Шу ауданы білім бөлімінің Әл-Фараби атындағы орта мектебінде
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды!
Мектеп ұжымы мен оқушылар бірігіп, күзгі ауа райының қолайлы сәтін пайдаланып, мектеп ауласында ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл игі бастама — табиғатты аялауға, экологиялық сана қалыптастыруға бағытталған.
«Таза табиғат – таза болашақ!» ұранымен өткен бұл шара оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызын ұғындырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты табиғатты қадірлеуге, көгалдандыру мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.
Жасыл желек – жарқын болашақ кепілі.
Бір тал кессең, он тал ек!
Табиғат – тіршілік бесігі.