Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    «Рахмет саған, туған ел» аймақтық патриоттық ән байқауы

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің талантты оқушысы Меліс Томирис Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «Рахмет саған, туған ел» атты аймақтық патриоттық ән байқауында жүлделі І орынды иеленді. Бұл жеңіс – жас өнерпаздың туған елге деген сүйіспеншілігінің, сахна мәдениеті мен шығармашылыққа деген шынайы құлшынысының және тынымсыз еңбегінің жарқын жемісі. Томирис өз өнері арқылы елге деген патриоттық сезімді жүрекке жеткізе білді.
    Жас дарынды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық шыңдарды бағындырып, талай биік белестерден көрінуіне тілектеспіз! Еңбегі жанып, өнер жолында үлкен жетістіктерге жете берсін!
    https://www.facebook.com/share/p/1Gdn6a8oYV/

    «Театрдың ғажайып әлемі»

    «Ертегілер әлемі» тобы «Театрдың ғажайып әлемі» атты театр өнерінің аудандық фестиваль-байқауында ІІ дәрежелі диплом иеленді.

    Бұл жетістік — балалар мен жастардың рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруға, тұлғаның үйлесімді дамуына қосылған үлестің нәтижесі. Театр шығармашылығын қолдау мен дамыту арқылы қатысушылар өздерін еркін танытып, әлемді эстетикалық әрі бейнелі түрде қабылдау қабілеттерін шыңдай түсті.
    Жетекшісі: Бакбергенова Гульнар Батырхановна.
    Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берейік.
    https://www.facebook.com/share/p/1BcczZP9BM/

    республикалық «Мен зерттеушімін» танымдық-зерттеушілік байқауы

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиеленушісі Ескараева Мейрім республикалық «Мен зерттеушімін» танымдық-зерттеушілік байқауының аудандық кезеңінде жүлделі І орын иеленіп, жеңімпаз атанды!
    Жетекшісі — білікті ұстаз Буенбаева Назипа Қизатовна. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі жемісті болып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
    Мейрімге алдағы байқауларда сәттілік тілейміз! Жетістіктерің арта берсін!
    https://www.facebook.com/share/p/1B5R5CbNij/

    «Кітап оқитын мектеп» атты сырттай бейнероликтер байқауы

    Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Кітап оқитын мектеп» атты сырттай бейнероликтер байқауының аудандық кезеңінде Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бас кітапханашысы Есенқұлова Марал Өмірбековна жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Бұл жетістік – мектеп ұжымының, соның ішінде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мектепте оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті ояту, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
    Аталған байқауда ұсынылған бейнероликтер арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы, оқу белсенділігі және шығармашылық қабілеттері кеңінен көрініс тапты. Бұл – жас ұрпақтың рухани дамуына бағытталған маңызды қадам.
    Марал Өмірбековнаның еңбегі мен шығармашылығы жоғары бағаланып, аудан көлемінде үздіктер қатарынан көрінуі – үлкен мақтаныш.
    Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!Оқушыларымыздың кітапқа деген сүйіспеншілігі артып, білімге деген құштарлығы арта берсін!
    Алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
    Құжатты ашу

    Ұланбыз – ұлттың үміті» атты жайдарман фестивалі

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары «Ұланбыз – ұлттың үміті» атты жайдарман фестиваліне қатысып, өнер мен білімді ұштастыра отырып, өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктерін паш етті. 
    Іс-шара барысында Оқушылар тек сахналық қойылымдарымен ғана емес, тапқырлығымен, ұйымшылдығымен және мәдениеттілігімен ерекшеленді. Көрермен көңілінен шығып, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болған мектеп командасы нәтижесінде IІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Бұл жетістік – талап пен талғамның, еңбек пен ізденістің, бірлік пен ынтымақтың жемісі. «Білімді ұрпақ – ел болашағы» екенін дәлелдеген оқушыларымызға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз. Жетекшілерінің өнегелі тәрбиесі мен бағыт-бағдарының арқасында шәкірттеріміз биік белестерді бағындыра беретініне сенім мол.
    Жас ұрпақтың бойындағы өнер мен парасат – тәуелсіз еліміздің жарқын келешегінің кепілі. Осындай дарынды, алғыр жастарымыз көбейе берсін!
    Құжатты ашу

    «Тапқыр зерттеуші»

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебі. 8.04.2026 жылы мектепалды сынып оқушысы Скрікбек Арман Нұржанұлы аудан көлемінде «Мен зерттеушімін» байқауына қатысып «Тапқыр зерттеуші» номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі Мырзаханова Ж.С.
    Құжатты ашу

    «Бояулар құпиясы» атты сурет байқауы

    Шу ауданы білім бөлімі Әл-Фараби атындағы орта мектебі«Бояулар құпиясы» атты сурет байқауы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
    Аталған іс-шараны педагог-ұйымдастырушы Бакбергенова Г.Б. өткізді. Байқауға мектеп оқушылары белсене қатысып, өз қиялдары мен шығармашылық идеяларын сурет арқылы жеткізді.
    Байқау барысында оқушылар табиғат көріністерін, туған жердің әсемдігін, отбасы құндылықтарын және ертегі әлемін бейнелеген жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар бояуларды үйлесімді пайдаланып, өз ойларын көркем түрде жеткізе білді.
    Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде мазмұнына, көркемдік деңгейіне, бояу үйлесімділігіне және орындау шеберлігіне ерекше назар аударды. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
    Аталған байқау оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға өз үлесін қосты.
    https://www.facebook.com/share/p/17kZ5KsFkZ/

    “Шу аруы – 2026” байқауы

    8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған “Шу аруы – 2026” байқауы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Бұл шара ауданымыздағы қыздардың шығармашылық қабілеті мен талантын көрсетуге арналған дәстүрлі мерекелік іс-шараға айналды.
    Байқауға ауданның әр мектептерінен талантты арулар қатысты. Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушысы Меліс Томирис өлеңді шебер орындап, көрермендердің жүрегін жаулап алды. Сонымен қатар, мың бұралған қыздар биімен сахнаға әсемдік қосып, мерекелік көңіл-күйді ерекше дәрежеге көтерді.
    Томиристің дипломға лайық өнері мен таланты – оның қажырлы еңбегі мен шығармашылыққа деген талпынысының жемісі. Бұл жеңіс әрбір жас талантқа шабыт беретін үлгі болып табылады.
    Барлық қатысушы қыздарға шығармашылық табыс, өнер жолында жаңа биіктер, жарқын және бақытты болашақ тілейміз! Ұрпақ болашағы үшін жасалып жатқан осындай шаралар әрдайым жоғары бағаланады.
    https://www.facebook.com/share/p/1ER2cMXetu/

    «ProEco» байқауындағы жеңіс!

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсына қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті! 
    2026 жылғы 27 ақпанда өткен аудандық шарада біздің оқушылар белсенділік танытып, ғылыми жобаларын сәтті қорғап, жүлделі ІІІ орын иеленді! 
    Жетекшісі: Д. Абдрахманова
    Оқушыларымыздың ізденімпаздығы мен жетекшінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі – осы тамаша жетістік!
    Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, экологиялық идеяларымен елімізді танытатынына сенеміз!
    https://www.facebook.com/share/p/18HPArNTB7/

    «Ана тілім» атты аудандық байқау

    «Ана тілім» – рухани мұрамыздың алтын қазығы.
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушысы Меліс Томирис мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, рухани бірлікті нығайту мақсатында өткен «Ана тілім» атты аудандық байқауға белсене қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
    Аталған байқау «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыру аясында және қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
    Ана тілінің қадір-қасиетін ұлықтап, сөз өнерінің құдіретін сезіне білген жас ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі. Томиристің белсенділігі мен шығармашылық ізденісі көпке үлгі.
    Жас дарынға шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!
    https://www.facebook.com/share/p/1AypRaNLcB/

    «Сөз бен саз» өнер байқауы

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Қалығұл Інжу аудандық «Сөз бен саз» өнер байқауында тамаша өнер көрсетіп, «Жас дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Бұл – оқушымыздың таланты мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауда Інжудің жетістігі – баршамыз үшін зор мақтаныш. Осындай дарынды да өнерлі шәкірттеріміз ауданымыздың мәдени өміріне белсенді үлес қосып, болашақта үлкен сахналардан көрінеді деген сенімдеміз.
    Қалығұл Інжуге шығармашылық шабыт, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Ұстаздары мен ата-анасына алғысымызды білдіреміз!
    https://www.facebook.com/share/p/1UQHFmgRVA/

    «Profi-Fest: Болашаққа бағыт» кәсіби шеберлік байқауы

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебі білім алушысы Каримова Айша №10 Шу колледжінде өткен «Profi-Fest: Болашаққа бағыт» кәсіби шеберлік байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. 
    Сонымен қатар, байқауда:
    Шынболат Зере – «Ұқыпты наубайшы» номинациясы бойынша
    Әнепия Адиля – «Креативті дизайнер» номинациясы бойынша
    Алғыс хаттармен марапатталды.
    Жетекшісі: Акимова Н.
    Оқушыларымыздың жетістіктері – тынымсыз еңбектің, ізденістің және сапалы білімнің нәтижесі. Жас дарындарға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! 
    https://www.facebook.com/share/p/17JHiwsEku/

    Терең тарихтан — жарқын болашаққа

    «Терең тарихтан — жарқын болашаққа» атты аудандық байқауда жетістік!
    Ұлттың ұлы перзенті, ғалым, ағартушы Шоқан Уалихановтың 190 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық «Терең тарихтан — жарқын болашаққа» атты сурет байқауында Әл-Фараби атындағы орта мектебінің талантты оқушылары тамаша нәтиже көрсетті.
    Төрехан Айжан — Бас жүлде
    Әділ Найля — ІІ орын иегері атанып, мектеп абыройын асқақтатты!
    Бұл жетістік – оқушыларымыздың еңбекқорлығы мен өнерге деген сүйіспеншілігінің, ұстаздардың бағыт-бағдары мен қолдауының жарқын жемісі.
    Оқушыларымыздың шығармашылық жолда шабыттары шалқып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
    https://www.facebook.com/share/p/17dZhWukkz/

    Аудандық «Ауылым – алтын бесігім» атты бейнероликтер байқауы

    ЖЕҢІСПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 
    Аудандық «Ауылым – алтын бесігім» атты бейнероликтер байқауында
    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушысы Төрехан Айжан
    III орын иеленді! 
    Жетекшісі – Тайшабарова Алия.
    Айжанның шығармашылық еңбегі мен табысы – мектеп мақтанышы!
    Оқушымызға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!
    https://www.facebook.com/share/p/1AobLcaicV/

    «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»

    Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған аудандық пікірсайыс турнирінде
    «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» тақырыбы аясында өткен додада Әл-Фараби атындағы орта мектебінің
    "Жас Алаш" фракциясы белсенді қатысып, «Үздік талпыныс» номинациясымен марапатталды!
    Бұл — оқушылардың ізденісі мен ой ұшқырлығының, сөйлеу мәдениетінің дамуының айғағы.

    Мемлекеттік тіл – менің тілім!

    5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай Шу аудандық мәдениет үйінде өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауында мектебіміздің 9-сынып оқушысы Каримова Айша жүлделі ІІ орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
    Айшаның өнерін шыңдап, бағыт-бағдар берген жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Т. Тастанбековаға алғыс айтамыз.
    Бұл жетістік – мемлекеттік тілді дәріптеудің, жастардың бойына тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттырудың айқын көрінісі.
    Оқушымызға алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз!
    https://www.facebook.com/share/p/17aZp8xQka/

    Қазақстан халқы тілдері

    5 қыркүйек "Қазақстан халқы тілдері" күні қарсаңында ұйымдастырылған "Ұлт тілінің байлығын паш етейін..." атты 4-5 сынып оқушылары арасында өткізілген мақал-мәтел сайысына Әл - Фараби атындағы орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі М.Д.Басжанова-ның жетекшілігімен қатысқан 5"ә"- сынып оқушысы Қалығұл Інжу жүлделі ІІ орынға ие болды. "Жарайсың, Інжу, қанатың талмасын көкке ұшқан қырандай".
    https://www.facebook.com/share/p/17aZp8xQka/

    Тілі бірдің – тілегі бір

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөліміне қарасты Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Каримова Айша Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткен өзге ұлт өкілдері арасындағы «Тілі бірдің – тілегі бір» атты мәнерлеп оқу байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
    Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тастанбекова Б.Т.
    Айшаның бұл жетістігі – еңбектің, ізденістің және ұстаз еңбегінің жемісі. Құттықтаймыз! 🎉👏
    https://www.facebook.com/share/p/1CjwJZvqtN/

    Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған "Язык – основа дружбы" атты аудандық эссе байқауы

    ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
    Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған "Язык – основа дружбы" атты аудандық эссе байқауында Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бадырова Дельша жүлделі І орынға ие болды! Дельшаның эссесінде еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық, өзара түсіністік пен құрмет, сондай-ақ, тілдің қоғамдағы біріктіруші рөлі терең әрі шынайы сипатталған. Жас қаламгердің бұл еңбегі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
    Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда әртүрлі мәдениет пен тіл өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. Осы тұрғыда тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттар арасындағы достық көпірі екенін ұмытпауымыз керек.
    Бадырова Дельшаны шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен толағай жеңістер тілейміз!
    https://www.facebook.com/share/p/17DvnSZHQ9/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Әбдіжамал Макпал тоғызқұмалақтан Жамбыл облысына еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Жұманұлы Сыздықовтың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей ашық турнирге қатысып, ІІІ-орын иеленді!

