«Әл-Фараби атындағы орта мектебі 23 сәуір –Ұлттық кітап күніне орай « Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» тақырыбында кітап көрмесі туралы мәлімет
Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі – бұл балалар әдебиетінің бай, қызықты әрі тәрбиелік мәні зор кеңістігі. Мұнда ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, аңыздар арқылы бала қиялы дамып, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді. Кітап – бала үшін тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар сырлас досы, бағыт беруші ұстазы.
Мақсаты:
Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,ертегілер мен балалар әдебиетін насихаттау оқырманның қиялын дамыту. Көрме барысында балалар кітаптың сиқырлы әлеміне еніп,өздерін ертегі кейіпкерлерімен жүздескендей сезінді.
Ертегілер – балалар әдебиетінің ең маңызды бөлігі. Онда батырлық, адалдық, мейірімділік, еңбекқорлық сияқты қасиеттер насихатталады.Қазақ ертегілерінде Алдар көсе, Тазша бала сияқты кейіпкерлер балаларға үлгі болады.
Балалар әдебиетін дамытуға көптеген ақын-жазушылар үлес қосқан:
Бердібек Соқпақбаев,Мұзафар Әлімбаев,Ыбырай Алтынсарин,Шарль Перро,Ганс Христиан Андерсен
Олардың шығармалары балалардың сүйікті кітаптарына айналған.
Қорытынды
Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі – бұл тәрбиенің, білімнің, мейірімділіктің қайнар көзі. Кітап оқыған бала – рухани бай, ойы ұшқыр, болашағы жарқын тұлға болып қалыптасады.
Құжатты ашу