Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Бала қауіпсіздігі тақырыбында жиналыс өткізілді

    2025-10-13
    Бала қауіпсіздігі тақырыбында жиналыс өткізілді
    2025 жылдың 13 қазан күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде АПБ капитаны Тойбаев Қ.А.-ның қатысуымен 8–11 сынып оқушыларына арналған «Бала қауіпсіздігі» тақырыбында жиналыс өткізілді.
    Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, көшедегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ мопед пен электромобильді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Оқушыларға тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, өз қауіпсіздігін сақтау, жауапкершілік пен тәртіп ережелерін орындау жөнінде кеңестер берілді.
    Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу болды.https://www.facebook.com/share/p/1EHoJSePUW/

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы қабылданды.

    1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы қабылданды. Бұл бастаманың мақсаты – балалық шақтың мемлекет үшін аса маңызды екенін қоғамға кеңінен ұғындыру және оны мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде көрсету. Аталмыш тұжырымдама аясында Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектепбінде аудандық құзырлы орган өкілінің қатысуымен "Балалар үні" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
    https://www.facebook.com/share/p/12Hdrs9qfq1/

    8-11сыныптардың білім алушыларына «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды

    Шу ауданы білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мыңжасаров Қуаныш Темірханұлы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» жолында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    8-11сыныптардың білім алушыларына «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды және мектеп аумағындағы «Граффити» жазуларының бар немесе жоқ екендігіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында білім алушыларға есірткі мен таксикологиялық заттарының адам ағзасына зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұсынуға шақырды.
    https://www.facebook.com/share/p/19Ay3j7bZW/

    «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» жолында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Шу ауданы білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Мыңжасаров Қуаныш Темірханұлы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» жолында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    8-11сыныптардың білім алушыларына «Нашақорлық және токсикологиялық зиянды заттарды қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды және мектеп аумағындағы «Граффити» жазуларының бар немесе жоқ екендігіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында білім алушыларға есірткі мен таксикологиялық заттарының адам ағзасына зияны туралы айтып, салауатты өмір салтын ұсынуға шақырды.
    https://www.facebook.com/share/p/1ATviuc5VK/

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру