Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    «Ертегілер әлемінде»

    Әл-Фараби атындағы орта мектеп кітапханасында оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3-сынып оқушыларымен «Ертегілер әлемінде» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
    Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған ертегілерінің мазмұнын баяндап, сүйікті кейіпкерлері туралы ой бөлісті. Ертегілердегі жақсы мен жаманның, адалдық пен зұлымдықтың, достық пен адамгершіліктің айырмашылығын талқылады. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне баға беріп, өз пікірлерін ортаға салды.
    Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, ертегілерден алған тәрбиелік мәні туралы әңгімелесті. Шара барысында балалардың сөздік қоры, ойлау қабілеті және сөйлеу мәдениеті дамыды.
    Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, ертегілер арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу және кітапханаға тұрақты оқырман тарту.
    Ертегі – баланың қиялын ұштап, жақсылыққа жетелейтін рухани қазына!https://www.facebook.com/share/p/1JCznHZ83a/

    «Кітап оқу – табысқа бастар жол»

    19 қазан – 19 қараша аралығында Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында айлық жоспарға сәйкес «Кітап оқу – табысқа бастар жол» тақырыбында оқырман акциясы мен кітап таныстырылымы өткізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау және жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту.
    «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 8 «Ә» сынып оқушыларымен қазақтың даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына талдау жұмысы жүргізілді.
    Іс-шара барысында оқушылар шығарманың мазмұнына тоқталып, басты кейіпкерлерге мінездеме берді. Шығармадағы ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, ата-ана өнегесі мен салт-дәстүрдің маңызы кеңінен талқыланды.
    Оқушылар өз ойларын ортаға салып, шығарма арқылы алған әсерлерімен бөлісті. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға беріп, кітаптың тәрбиелік мәнін түсінді.
    Сонымен қатар айлық аясында оқырман акциясы ұйымдастырылып, оқушыларға түрлі әдеби шығармалар таныстырылды. Кітап көрмелері арқылы оқырмандарға қызықты туындылар ұсынылып, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы насихатталды.
    Өткізілген іс-шаралар оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани және зияткерлік дамуына ықпал етті.
    Қорытындылай келе, кітап оқу – білім мен тәрбиенің, табыс пен жетістіктің бастауы. Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі!https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/2176732653051818/

    «Менің сүйікті кітабым

    Әл Фараби атындағы орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында таныстыру сабағы өткізілді.
    Таныстыру сабағының негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сүйікті шығармаларын насихаттау, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және оқырмандық мәдениетін дамыту.
    Сабақ барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, шығарманың мазмұны, басты кейіпкерлері мен қызықты оқиғалары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар неліктен осы кітапты таңдағандарын айтып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Бір-біріне оқуға ұсыныс жасап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойларын ортаға салды.
    Іс-шара барысында оқушылар кітаптың адамға білім беріп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтетінін, қиялын дамытып, рухани дүниесін байытатынын түсінді.https://www.facebook.com/share/p/1en3oF3KXK/

    «Ертегілер әлемінде»

    Әл-Фараби атындағы орта мектеп кітапханасында оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 3-сынып оқушыларымен «Ертегілер әлемінде» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
    Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған ертегілерінің мазмұнын баяндап, сүйікті кейіпкерлері туралы ой бөлісті. Ертегілердегі жақсы мен жаманның, адалдық пен зұлымдықтың, достық пен адамгершіліктің айырмашылығын талқылады. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне баға беріп, өз пікірлерін ортаға салды.
    Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, ертегілерден алған тәрбиелік мәні туралы әңгімелесті. Шара барысында балалардың сөздік қоры, ойлау қабілеті және сөйлеу мәдениеті дамыды.
    Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, ертегілер арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу және кітапханаға тұрақты оқырман тарту.
    Ертегі – баланың қиялын ұштап, жақсылыққа жетелейтін рухани қазына!https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/2176830493042034/

    «Кітап оқу – табысқа бастар жол»

    19 қазан – 19 қараша аралығында Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында айлық жоспарға сәйкес «Кітап оқу – табысқа бастар жол» тақырыбында оқырман акциясы мен кітап таныстырылымы өткізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау және жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту.
    «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 8 «Ә» сынып оқушыларымен қазақтың даңқты батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына талдау жұмысы жүргізілді.
    Іс-шара барысында оқушылар шығарманың мазмұнына тоқталып, басты кейіпкерлерге мінездеме берді. Шығармадағы ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, ата-ана өнегесі мен салт-дәстүрдің маңызы кеңінен талқыланды.
    Оқушылар өз ойларын ортаға салып, шығарма арқылы алған әсерлерімен бөлісті. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға беріп, кітаптың тәрбиелік мәнін түсінді.
    Сонымен қатар айлық аясында оқырман акциясы ұйымдастырылып, оқушыларға түрлі әдеби шығармалар таныстырылды. Кітап көрмелері арқылы оқырмандарға қызықты туындылар ұсынылып, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы насихатталды.
    Өткізілген іс-шаралар оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани және зияткерлік дамуына ықпал етті.
    Қорытындылай келе, кітап оқу – білім мен тәрбиенің, табыс пен жетістіктің бастауы. Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі!https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/2176732653051818/

    “Кітап оқитын ұлт

    “Кітап оқитын ұлт” республикалық марафон. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі БТастанбекова Кен Моги “Икигай” кітабына пікірhttps://www.facebook.com/share/v/1LPe1j7Rf5/

    Оқитын ұлт – озық ұлт

    Әл Фараби атындағы орта мектепте 28 қыркүйек күні «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Оқитын ұлт – озық ұлт» тақырыбында әдеби ринг өткізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және оқушылардың әдеби шығармалар бойынша білімдерін кеңейту.
    Әдеби ринг барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты. Қатысушыларға қазақ және әлем әдебиетінің белгілі шығармалары, жазушылар мен
    , ертегілер мен әдеби кейіпкерлер туралы сұрақтар қойылды. Оқушылар шығармалардың авторларын, кейіпкерлерін және мазмұнын анықтап, мақал-мәтелдер мен әдеби жұмбақтарға жауап берді. Сонымен қатар кітаптарды танып-білуге арналған қызықты тапсырмалар орындалды.
    Оқушылар өздерінің кітап оқу барысында жинақтаған білімдерін ортаға салып, шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын және әдеби шығармаларға деген қызығушылықтарын көрсетті. Әдеби ринг оқушылар үшін танымдық әрі қызықты түрде өтті.
    Іс-шара соңында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойлар айтылып, «Кітап оқитын ұлт – білімді ұлт, білімді ұлт – озық ұлт» екені атап өтілді. Оқушыларды кітапты көбірек оқуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырылды.
    Қорытынды:
    «Оқитын ұлт – озық ұлт» әдеби рингі оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, әдеби білімдерін толықтыруға және оқу мәдениетін дамытуға ықпал етті. Кітапхана тарапынан оқушыларды кітап оқуға тарту, ұлттық және әлем әдебиетін насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
    https://www.facebook.com/share/v/19VxseVeZN/

    Абай – дана, Абай – дара қазақта!

    Қарасөздерін оқу сағаты туралы мәлімет
    Әл-Фараби атындағы орта мектеп кітапханасында 15 қыркүйек күні ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу мақсатында «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» тақырыбында қарасөздерін оқу сағаты өткізілді.
    Іс-шара барысында оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріліп, ақынның қарасөздерінің тәрбиелік және танымдық мәні түсіндірілді. Оқушылар Абайдың таңдаулы қарасөздерін кезекпен оқып, олардың мазмұнына тоқталды.
    Абай қарасөздеріндегі білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, талап, тәрбие туралы ойлар талқыланып, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе жастарды білімге, еңбекқорлыққа, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге үндейтін нақыл ойларына ерекше мән берілді.с-шара соңында оқушылар Абайдың қарасөздерінен өздеріне ұнаған үзінділерді айтып, ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.
    Мақсаты: оқушыларға Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын таныту, қарасөздерін оқуға қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
    Қорытынды: Оқу сағаты мазмұнды өтіп, оқушылар Абайдың қарасөздері арқылы ақынның терең ойлары мен өсиеттерін танып, рухани білімдерін толықтырды.
    https://www.facebook.com/share/p/1BzYHXEwPU/

    «Отбасымен кітап оқу-игі дәстүр» отбасылық оқу күні

    «Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр» – бұл отбасы мүшелерінің бірге кітап оқып, рухани байланысын нығайтатын, тәрбиелік мәні зор дәстүр. Ал Отбасылық оқу күні – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған ерекше күн.
    Мақсаты:
    Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру
    Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту
    Рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
    Бос уақытты пайдалы әрі мазмұнды өткізу
    Қорытынды
    Отбасылық оқу күні – тек бір күндік шара емес, ол тұрақты дәстүрге айналуы тиіс. Кітап оқитын отбасы – тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақтың негізі.
    https://www.facebook.com/share/p/18LdF9TNTj/

    Ұлттық кітап күніне орай оқушылары арасында танымдық сағат

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай 1 «Ә» сынып оқушылары арасында танымдық сағат өткізілді. Оқушылар өздері оқыған сүйікті ертегілерімен бөлісіп, кейіпкерлері туралы қызықты әңгімелер айтты. Сонымен қатар, өлеңдер оқып, көркемсөзге деген қызығушылықтарын көрсетті.
    Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, ой-өрісін дамыту және көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
    https://www.facebook.com/share/v/1ESXwLvDKb/

    «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында пікір алмасу

    Шу ауданы білім бөлімі Әл Фараби атындағы орта мектебінде 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай бастауыш сынып оқушыларымен мектеп кіттапханшылары Есенкулова М.О.,Өктембай А.мен педагог- ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б. іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
    Іс-шара барысында оқушымен кітап туралы әңгіме жүргізілді, «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында пікір алмасу өтті. Оқушы өзіне ұнаған кітаптары туралы айтып берді, суреттер арқылы кейіпкерлерді сипаттады. Сонымен қатар, шағын көркем мәтін оқылып, мазмұны талқыланды.
    Оқушы белсенділік танытып, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында кітапты күтіп ұстау ережелері айтылып, қорытынды жасалды. Сонымен қатар, оқушымен бірге Ұлттық кітап күніне арналған қысқа бейнеролик түсірілді.
    Іс-шара өз мақсатына жетті. Оқушының кітапқа деген қызығушылығы артты, оқу дағдылары дамыды. Түсірілген тренд арқылы кітап оқудың маңыздылығы насихатталды.
    https://www.facebook.com/share/p/1CdneCsGo4/

    Ақынмен тағылымды кездесу

    Кездесу барысында оқушылар ақынның шығармашылығымен жақын танысып, оның жүрекке жетер жырларын тыңдап, рухани әсер алды. Сонымен қатар, ақын оқушыларға Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқып беріп, поэзияның терең мағынасы мен құндылығын түсіндірді.
    Спанәлі Серік поэзиядағы өз жолы, шығармашылық ізденісі мен шабыт жайында ой бөлісіп, жас буынға құнды кеңестерін берді.
    Осындай рухани кездесулер жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды тереңірек түсінуге жол ашады. Ақынмен жүздесу оқушылар үшін ерекше әсерлі әрі есте қаларлық сәттердің бірі болды.
    https://www.facebook.com/share/p/1CsEhqAQz9/

    Кітап және цифрлық әлем

    23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай Әл-Фараби атындағы орта мектебінде «Кітап және цифрлық әлем» тақырыбында ауқымды онлайн-челлендж ұйымдастырылды.
    Бұл челлендж – дәстүрлі кітап оқу мәдениетін заманауи цифрлық технологиялармен ұштастыратын танымдық әрі шығармашылық жоба. Бүгінгі цифрлық дәуірде кітаптың маңызын арттыру, оқушыларды оқуға баулу және оларды әлеуметтік желілерде сапалы әрі пайдалы контент жасауға бағыттау – басты міндеттердің бірі болып табылады.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға ықпал ету.
    Челлендж онлайн форматта өтуде. Қатысушылар өз жұмыстарын Instagram, TikTok және Facebook платформаларында жариялап, кең аудиториямен бөлісуде. Бұл өз кезегінде оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне, шығармашылық қабілеттерін көрсетуіне және заманауи технологияларды тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.
    Челлендж аясында оқушылар бірнеше бағыт бойынша тапсырмалар орындайды. Олар сүйікті кітаптарын таныстырып, қысқаша мазмұнын әсерлі түрде әңгімелейді. Сонымен қатар, әдеби кейіпкерлердің образын сомдап, көркемдік қабілеттерін көрсетеді. Кейбір қатысушылар кітап мазмұнына байланысты иллюстрациялар салып, өз қиялдарын бейнелейді. Ал бейне пікір форматында оқыған шығармалары туралы ой-толғамдарын жеткізетіндер де бар.
    Бұл шара – тек шығармашылық байқау ғана емес, оқушылардың рухани дамуына жол ашатын маңызды бастама. Челлендж арқылы олар кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, цифрлық ортада өзін-өзі дамытуға, өз ойын сауатты жеткізуге дағдыланады.
    Қорыта айтқанда, «Кітап және цифрлық әлем» челленджі – кітап пен заманауи технологияны ұштастыра отырып, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды жоба. Осындай игі бастамалар арқылы кітаптың құндылығы артып, білімге құштар ұрпақ қалыптасады.
    https://www.facebook.com/share/v/1Cqb1YRj51/

    Менің сүйікті журналым, балалар басылымдары –білім бастауы

    «Әл-Фараби атындағы орта мектебі 23 сәуір –Ұлттық кітап күніне орай « Менің сүйікті журналым, балалар басылымдары –білім бастауы» тақырыбында таныстыру сағаты
    Балаларға арналған журналдар – жас ұрпақтың рухани дамуына, білімін арттыруға және шығармашылық қабілетін дамытуға үлкен үлес қосатын маңызды басылымдар. Солардың ішінде «Мөлдір бұлақ» және «Балдәурен» «Ақ желкен»журналдары ерекше орын алады.
    Балалар басылымдарының негізгі мақсаты:жас ұрпаққа сапалы білім беру
    ұлттық құндылықтарды насихаттау шығармашылық қабілеттерін дамыту
    тәрбиелі, білімді тұлға қалыптастыру
    «Мөлдір бұлақ» – балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-әдеби журнал. Негізгі ерекшеліктері:танымдық мақалалар мен қызықты деректер,әдеби шығармалар, өлеңдер, әңгімелер
    Журнал оқырманды:ойлануға,ізденуге,жақсылыққа тәрбиелейді.
    «Балдәурен» – мектеп жасындағы балаларға арналған қызықты әрі тәрбиелік журнал.
    Журнал балаларға:Қиялды дамытуға,ойын арқылы білім алуға,шығармашылыққа баулиды
    «Ақ желкен» — жасөспірімдердің сүйікті журналы, ол тек оқу құралы емес, сонымен қатар тәрбие мен шығармашылықтың үлкен мектебі.
    Қорытынды
    «Мөлдір бұлақ», «Балдәурен» ,«Ақ желкен» – журналдары әр баланың сүйікті досы. Бұл журналдар арқылы біз білім алып қана қоймай, жақсы адам болып қалыптасуға үйренеміз.
    https://www.facebook.com/share/p/1DynK3ZPqE/

    23 сәуір –Ұлттық кітап күні

    «Әл-Фараби атындағы орта мектебі 23 сәуір –Ұлттық кітап күніне орай « Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» тақырыбында кітап көрмесі туралы мәлімет
    Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі – бұл балалар әдебиетінің бай, қызықты әрі тәрбиелік мәні зор кеңістігі. Мұнда ертегілер, өлеңдер, әңгімелер, аңыздар арқылы бала қиялы дамып, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді. Кітап – бала үшін тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар сырлас досы, бағыт беруші ұстазы.
    Мақсаты:
    Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,ертегілер мен балалар әдебиетін насихаттау оқырманның қиялын дамыту. Көрме барысында балалар кітаптың сиқырлы әлеміне еніп,өздерін ертегі кейіпкерлерімен жүздескендей сезінді.
    Ертегілер – балалар әдебиетінің ең маңызды бөлігі. Онда батырлық, адалдық, мейірімділік, еңбекқорлық сияқты қасиеттер насихатталады.Қазақ ертегілерінде Алдар көсе, Тазша бала сияқты кейіпкерлер балаларға үлгі болады.
    Балалар әдебиетін дамытуға көптеген ақын-жазушылар үлес қосқан:
    Бердібек Соқпақбаев,Мұзафар Әлімбаев,Ыбырай Алтынсарин,Шарль Перро,Ганс Христиан Андерсен
    Олардың шығармалары балалардың сүйікті кітаптарына айналған.
    Қорытынды
    Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі – бұл тәрбиенің, білімнің, мейірімділіктің қайнар көзі. Кітап оқыған бала – рухани бай, ойы ұшқыр, болашағы жарқын тұлға болып қалыптасады.
    Құжатты ашу

    Халықаралық балалар кітабы күні

    Шу ауданы білім бөлімі 2026 жылдың 2 сәуір күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 📚Халықаралық балалар кітабы күніне орай танымдық және тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Аталған мерекенің басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу.
    Іс-шара барысында оқушыларға балалар әдебиетінің маңызы түсіндіріліп, түрлі кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қызықты әдеби викториналар, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, кейіпкерлерді таныстырып, белсенділік танытты.
    Кітап көрмесінде балалар әдебиетінің үздік туындылары ұсынылып, оқушылар жаңа кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Іс-шара барысында балалардың шығармашылық қабілеттері дамып, кітап оқуға деген ынтасы артты.
    Бұл іс-шараны мектеп кітапханашылары Есенкулова М.О., Өктембай А. және педагог-ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б. ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері де белсенді қатысып, іс-шараның мазмұнды әрі қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
    Қорытындылай келе, аталған іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.
    Құжатты ашу

    «Оян, қазақ!» – ұлт рухын оятқан Міржақып Дулатов

    Жамбыл облысы Шу ауданы әл-Фараби атындағы орта мектебінде
    «Әдебиет әлемі» үйірме жетекшісі А.К.Джуманбаева, кітапхана меңгерушілері Ө.М.Есенкулова , А.Н.Өктембайдың ұйымдастыруымен "Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Балалар кітапханасы" жобасы аясында Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» – ұлт рухын оятқан Міржақып Дулатов» тақырыбында танымдық сағат өткізді. Мақсаты:оқушыларға Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
    Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, білімге ұмтылуға тәрбиелеу,
    қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылықты арттыру.Оқушылар сабақ барысында жазушының өмір жолымен терең танысып, шығармаларынан үзінділер оқыды.«Оян, қазақ!» өлеңі – қазақ халқын тәуелсіздікке, рухани жаңғыруға, елдікке үндеген күрескерлік туынды. Бұл шығарма сол дәуір үшін ғана емес, бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоймаған.Міржақып Дулатов – ұлттың рухын оятқан, ел болашағы үшін күрескен қайсар тұлға. Оның еңбектері бүгінгі ұрпақты білімге, отансүйгіштікке, әділдікке тәрбиелейді.

    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1923682868356799/

    Мен кітаппен бірге өсемін

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапхана жетекшілері 7"Ә"сынып оқушыларымен «Кітаппен қанаттан» жобасы аясында «Мен кітаппен бірге өсемін» атты эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
    Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, көркем әдебиеттің тәрбиелік мәнін түсіндіру, жас ұрпақтың ой-өрісін дамыту .
    Байқауға қатысқан 7-сынып оқушылары кітапқа деген қызығушылығы, оқыған шығармаларынан алған әсері және кітаптың өмірдегі рөлі туралы өз ойларын көркем тілмен жеткізе білді. Қатысушылардың эсселері мазмұндылығы, жазу мәдениеті, шығармашылық көзқарасы бойынша бағаланды. Іс-шара соңында үздік деп танылған оқушыларға марапаттар табысталды.
    https://www.facebook.com/share/v/1T4VDNTxq2/

    Балалар кітапханасы

    Мектепте өткен "Балалар кітапханасы"тұжырымдамасы аясында оқушылар арасында Ақан серінің «Құлагер» поэмасын оқу және видео форматында жолдау атты шығармашылық жоба ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларын насихаттау, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және өнерге қызығушылығын арттыру.
    Жобаға қатысушылар «Құлагер» поэмасынан таңдаған үзінділерін мәнерлеп оқып, өздерінің бейнежазбаларын жолдады.
    Мұғалімдер мен кітапхана қызметкерлері бейнежазбаларды қарап, үздік орындаушы Боранбай Ерасыл деп таныды.

    https://www.facebook.com/share/p/1SKnfSCfj4/

    Кітапханаға кітап сыйла

    Кітапхана апталығы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: оқушылар мен ата-аналарды кітап оқуға баулу, кітап қорын толықтыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру.
    Іс-шара барысында оқушылар, ұстаздар және ата-аналар мектеп кітапханасына түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер мен танымдық бағыттағы жаңа кітаптарды сыйға тартты. Кітапхана қоры оқушыларға қажетті әдебиеттермен толықтырылып, арнайы «Сыйланған кітаптар» бұрышы жасалды.
    Кітап сыйлаған оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіріліп, кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен мәдениеттің қайнар көзі екені туралы түсіндірілді. Сонымен бірге кітапхана қызметкері жаңа түскен кітаптармен таныстырып, жас оқырмандарды кітапты күтіп ұстауға, жиі оқуға шақырды.
    Бұл іс-шара оқушылардың кітап әлеміне деген қызығушылығын арттырып, мектеп кітапханасының қорын байытуға үлес қосты.

    https://www.facebook.com/share/p/17wLm3f5Y9/

    Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жоба аясында «Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы» танымды сабақ өтілді.
    Тақырыбы: Ұлттық теңге Тәуелсіздік символы
    Мақсаты: Оқушылардың Отан сүйгіштік сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға баулу, сондай ақ теңгенің шығу тарихы мен экономикалық мәнін түсіндіру. Балаларға теңге бейнесі салынған пазлдар таратылып, олар купюралардың бөліктерін құрастыру арқылы ұлттық валюта түрлерімен танысты.
    Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, теңгенің әртүрлі номиналдары, олардың түсі мен қорғаныш элементтері туралы мәліметке қанықты. Іс-шара балалардың ақшаға ұқыптылықпен қарау дағдысын қалыптастыруға, сондай-ақ ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.
    https://www.facebook.com/share/p/16xQVdZKTv/

    «Тарих тудырған рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жас толуына орай «Тарих тудырған рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларға Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы халқымыздың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігінің, туған жер мен Отанға деген терең сезімінің айқын көрінісі екенін атап өтілді. Сонымен қатар ақынның қуатты жырлары ұлттық поэзияға жаңа леп әкеліп, қазақ әдебиетін жаңа биікке көтергенін жеткізді.Көрме мектеп оқушыларына таныстырылды. Рәміздер- бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
    https://www.facebook.com/share/p/17hgDgsSsc/

    Республика күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында 25 қазан Республика күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: ұлттық мереке 25 - қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру ,жас ұрпақты Отан сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге,бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету,туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,махаббат сезімін ояту.Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз,халықтың бірлігі,татулығы мен келісімі біздің мемлекетілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1864889694236117/

    «Кітап – менің қазынам»атты тәрбие сағатын өткізді

    2025-10-11
    Шу ауданының білім бөлімінің Әл Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Т.Касымбекова 2”Ә”сынып білім алушылармен
    «Кітап – менің қазынам»атты тәрбие сағатын өткізді.
    Тәрбие сағаттың мақсаты: Тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;
    - Оқушылардың кітапқа, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру,оны күтіп ұстауға тәрбиелеу;
    - ⁠Оқушылардың бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өткізілді.Қауіпсіздік сабағы :
    «Желі арқылы танысу қаупі»Білімалушыларды үйдегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Тәрбие сағатынан оқушылар мол әсер алды.
    Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.

    "Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Демалыста оқыған бір кітабым» тақырыбында оқырман сабағы ұйымдастырылды.

    2025-09-30
    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында «Демалыста оқыған бір кітабым» тақырыбында оқырман сабағы ұйымдастырылды. Іс-шараға 5–9-сынып оқушылары қатысып, жазғы демалыс кезінде оқыған қызықты кітаптарымен бөлісті.
    Мақсаты:
    – Оқушылардың жазғы демалыс уақытында кітап оқу мәдениетін дамыту
    – Оқыған кітаптары туралы ой бөлісуге мүмкіндік беру
    – Өз ойын еркін жеткізуге, кітаппен достасуға баулу
    Оқушылар өздері оқыған көркем әдебиеттер туралы қысқаша мазмұнын айтып, басты кейіпкерлерін сипаттап, шығармадан өзіне қандай ой түйгендерін ортаға салды.
    Балалар арасында М.Әуезовтің «Көксерек», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», Т.Молдағалиевтің өлеңдері талқыланды.
    Оқушылар өздерінің жаз мезгілінде бос уақытын тиімді өткізгенін көрсетіп, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Бұл кездесу оқырман мәдениетін қалыптастыруға оң әсер етті.
    https://www.facebook.com/share/p/19t3c23eRR/

    "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында 2 "Ә" сынып оқушыларымен ертегі оқу сағаты өтті.

    2025-09-29
    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінің кітапханасында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында 2 "Ә" сынып оқушыларымен ертегі оқу сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылар ертегі шығармаларды оқи отырып, кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамыту. Оқушыларға кітапханашы А.Н. Өктембай «Әжемнің ертегілері», жинағы, «Қазақ ертегілері», «Алдар Көсе» хикаялары «Өнегелі ертегілер» желісі кітаптары таныстырылды. "Төрт дос" ертегісін айтып берді.
     
     

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы бағдарламасы аясында «Сүйікті кітабым» іс-шарасы негізінде оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып 2- А сынып оқушысы Махамматова Алия отбасымен кітап оқыды.

    Шу ауданы білім бөлімі Әл -Фараби атындағы орта мектебі. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бағдарламасы аясында «Сүйікті кітабым» іс-шарасы негізінде оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып 2- А сынып оқушысы Махамматова Алия отбасымен кітап оқыды.
    Мақсаты: Отбасылық кітап оқу дәстүрлерінің қалыптасуына ықпал ету, оқырманның көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
    Ата-аналар балаларымен бірге кітап оқығанда, бұл оларды жақындастырады.
    Отбасылық кітап оқу дәстүрі отбасылық тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
    Ата-аналар отбасылық кітап оқу арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға көмектеседі. Бірлескен кітап рухани қарым-қатынастың қуанышты сәттерімен толтырады.
    Оқылған кітаптар бойынша үйде пікірталас ұйымдастыру, кітаптарды ұсыну, белгілі бір кітапты оқудан алған әсерлермен бөлісу отбасыны жақындастыра түседі.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1690836604974761/?rdid=h44zxMwj4iUfWuK6&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fv%2F16Cexysshk%2F#

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар берілді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1681511195907302/?rdid=xNAUvS3AOVckSt5F&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19yNHMo23f%2F#

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар берілді.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінде кітапханашылар Ш.Қалдааяқовтың 95 жыл толуына орай "Ш.Қалдаяқов - қазақтың сазгері және халық әртісі" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығынан мағұлматтар берілді.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1681511195907302/?rdid=NFW3FaqNLYaMcEGk&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F19yNHMo23f%2F#

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру