Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Статьи

    Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған мазмұнды конференция өтті.

    2025-12-12
    Тәуелсіздік күніне орай «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 5, 8–9 қазақ сыныптарының қатысуымен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған мазмұнды конференция өтті. Іс-шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуді көздеді.
    Конференция барысында сынып жетекшілері Б.Тастанбекова, Г.Кашкинбаева, М.Басжанова құқықтық тәрбиенің маңыздылығын атап өтіп, оқушыларды азаматтық жауапкершілікке үндеді.
    5-сынып оқушылары тақырыпқа сай өздері дайындаған макеттерін таныстырып, жұмыстарын қорғады. Олар құқықтық нормаларды көрнекілік арқылы түсіндіре отырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
    8-сынып оқушылары қатысушыларды Ата Заңымыздың негізгі баптарымен таныстырып, Конституцияның әрбір азамат үшін маңызын ашып көрсетті.
    9-сынып оқушылары Шынболат Зере мен Рыстай Елнұр мазмұнды баяндамалар оқып, құқықтық мәдениеттің қоғам үшін маңызын жан-жақты талдады. Сонымен қатар, 9-сынып оқушысы Әнепия Адиля жастар арасындағы құқықтық сауаттылық туралы арнайы презентация дайындап, өз замандастарына құқықтық білімнің қажеттілігін түсіндірді.
    Басқа оқушылар да тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, заңды сақтау, құқықтық жауапкершілік пен азаматтық ұстаным жайында ой қозғады.
    Тарих пәнінің мұғалімі, сарапшы А.Тайшабарова оқушылардың ойларын талдап, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда отбасы мен білім ордасының рөліне тоқталды.
    Осындай тағылымды шаралар жас буынның құқықтық сауатын арттырып, еліміздің болашағына жауапты, саналы әрі адал азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
    Шу Білім Бөлімі


    «Тәртіпті елдің мұрасы мәңгі» тақырыбында мұражайға саяхат ұйымдастырды.

    2025-12-12
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Т.А.Джобалаева,Г.Т.Касымбекова 1ә,2 ә- сынып оқушыларымен тәуелсіздік күніне орай «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Тәртіпті елдің мұрасы мәңгі» тақырыбында мұражайға саяхат ұйымдастырды.
    Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, ұлттық тарихи-мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыру және өз елінің тәуелсіздігі мен өткеніне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.Саяхат барысында оқушылар мұражайдың түрлі бөлімдерін аралап, Қазақстанның тарихы, тәуелсіздікке қол жеткізу жолы, ұлттық құндылықтар, батырлар мен қайраткерлердің өмірі жайлы мол мәлімет алды. Жәдігерлердің әрқайсысына заңмен қорғалатын ерекше құндылық ретінде қарау туралы түсінік берілді.Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының негізгі бағыттарымен ұштастырылды:
    Заңға құрмет – мұражайдағы тәртіп ережелерін сақтау, мәдениеттілік таныту;
    Адалдық пен жауапкершілік – тарихи мұраға ұқыпты қарау, әр экспонаттың маңызын түсіну;
    Азаматтық ұстаным қалыптастыру – тәуелсіз елдің болашағы өз тарихын құрметтейтін жас ұрпақ екендігін ұғындыру.
    Саяхат оқушыларға
    заң мен тәртіпті сақтаудың маңызын,
    қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау ережелерін,
    тәуелсіздік тарихын тереңірек түсінуді,
    ел мұраларын қорғаудың азаматтық міндет екенін түсінуге ықпал етті.
    «Тәртіпті елдің мұрасы мәңгі»тақырыбындағы мұражайға саяхат оқушылар үшін танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болды. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген бұл саяхат жас буынның патриоттық сезімін арттырып, құқықтық және рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етті.
     