    🏆 Қуанышты жаңалық!
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Әбдіжамал Макпал тоғызқұмалақтан Жамбыл облысына еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Жұманұлы Сыздықовтың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей ашық турнирге қатысып, ІІІ-орын иеленді!
    Бұл турнир Елтай Жұманұлының спорттағы қажырлы еңбегіне құрмет көрсету мақсатында өтті. Әбдіжамал Макпалдың үздік өнер көрсетуі – ауданымыздың тоғызқұмалақ спортының дамып, жаңа белестерді бағындыруының айқын дәлелі.
    🎉 Құттықтаймыз! Әбдіжамал Макпалға алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз! Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңізге күш-қуат, отбасылық бақыт пен денсаулық тілейміз! Спорттағы және өмірдегі жаңа жетістіктеріңіз мол болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/18nYHwf1Az/

    Шу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары белсенділік танытты.

    "Кітап – өркениеттің елшісі" атты буккроссинг жобасы
    Шу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары белсенділік танытты.
    5 "Ә" сынып оқушысы Әуесбек Аңсар мен 8 "Ә" сынып оқушысы Рыстай Елнұр аталған іс-шараға қатысып, дипломмен марапатталды.
    Оқушыларымыздың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына жол ашқан мектеп кітапханасының меңгерушісі Акимова Науат Шәймерденқызы аталмыш жобаға белсене атсалысып, шәкірттерді дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
    Оқушыларымыз бен жетекшімізді шын жүректен құттықтаймыз!
    Кітап – білім мен мәдениеттің қайнар көзі. Осындай жобалар жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани байлығын толықтырады.
    https://www.facebook.com/share/p/1A1TjuZDMN/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы облыстық деңгейде өткен «Алау» әскери-патриоттық ойындарында ерекше белсенділік танытып, I орынды жеңіп алды!

    🎖️ ЖЕҢІС ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАС САРБАЗДАР! 🇰🇿
    Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы облыстық деңгейде өткен «Алау» әскери-патриоттық ойындарында ерекше белсенділік танытып, I орынды жеңіп алды! 🏆 Бұл жеңіс – жас буынның елге, Отанға деген сүйіспеншілігінің, батылдығы мен ұйымшылдығының нақты дәлелі.
    Оқушыларымыз саптық дайындық, әскери эстафета, алғашқы көмек көрсету, әскери-тарихи білім, қаруды шашып-жинау сынды бірнеше кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл жеңістің артында тынымсыз дайындық пен үйлесімді еңбектің тұрғаны сөзсіз.
    Команданың табысты өнер көрсетуіне үлкен үлес қосқан жетекшісі – Ақжігітов Береке Сағатович. Ол жылдар бойы мектеп қабырғасында әскери-патриоттық тәрбиеге айрықша көңіл бөліп, шәкірттерін тек жарысқа емес, болашақ өмірге де дайындап келеді. Ұстаздың қажырлы еңбегі мен шәкірттердің қайтпас жігері осындай биік нәтижеге жеткізді.
    Мектебіміздің жас сарбаздары – ел ертеңінің қорғаны, нағыз патриот жастар! Бұл жетістік – бүкіл ұжымның, ата-аналардың және әрбір шәкірттің ортақ қуанышы. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
    https://www.facebook.com/share/p/19CPL5uWM8/

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары "Жол қозғалыс инспекторы" атты аудандық байқауға қатысып, III-орын иеленді!

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары "Жол қозғалыс инспекторы" атты аудандық байқауға қатысып, III-орын иеленді!
    Бұл байқау – жол қозғалысы ережелерін насихаттау, оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және тәртіпке баулу мақсатында ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі.
    Мектебіміздің жас жол инспекторлары өз білімдерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
    Оқушыларымыздың бұл жетістігі – ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің, сондай-ақ балалардың тынымсыз дайындығының жемісі.
    Барша команда мүшелерін және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз жалғаса берсін, биіктерден көріне беріңіздер!
    https://www.facebook.com/share/p/1C36fCswyK/

    ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 33 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған аймақтық “Сапта жүріп ән айту” байқауы өтті.

    ЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА және ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ 33 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған аймақтық “Сапта жүріп ән айту” байқауы өтті.
    Байқауға 8 мектеп қатысты:
    1. Абай атындағы орта мектебі
    2. Әл-Фараби атындағы орта мектебі
    3. Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп- гимназиясы
    4. Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі
    5. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі
    6. М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебі
    7. Мойынқұм орта мектебі.
    8. Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі
    Байқаудын қортындысы бойынша:

    4 сәуір күні Шу ауданы білім бөлімі"Дармарка - заттарға екінші өмір сыйла"атты аудандық акция ұйымдастырды.

    4 сәуір күні Шу ауданы білім бөлімі"Дармарка - заттарға екінші өмір сыйла"атты аудандық акция ұйымдастырды.Осы акцияға Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 8-А сынып оқушысы Давыдова Фарида, 3-Б сынып оқушысы Давыдова Ливана қатысып,Алғыс хатпен марапатталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1713204872737934/?rdid=zZRdI9H3z5a7Urxm&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1ABrBeTrmJ%2F#

    8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Ана - өмірдегі ұлы есім!" атты ертеңгілік өткізілді.

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл -Фараби атындағы орта мектебінің 2 "ә" және 3"ә"сынып жетекшілері Асанова Б С. мен Акжаргакова Ж.Н. 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Ана - өмірдегі ұлы есім!" атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты:оқушыларды аналарды құрметтеуге,ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу;оқушылардың тіл байлығын ,ойлау қабілеттерін дамыту.Эстетика - этикалық әдептерді жетілдіру. 8- наурыз- халықаралық әйелдер күні.Тіршілікке нәр берген- ана сүті қандай құдіретті!Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,күш береді, рухтандырады. Осы әдемі көктемнің шуақты күніне оқушылар өздерінің өнерлерін тарту етті Ән айтып ,би биледі.Оқушылар еңбек сабағында өз қолымен жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлады Аналар- балаларының ыстық ықыласына бөленді.
    Ана - өмір қолдаушысы әлемнің,
    Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
    Сейілмесін жанарынан ананың,
    Тіршілікке төккен нұрлы шуағы!
    Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дамиды. Аналарымыз аман болсын!
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1692075958184159/?rdid=1rCVcF9onDUDmGnp&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F15ofnCUCcW%2F#

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен аудандық " Eco-Volonter" атты экологиялық байқау өтті.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен аудандық " Eco-Volonter" атты экологиялық байқау өтті.
    Бұл байқау оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған.
    Біздің мектебімізден "Жас Өркен" тобы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Ана-күн шуағы" атты сурет байқауын өткізді.

    Әл-Фараби атындағы орта мектебінің педагог- ұйымдастырушысы Бакбергенова Г.Б.
    Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Ана-күн шуағы" атты сурет байқауын өткізді.
    Мақсаты: балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.Жақсы, әдемі шыққан жұмыстары іріктеліп алынып, марапатталды.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1692059978185757/?rdid=pUKOOVX56t7uNyzI&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F18Ku586xYM%2F#

    4- ақпан күні оқушысы Мухаметов Али анасымен аудандық «Шебер әке, өнерлі ана, еғбекқор бала» бауқауынан жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыс көлеміне өтті

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 0 "А" сынып жетекгісі Мырзаханова Ж.С. 4- ақпан күні оқушысы Мухаметов Али анасымен аудандық «Шебер әке, өнерлі ана, еғбекқор бала» бауқауынан жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыс көлеміне өтті.
    https://www.facebook.com/groups/358791214845980/permalink/1692030618188693/?rdid=uw1l7ubChgLzafRq&share_url=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fshare%2Fp%2F1BQXbPDjRV%2F#

    Шу ауданы білім бөлімінің аудандық "Заң және тәртіп " айлығы аясында өткізілген "Заңға құрмет- тәртіп кепілі" тақырыбындағы үздік эссе жазу байқауында 8-сынып оқушысы Шора Ақбота ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Жамбыл облысы Шу ауданы білім бөлімінің аудандық "Заң және тәртіп " айлығы аясында өткізілген "Заңға құрмет- тәртіп кепілі" тақырыбындағы үздік эссе жазу байқауында 8-сынып оқушысы Шора Ақбота ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру