа оқу жылын жақсы істермен бастайық!

    https://www.facebook.com/share/p/1CPQFoAHQX/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 15 наурыз Қайырымдылық күні қарсаңында “Қайырымдылық - жылы жүректен” игі істер марафоны аясында, әлеуметтік педагог Әбдіжамал Мақпалдың ұйымдастыруымен 5 ”а” сынып оқушылары “Нұр-шуақ 3” бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндеріне тәттілер үлестірді.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    15 наурыз Қайырымдылық күні қарсаңында “Қайырымдылық - жылы жүректен” игі істер марафоны аясында, әлеуметтік педагог Әбдіжамал Мақпалдың ұйымдастыруымен 5 ”а” сынып оқушылары
    “Нұр-шуақ 3” бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндеріне тәттілер үлестірді.
    Мақсаты:
    қайырымдылық арқылы қоғамда бір-біріне көмек көрсету, мейірімділік пен қамқорлықты насихаттау, қайырымдылық қызметінің маңыздылығын түсіндіріп және оқушыларды өзара көмек көрсетуге ынталандыру.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1697539470971141/?rdid=UfBk96eJdUH2DdOF&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F19zYUd1Lky%2F#

    «Біртұтас тәрбие» еріктілер қозғалысы шеңберінде тәжірибелерін арттырумен қатар, жақсылық жасау арқылы игі іске атсалысу мақсатында 5 «А» сынып оқушысы Абдуллаев Мавлюдтің анасы Абдуллаева Дамира мектеп оқушыларының шаштарын тегін қиып, қайырымды іс жасады

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» еріктілер қозғалысы шеңберінде тәжірибелерін арттырумен қатар, жақсылық жасау арқылы игі іске атсалысу мақсатында 5 «А» сынып оқушысы Абдуллаев Мавлюдтің анасы Абдуллаева Дамира мектеп оқушыларының шаштарын тегін қиып, қайырымды іс жасады.Қайырымдылық жасасаң , қайырын өзің көресің,- дейді дана халқымыз.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1677442396314182/?rdid=iDj418Cb8bRRQCqi&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19wi7JQkBp%2F#

    «Әлеуметтік Әмиян» бизнес кошелек пилоттық жобасы

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл- Фараби атындағы орта мектебінде «Әлеуметтік Әмиян» бизнес кошелек пилоттық жобасы іске қосылған болатын.Әлеуметтік әмиянға әзірге оқушы саны 700-ден аспайтын мектептер ғана тіркелді. Бұл жоба ата-аналарға өте тиімді. Себебі балаларының тамақ ішкенін, не ішпегенің осы әлеуметтік әмиян арқылы бақылай алады. Оқушы асханаға барған кезде қолындағы Quar код арқылы аспазшының Egov mobile қосымшасына енгізеді. Кодты енгізгенде ата-анасына оқушы асханаға барғаны және ыстық тамақпен қамтылғаны жөнінде Смс хабарлама барады. Әлеуметтік әмиян жобасы біздің мектебімізде де іске асырылып отыр. Аз қамтылған оқушылар саны бізде 166 оқушы. Соның ішінде 28 оқушы жоғарғы 5-11 сынып оқушылары. Ал 124 оқушы бастауыш 1-4 сынып оқушылары. Бұл жоба тек аз қамтылған және жоғары сынып оқушыларына қатысты болғандықтан 28 оқушының 23 оқушысы әлеуметтік әмиян қосымшасына тіркеліп QUAR Кодтарын алды. Ал 5 оқушының техникалық ахауларға байланысты ваучерлері табылмады. Бұл мәселе бойынша Білім басқармалары жұмыс жасауда.Алдағы уақытта Quar кодтары алынатын болады.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1658889168169505/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогы М.М.Әбдіжамалдың ұйымдастыруымен қараша айының 15-30 аралығында «Жылулық жүректі жылытады» атты қайырымдылық акциясы өтуде

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогы М.М.Әбдіжамалдың ұйымдастыруымен қараша айының 15-30 аралығында «Жылулық жүректі жылытады» атты қайырымдылық акциясы өтуде. Осы акция аясында ұлт жанашыры, әрі қоғам белсендісі Алпамыс Біржан Мамыржанұлы мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан
    4 оқушыға қыстық аяқ киім сыйға тартты. Көмек көрсеткен А.Б.Мамыржанұлына мектеп әкімшілігі мен ұстаздар атынан алғыс білдіреміз.
    https://www.instagram.com/p/DClcIMXMIFi/?igsh=MXgwbHZrYW1uZmo3Yw==

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қараша айының 15-30 аралығында "Жылулық жүректі жылытады" атты қайырымдылық акциясы өтеді

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қараша айының 15-30 аралығында "Жылулық жүректі жылытады" атты қайырымдылық акциясы өтеді.
    Акцияның мақсаты: көмекке мұқтаж жандарға жылулық сыйлай отырып, көмек қолын ұсыну, жүздеріне күлкі сыйлау.
    Құрметті мектеп ұжымы мен ата-аналар! Сіздерді осы акцияға белсене қатысуға шақырамыз!

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру