«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау»
Мектепте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі талдау жүргізіледі. Бұл бөлімде мектеп директорының бұйрығы, жұмыс тобының құрамы, әдістемелік негіздер, талдау жоспары мен қорытындылары, сондай-ақ тәуекелдерді болдырмау бойынша іс-шаралар жоспары жарияланады.
Ата-аналарға және оқушыларға арналған хабарлама
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Біздің мектеп сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне қарсы. Сіздер мектеп өмірінде әділетсіздік, парақорлық немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қандай да бір көрінісін байқасаңыздар, бізбен ашық байланыс орната аласыздар.
Басжанова Мөлдір Доғдырбайқызы, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 📞 Телефон: +7 7475955385 ✉ Email: alfarabishy@yandex.kz
Сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңіз мектептің әділ әрі ашық жұмыс істеуіне көмектеседі.
Қысқаша ақпарат (құжаттар бетіндегі сілтемелер үшін)
5 «А» - сынып оқушыларымен «Тәртіп – тәрбиенің бастауы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты – оқушыларға тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, жауапкершілік пен өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту. Сынып сағаты барысында балалар тәртіптің не екенін, оның өмірдегі рөлі мен маңызын талқылады. Түрлі ойындар мен мысалдар арқылы олар өз мінез-құлқын саралап, дұрыс шешім қабылдауды және өз іс-әрекеттерінің салдарын түсінуді үйренді.Сынып сағаты қызықты әрі пайдалы өтті. Оқушылар тәртіптің – жай ғана ережелер жиынтығы емес, табысты, ұйымдасқан және құрметке лайықты тұлға болудың маңызды қадамы екенін түсінді.
https://www.facebook.com/share/v/1C98gWWgyo/