    "Адал болу- арлы болу" тақырыбында сынып сағатын өткізді

    2025-12-10

    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джобалаева Т.А.1 "ә" сынып оқушыларымен "Адал болу- арлы болу" тақырыбында сынып сағатын өткізді.Мақсаты: оқушыларды адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу;
    сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру;
    жемқорлықтың алдын алу, пара бермеу және пара алмау мәдениетін қалыптастыру;
    заңға бағынатын, әділдікке сүйенетін азамат болуға баулу.
    Сынып сағатында «Адал болу – арлы болу» тақырыбын аша отырып, адалдықтың адамның ең басты қасиеттерінің бірі екені түсіндірілді.
    «Адалдық жоқ жерде даму болмайды», «Ар – адамдықтың өлшемі» деген нақыл сөздер талқыланды.
    Оқушыларға «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мағынасы түсіндірілді:
    – пара беру,
    – пара алу,
    – қызмет бабын теріс пайдалану,
    – әділетсіз шешім қабылдау.
    Оқушылармен бірге оның қоғамға әкелетін зардаптары айтылды: сенімсіздік, әділетсіздік.
    Оқушыларға «Неліктен адал болу әр азамат үшін маңызды?» деген сұрақ қойылды.Топтық жұмыста
    параққа адал адамға тән қасиеттерді жазып, постер дайындады:
    әділ,шыншыл,жауапты,
    уәдесіне берік,ешкімнің ақысын жемеу.
    Сынып сағаты оқушылардың адамгершілік түсінігін кеңейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастырды. Оқушылар адал болудың қоғам дамуы үшін маңызды екенін түсінді және өз өмірінде әділдікке сүйенуге уәде берді.





    "Заң және тәртіп" айы аясында «Адалдық – мейірімділік шыңы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.

    2026-01-14
    Жамбыл облысы білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде қаңтар айында "Заң және тәртіп" айы аясында «Адалдық – мейірімділік шыңы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
    Іс-шараға «Адал ұрпақ» клубының мүшелері, мектеп инспекторы және ДҚТІЖО М. Басжанова қатысып, оқушыларға адалдық, адамгершілік, құқықтық сауаттылық және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мұндай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

    " Мен өз құқығымды білемін" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

    2026-01-26
    Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 4 "ә"сынып жетекшісі Асанова Б.С 26.01.2025 ж ." Мен өз құқығымды білемін" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.-Мақсаты: адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
    балаларды заманауи технологиялармен, атап айтқанда алаяқтық үшін жасанды интеллектті қолданумен байланысты тәуекелдерді түсінуге үйрету және күдікті қоңыраулар алған кезде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
    1. Заңдарға бағыну.
    Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу Қаржы, салық байлықтарды сақтау.
    Ата – аналардың балаларына қамқорлығы жайлы түсінік берілді.
    «Сәйкестендіру» ойыны ойнатылды..Сұрақ-жауап:
    Заң не үшін керек?
    Өз құқығыңды қалай қорғауға болады?
    Заңды білу – өз құқығыңды қорғау!
     

    «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

    2026-02-06
    «Адал азамат» бағдарламасы аясында ата-аналарды қолдау орталығында 5–9 қазақ сыныптарының ата-аналарына арналған «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
    Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғауда отбасының рөлін күшейту, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту және жеке шекараны құрметтеудің маңызын түсіндіру болды. Сабақ барысында ата-аналар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, балаға қолдау көрсету мен ашық диалог орнатудың тиімді тәсілдері жөнінде мағлұмат алды.
    Кездесу барысында ата-аналар өзара пікір алмасып, түрлі өмірлік жағдаяттар арқылы бала тәрбиесіндегі сенім, түсіністік пен құрмет құндылықтарының маңызы талқыланды. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықтың бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі атап өтілді.
    Шара соңында ата-аналар балаға мейірім мен қолдау көрсету, оның жеке шекарасына құрметпен қарау – жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың басты негізі екені жөнінде ортақ пікірге келді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – адал қоғам үшін!

    2026-01-15
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – адал қоғам үшін!
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау мақсатында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик түсірілді.
    Бейнеролик барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін, оның болашақ ұрпаққа келтірер зиянын көркем әрі түсінікті түрде жеткізді. Жас жеткіншектер адал еңбек, әділ шешім қабылдау, заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың басты міндеті екенін көрсете білді.
    Бұл бейнеролик оқушыларды адал азамат болуға, кез келген заңсыз әрекетке төзбеушілік танытуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейді.
    Мектеп парламентінің бастамасы жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік, әділдік сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру